Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


«Жер жүзіне, сондай-ақ сендерге қандай да бір



Pdf көрінісі
бет22/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   98
Үміт сәулесі

«Жер жүзіне, сондай-ақ сендерге қандай да бір 
бейнет келетін болса, ол жаратуымыздан бұрын 
Кітапта (тағдыр кітабында) жазулы. Шындығында, 
бұл Алла үшін жеңіл»
16
. 
Басқа келген барлық нәрсе кенеттен келмейді. 
Сені айналып өткен нәрсе де қателесіп сырт айналған 
емес. Егер осы сенім жүрегіңе бекіген болса, басқа 
келген пәлекет – құрбандыққа, қиындық – шаттыққа 
айналмақ. Олай болса, ауру, кедейлік, өлім де сен үшін 
қайғы әкелмейді. Өйткені Алла тағдырда бәрін солай 
жазып қойған. Тағдырға жазылғанның нәтижесінде са-
уап пен күнәнің кешірілуі бар. Басына келгенге сабыр 
сақтаушыларға және Алланың алғанына, бергеніне разы 
болғандарға қандай қуаныш! 
Тағдырға толық иман келтірмейінше жүрегің ты-
нышталып, жаның жай таппайды. Сенің басыңа келген 
нәрсе тағдыр кітабында жазылған. Сондықтан өзіңді 
қасіреттің қараңғы қапасына қамама. Ең бастысы
16
«Хадид» сүресі, 22-аят. 


46
Үміт cәулесі
өзіңе жүктелген міндетті атқаруға тырыс. Мысалы, 
сенің бір міндетің – денсаулығыңды сақтап, салауат-
ты өмір салтын ұстану. Бұл міндетіңді барынша ты-
рысып атқарып жүрсең де ауырып қалсаң, демек осы 
ауру сенің тағдырыңа жазылған деп түсіну керек. Ұлы 
Жаратушы Ие «Құлым басына ауру келгенде не істер 
екен» деп осы ауруды тағдырыма жазған деп ойлап, 
сабыр сақтай отырып міндетіңді атқаруыңды ары қарай 
жалғастыруың қажет. Басыңа осы аурудың келуімен 
сенің мойныңа тағы бір міндет жүктеледі. Ол – Аллаға 
тәуекел ете отырып, осы аурудан жазылудың жолдарын 
қарастырып, шамаң келгенше емделуге тырысу және 
еңбегіңнің нәтижесін Жаратқан Иеден күту.
Ашуға алдырмас бұрын тағдырға бойұсын, өкінішке 
қалмас үшін тағдырды мойында. Алла елшісі (с.а.с.) бір 
сөзінде: 
اَم َو ُ َّللا َرَّدَق ْلُق ْنِكَل َو اَذَك َو اَذَك َناَك اَذَك تْلَعَف يِّنَأ ْوَل ْلُقَت َلَف 
َلَعَف ُ َّللا َءا َش «Егер мен былай істесем, былай болатын еді» 
деме, «Алланың жазғаны осы және Алла өз қалағанын 
жасады деп айт»
17
 деген. Олай болса қандай да бір 
іс болғаннан соң былай істеген басқаша болар еді деп 
өкіну орынсыз, ең маңыздысы шама жетсе екінші мәрте 
қайталамау. Атам қазақ та «Өткен іске өкінбе, жетпесті 
қума» деп даналық қалдырған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет