40
Үміт cәулесі
өте көп. Оны оқу, тіпті тыңдаудың өзі құлшылық са-
налады.
Құран адамның материалдық науқастарымен бірге
рухани кеселдеріне де шипа екендігі жайлы:
اوُنَمآ َنيِذَّلِل َوُه
ٌءاَف ِشَو ىًدُه
«Құран – иман келтіргендер үшін шипа әрі
тура жолға салушы»
12
– дейді.
Құранның адам баласы үшін шипа екенін ардақты
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде орын алған мына
бір оқиға да қуаттай түседі. Бір күні сахабалар сапарға
шығады. Күн бата демалу үшін яһудилер тұратын бір
ауылға аялдайды. Ауыл тұрғындары келген құтты
қонақтарға аялдауға рұқсат бермей, ауылдың сыртына
шығарып жібереді. Сол арада яһудилердің көсемін шаян
шағып алады. Олар оның уын қайтару үшін қолдан кел-
ген емнің бәрін жасап баққанымен, ешқандай нәтиже
шықпайды. Сол кезде араларынан бір кісі тұрып:
– Әлгі жолаушыларға аялдауға рұқсат бергенде,
олардан бір дәрі-дәрмек шығып қалар ма еді, – деп кейіс
білдіреді. Ақылдаса келе яһудилер ауылдың шетіне
уақытша тұрақтаған әлгі сахабаларға келіп:
– Әй, жамағат! Біздің көсемімізді шаян шағып
алды. Қолымыздан
келгеннің бәрін жасадық, бірақ
ешқандай нәтиже шықпады. Сендердің қолдарыңда
бұған ем боларлық еш нәрсе жоқ па? –
деп өтініш
білдіреді.
Сахабалардың арасынан біреуі тұрып:
–
Иә, бар. Аллаға ант етемін, мен дем са-
лып емдеймін! Бірақ біз сендерге құдайы қонақ
болып барғанымызда сендер бізге жылы шырай
танытпадыңдар. Сол үшін сендер бізге ақысына бір
12
«Фуссилат» сүресі, 44-аят.
41
Үміт cәулесі
нәрсе бермейінше, мен дем салмаймын, – деп шарт
қояды.
Яһудилер мұның ақысына біршама қой беруге сөз
береді. Әлгі сахаба барып, шаян шаққан яһудиге «Фа-
тиха» сүресін оқып, үрлеген кезде әлгі кісі дертінен сол
мезет жазылады.
Құранның мұндай шипалық қасиеттері өте көп.
Сондықтан да осы дүниенің күйбеңінен жұқарған
жүйкеңді Алланың сөзін тыңдаумен тыныштандыр.
Өзің оқы немесе даусы жақсы қаридан тыңда. Жүректің
тынышталуына себеп болады. Алланың ризалығына
жеткізеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Құранды біреуден
естігенді ұнататын еді.
Сахабаларынан Құранды
оқуларын өтінген кездері болған. Бұл жайлы Ибн Масғуд
(р.а.):
«Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) маған: «Қанекей,
Құран оқышы», – деді. Мен: «Уа, Алланың елшісі,
сізге түскен Құранды өзіңізге қалай оқымақпын?» –
дедім. Сонда ол: «Мен Құранды басқалардың аузынан
тыңдағанды ұнатамын» – деді
13
– дейді.
Бірде Ардақты елші (с.а.с.) Әбу Муса Әл-Ашғаридің
(р.а) мешітте Құран оқып жатқанын есітіп,
тыңдап
тұрып қалды. Ертесі күні азанда оған «Мен кеше сенің
артыңда тұрып, Құран тыңдағанымды көрмедің», – деп
өзінің Құран тыңдауды ұнататынын білдірген еді. Сол
кезде Әбу Муса Әл-Ашғари «Уа, Алланың елшісі, егер
сенің Құран тыңдағаныңды білгенімде, оны одан сайын
нақышына келтіріп, жақсылап оқитын едім», – деген
екен.
Пайғамбарымызды былай қойғанда, Құранға иман
келтірмеген мүшіріктердің өзі бір-бірінен тығылып
13
Бұхари, Фадайлуль-Құран 33; Мүслим, Саләтуль-мусафирин
247.
42
Үміт cәулесі
Құран тыңдайтын. Тіпті Әбу Бәкірдің әдемі әуезбен
оқыған Құраны жұрттың бәрін өзіне елтігенінен
қорыққан мүшіріктер
оның Құранды жария оқуына
тыйым салған-ды. Сол кездегі Қағбаның дуалдарына
өлеңдері алтын әріптермен нақышталып жазылып,
іліп қойған атақты арабтың шайырлары да Құранды
тыңдап, ондағы ғажайып құдіретті байқап өлең жазула-
рын тастаған жоқ па еді. Қала берді жындардың өзі оны
естіген кезде:
ِهِب اَّنَمآَف ِد ْشُّرلا ىَلِإ يِدْهَي }1{ ًاب َجَع ًانآْرُق اَنْعِمَس اَّنِإ اوُلاَقَف
Достарыңызбен бөлісу: