«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова


ДЗЮДО КҮРЕСІНДЕГІ ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет96/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

ДЗЮДО КҮРЕСІНДЕГІ ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ
Малиев Б.Б. 
Ғылыми жетекші: Жүнісбек Д.Н. 
Аманжолов университеті, Өскемен қ., Қазақстан 
e-mail:
 
maliyev.bayandy@mail.ru 
Қазіргі таңда спорт психологиясы саласында спортшылардың жоғары спорт 
жетістіктеріне жету, жаттықтырушылар мен оқытушылардың біліктілігін 
жоғарылатуға бағытталған спорттық жарыстарда психологиялық ілеспе 
дайындығы, жарыстар және жаттығу сабақтары кезінде қиын және даулы 
жағдайларды шешу, әр түрлі спорт түрлерінде ұжымды қалыптастыру дағдысына 
жаттықтырушыларды үйрету, мінез-құлқын қалыптастыру мәселелері бойынша 
білімдерді жетілдіру маңызды мәселеге айналып отыр. 
Жоғары жетістіктер спортында табысқа жету үшін психологиялық дайындық 
мәселесі аса маңызды бола бастады, жарыстарда, басқа да жағдайларда тек 


287 
спортшыдан қажырлы күш-жігерді талап етіп қана қоймай, сонымен қатар 
жаттықтырушының да бар көңілін аударып, бар жігерін салуды, тұлғаның ішкі 
резервтерін ашуды талап етеді. Қарқынды және үйлесімді даму үшін жаңа 
ресурстарды іздеу, спортты әрі қарай жетілдіруді үдету мәселесі тұрады. 
Жарыс жағдайында жаттықтырушының міндетіспортшының тиімді әрекет 
етуін қамтамасыз ететін қӛңіл-күйін қолдап қана қою емес, сонымен қатар 
спортшының экстремалдық жағдай кезінде туындауы мүмкін жағымсыз 
психикалық жағдайын жедел реттейтін тәсілдерді қолдануға дайын болу. 
Басқару әрекетін таңдау кезінде жаттықтырушы спортшының жоспарланған 
жарыс нәтижесінежетуге деген талабының зорлығын және сол нәтижеге қол жеткізу 
мүмкіндігін бағалай білуі сияқты психологиялық дайындығын кӛрсететін маңызды 
факторды ескереді. Сондықтан да талаптың күштілігі мен жеңіске жету мүмкіндігін 
бағалай білуді реттей отырып, жаттықтырушы жарыс кезіндегі спортшының 
психологиялық жағдайын оңтайландыра алады. 
Секундтау (көмек көрсету) психологиясы 
Спортшының жарыстық іс-әрекетін басқаруда ерекше маңызы бар нәрсе 
жаттықтырушының сөзбен әсер етуі – секундтау (көмек көрсету). 
Секундтау жекпе-жекте маңызды орын алады, ол төмендегідей тұрғыда 
көрінеді: 
– қарсыласы туралы ақпарат (егер ол таныс болса оның бүгінгі жағдайы 
туралы ақпарат); спортшымен оның қарсыласының бүгінгі жағдайымен салыстыра 
талдау (сол қарсыласпен сәтті және сәтсіз тартыс тәжрибесі жайындағы талдау); 
– спортшының физикалық, психологиялық жағдайын алдыда болатын 
сайыстың барлық жағдаяттарын ескере отырып талдау; 
– осы қарсыласқа қарсы қолданылатын тиімді құралдарды ұсыну; 
– сайыстың шындыққа жақын ағымын және әр түрлі өзгерістер кезіндегі әдіс-
тәсілдердің мінез-құлқын қарастыру; 
– спортшының қарсылас пен алдыдағы сайысқа эмоционалдық қатынасын 
қалыптастыру; 
– сөзсіз сәтті аяқталуға тиісті алдыдағы сайысқа деген қатынасты 
қалыптастыру; 
– сайысқа психологиялық дайындықты қалаптастыру; 
Секундтау әдетте екі түрлі қалыпта жүргізіледі: сайыс алдындағы спортшыға 
берілетін кеңес-нұсқау түрі, сайыс үстінде, спортшының белсенді іс-әрекеті кезінде 
берілетін кеңес-көмек түрі. 
Кеңес-нұсқау көбінесе мынандай мақсатты көздейді: алдағы сайысқа деген 
спортшының жағымды қатынасы, оған қатысуға деген тілек, өз күшіне сенімді 
бекіту, белсенді іс-әрекетке жұмылдыру. 
Жаттықтырушы өз сөздерінің сайыс кезінде спортшыға үлкен әсер ететінін 
ескеруі керек. 
Әйтпесе, ақыл-кеңес жарыс алдындағы жағыдаймен қабаттасып, оңтайлы 
деңгейден асыра желіктіріп жіберуі, немесе, керісінше, күйгелектік тудырып, старт 
алдындағы асып-сасу мен енжарлыққа соқтыруы мүмкін. 
Жаттықтырушының спортшыны сақ болуға шақырған кеңестері («Мұқият 
бол», «Байқа, түсіп қалма», «Асықпа т.б») бір жағынан сайысты мұқият, ойластыра 


288 
жүргізуді қамтамасыз етсе, екінші жағынан күдік тудырып, жеңіске жету 
мүмкіндігін субьективті бағалауды төмендетуге, «Жеңіске жету» 
қағидасын «Жеңіліп қалма» қағидасымен алмастырып жіберуі мүмкін. Кейбір 
жаттықтырушылар спортшының мұқияттығы мен байқампаздығын көтеріп, 
«мобильдеуді» көздей отырып, қарсыласының күшін атап көрсете: «Байқа, ол өте 
қу», «Онымен ерекше сақ болу керек», «Оның техникасы өте күшті» т.б. кеңестер 
береді. Мұндай кеңестер спортшыны әрқашан жеңіске жетелемейді [1, 3-4 б.].
Дзюдо бойынша жаттықтырушының кәсіби қызметін қарастыра отырып
келесідей блоктарды бөліп алу қажет:
- ұйымдастырушылық, оқыту (білім беру); 
- әдістемелік; 
- насихатшылдық; 
- сауықтыру және қоғамдық-саяси; 
Жаттықтырушының ұйымдастыру блогы қызметіне көптеген мәселелерді 
шешу кіреді: оқу-жаттығу қызметін қаржыландырудан бастап зал құрылысы
қаладан тыс жерлердегі базалар, материалдық-техникалық қамтамасыз етуге дейін. 
Сонымен қатар, спорт мектептері жүйесін, жалпы және арнаулы білім беру жүйесін 
(мектеп-колледж-жоғары оқу орыны - магистратура − аспирантура − докторантура) 
құру да маңызды. Жоғары білікті балуандарды дайындау міндетін тиімді шешу 
үшін қолайлы жағдай туғызуға ықпал етеді.
Жаттықтырушының оқыту әрекеті блогы разрядты спортшыларды, 
қоғамдық-жаттықтырушыларды 
және 
төрешілерді 
дайындаудан 
тұрады. 
Жаттықтырушының әдістемелік жұмыстары блогы балуандардың адамгершілік, 
зияткерлік, 
эстетикалық, 
ерік, 
техникалық, 
стратегиялық-техникалық 
дайындықтарын дамытуға бағытталған.
Жаттықтырушының насихаттау қызметі блогы жарыстарды ұйымдастыру 
және өткізу, көрсеткіштер, сонымен қатар БАҚ баспасөз конференцияларын 
ұйымдастыру және өткізумен байланысты. Жаттықтырушының сауықтыру қызметі 
блогы тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту, дене бітімдерін қалыптастыру, 
кондициялық қасиеттерін (төзімділік, икемділік, күштілік және т.б.) жетілдіруге 
бағытталған.
Жаттықтырушының қоғамдық-саяси қызметі блогы – бұл аймақтық 
федерациялар мен қоғамдық ұйымдардың жұмыстарына қатысу, федерация 
басшылығының жекелеген тапсырмаларын орындау. Осы блоктардың барлығы 
жаттықтырушының кәсіби қызметінің үлгісін құра отырып, жаттықтырушы 
кадрларды даярлау және қайта даярлау үшін оқу пәндері мен оқу 
бағдарламаларының мазмұны негіздерін құрайды [ 2, 53–61 б. ]. 
Дзюдодағы жаттықтырушының негізгі қызметтеріне тоқталсақ: 
1. Техникалық-тактикалық дайындықтарын басқару. 
Спортшылардың техникалық-тактикалық дайындықтары көп жылғы 
жаттығулар арқылы жүзеге асырылады. Осы уқыт ішінде жаттықтырушы техника 
бірліктерін, стратегия мен тактикаларды, жекпе-жекті жүргізу шеберліктерін 
үйрену және жетілдіруді пайдалана отырып, біртіндеп жеке бағдарламалар құрады 
(немесе оқушылар тобына арналған бағдарламалар) [3].
Осы мақсатта келесідей әдістер қолданылады:


289 
- кейіннен техникалық-тактикалық шеберліктің нақты жақтарын сипаттайтын 
түрлі критерияларды есепке ала отырып, жаттығу және жарыс жекпе-жектерін 
таңбалап немесе стенографиялық жазып алу;
- шабуылдау, байланыс және қорғаныш әрекетерінің орындалу сапасына 
бақылау жасау; 
-жекелеген техникалық-тактикалық әрекеттердің түрлі уақыт, кеңістік, күш 
және ырғақ сипаттарын және олардың комбинациясын бағалау және өлшеу.
2. Жеке кәсіби және мәдени деңгейлерін арттыру. 
Жаттықтырушы қызметінің бұл қызметі «білімділік», «мәдени деңгейі», «өз 
білімін жетілдіру», «өзін-өзі тәрбиелеу», «дамыту», «өзін-өзі дамыту» және басқа 
ұғымдардың анықтамасымен тығыз байланысты. Жаттықтырушы өз білімін үнемі 
жетілдіру, білімін жинақтау арқылы біртіндеп өзін тек жаттықтырушы-практик 
ретінде ғана емес, сонымен бірге жаңашыл жаттықтырушы ретінде де жаңа 
қырынан тани бастайды, бұл жаттығуларды түрлендіруге, оқушылардың сабаққа 
қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.
3. Ұжымда тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
Ол 
спортшылардың 
адамгершілік, 
зияткерлік 
және 
эстетикалық 
дайындықтары міндетін шешуден тұрады. Жаттықтырушы қызметінің бұл 
функциясы ең қиын функциялардың бірі болып есептеледі, себебі ол 
тәрбиеленушілердің дүниетанымдарын, сүйіспеншіліктерін, еңбексүйгіштіктерін, 
патриоттық сезімдерін, интернационализм, жолдастық, азаматтық жауапкершілік 
сезімдерін қалыптастыруға бағытталған.
4. Балуандардың дайындық барысын жоспарлау.
Жоспарлау болжамы негізінде төртжылдық, жылдық, макро-, мезо- және 
микроциклдар дайындалады. Жаттықтыру жылының жоспары аса маңызды. Оны 
дайындау спорттық-көпшілік іс-шаралар күнтізбесі, көптеген ілеспелі факторлар 
мен спорт қызметі шарттарын есепке алумен байланысты [ 4].
5. Балуандардың ерікті дайындықтарын басқару. 
Балуанның ерік дайындығын оның техникалық-тактикалық және физикалық 
дайындықтарының идеологиялық күйі ретінде анықтауға болады. Сондықтан көп 
жылғы жаттығу барысында, физикалық мүмкіндіктерінің өсуі, техника, тактиканы 
меңгеру деңгейімен бірге балуанның ерік қасиеттерін дамыту деңгейі де өседі. 
Ерік дайындықтарын дамытудың маңызды бағыты спортшыларда табысқа, 
жеңіске жетуге сенімділікті, жаттықтырушыға сенімін, жаттығу бағдарламаларына 
сенімін тәрбиелеу болып табылады.
6. Спортшылардың жаттығу жағдайы мен спорттық қызметтеріне бақылау 
жасау.
Бақылау нәтижелері жоспарланған және нақты жүктемелерді (олардың 
көлемін, бағыттылығын, қозғалысын), сонымен бірге балуанның жаттығу жағдайын 
салыстыруға мүмкіндік береді. Алынған мәліметтерге сәйкес жатықтырушы 
жаттығу бағдарламалары мен жекелеген тапырмаларға түзетулер енгізеді
7. Балуандардың дене шынықтыру дайындықтарын басқару.
Жаттықтырушы қызметінің бұл функциясы оның жекпе-жектің медико-
биологиялық негіздері саласында терең білімінің болуын талап етеді. Себебі 
жаттықтырушыға спортшының дене бітімін қалыптастыра отырып және спорттық 


290 
шеберлігінің кондиционды бөліктерін (жылдамдық-күштілік қасиеттері, төзімділік, 
икемділік және т.б.) жетілдіре отырып, оның денсаулығын нығайтумен 
айналысатындықтан, оған спорттық медицинамен байланысты көптеген 
мәселелерді шешу, түрлі аурулардың жүрісі, мүмкін болатын аурулар туралы 
түсінігінің болуы, жарақат алу себептерін және басқаларды білуі қажет
8. Балуанның жарыс әрекеттерін басқару. Ол спортшыларға жарыс алдындағы 
кезеңде және жарыс өткізу барысында көмек көрсетуден тұрады. 
Жаттықтырушының басты қамқорлығы – спортшының жаттыққандығы 
жағдайына, оның салмақ режиміне, ұйқысына, тамақтануына бақылауды жүзеге 
асыру, жарысты жүргізу барысында спортшының тактикасы мен стратегиясы 
мәселелерін дайындау, спортшының жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруін 
қадағалау, жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру және жүргізуіне қамқорлық 
жасау, әрбір жекпе-жектің тактикалық жоспарын жасауға көмек көрсету, 
ширығуына көмектесу, жекпе-жекке дайындау, оның барысын қадағалау, 
нәтижелерін талдау, қарсыластың жекпе-жектерін қарау, төрешінің жұмыс 
ерекшеліктеріне талдау жасау және т.б.
9. Спорттық іріктеулерді жүргізу.
Іріктеуді дұрыс жүргізу кезінде дарынды және тәрбиелі көрнекті 
спортшыларды тарту мүмкіндігі артады. Жаттықтырушы қызметінің бұл 
функциясы үш өзара шарттастырылған, бірақ біршама дербес бөліктерден тұрады:
1) балалардың спорттық бағдарларын анықтау немесе бастапқы іріктеу;
2) құрама командаға кандидаттарды іріктеу;
3) құрама командаларды жинақтау. Жаттықтырушы қатысушыларды іріктеу 
және команданы жинақтаумен айналыса отырып, іріктелушілердің талабы мен 
қабілеттіліктерін, дәйектілігін, немесе спорт жекпе-жегінің осы түрімен айналысуға 
ынтасының болуын және т.б. ескереді.
10. Спортшының жұмысқа қабілеттілігін арттыру және қалпына келтіру. 
Бұл ретте жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіретін және арттыратын 
психореттеуші, механикалық, температура, электр, дәрі-дәрмектер және басқа да 
процедуралар аса пайдалы. Жаттықтырушы энергетикалық қамтамасыз етудің 
аэробты және анаэробты процесстерін аса тиімді жетілдіруге ықпал ететін және 
түрлі бағыттағы жаттығу сабақтарынан кейін жұмысқа қабілеттіліктерін қалпына 
келтіруге көмектесетін сергітетін құралдарды білуге және қолдана білуге міндетті.
11. Алғашқы көмек көрсету.
Спорттық жекпе-жекпен айналысу сабақтары кейде денсаулық нормаларынан 
ауытқушылықтармен өтіп жатады: қатты жүктемелік кезіндегі есеңгіреу 
жағдайынан, қылғындыру тәсілдері кезінде есінен тану, кейбір бұлшық еттерінің 
тырысып қалуы, қан ағуы, түрлі жарақаттар алу (сыну, шығу, ми шайқалуы) және 
т.б. жаттықтырушы күтпеген жағдайларда алғашқы көмек көрсете білуі тиіс.
12. Жарысты ұйымдастыру. 
Жарыстар мықты тәрбиелік іс-шара болып табылады. Олар оқу-жаттығу 
процесінің қорытындысын жасайды, оның жалғасы болып табылады. 


291 
Жаттықтырушылар жарысты жүргізуге қажетті барлық байланыстарды 
қарастырады [5]. 
Жаттықтырушы - рухани биік адамгершілік қасиетке ие, зейінді ұқыпты, 
мәдениеті жоғары, спортшыларды шебер, білікті ұйымдастыра білетін адам. 
Спортқа адал, өз ісіне шын берілген, батыл ізденістер мен жаңашылдықтарға бейім, 
ұдайы мақсатқа ұмтылатын, педагогикалық еңбектің нәтижесін жүйелі түрде 
ескеріп отыратын, тәжірибелік қызметте педагогикалық идеялар мен әдістемелік 
ұсынымдарды ұтымды пайдаланатын, спортшыларды алған теориялық білімдерін 
практикада оңтайлы қолдана білуге үйрететін, орын алған педагогикалық 
жағдаяттарды саралап талдап, спортшыларға ықпал етудің анағұрлым тиімді 
жолдарын таңдай білетін білікті маман. 
Қазіргі психология, физиология, биомеханика, дәрігерлік бақылау және басқа 
да ғылымдар бойынша өте үлкен ғылыми зерттеу әлеуеттеріне сүйенген спорттық 
жетістіктер жаттықтырушы қызметін бөлуді талап етті.
Мысалы, балалармен жұмысты ұйымдастырушы-селекционердің аса мықты 
жағы балаларды өзінің табиғилығымен тарта білу, оларды патриоттық сезімдерге 
тәрбиелей отырып, топтарға бекіте білу біліктіліктері болуы тиіс.
Сонымен қатар, ұйымдастырушы-селекционер жаттықтырушы таза адами 
тұрғыдан (қамқорлық жасау, адалдық, аяушылық білдіру, қатысу) үлкен әлеуетке 
ие болуы тиіс. Сонымен бірге, балалар психологиясын, бала организмінің 
мүмкіндіктерін тамаша білуі, жүктемелерді дұрыс пайдалана білуі тиіс.
Әрбір жастың дәйегі пен ынтасы шебер, чемпион болуды армандайды. Ол 
үшін оқу-жаттығу жиындарын қамтамасыз ету, тамақтандыру, өткізу, турнирлерге 
апару қажет.
Қорыта айтқанда, жаттықтырушы тамаша психолог болуы тиіс, әйтпесе топта 
басқа жаттықтырушыға немесе тіпті жалпы спорттан кетуге дейін баратын 
түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет