Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


ең ардақтылар – тақуалар»



Pdf көрінісі
бет34/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   98
Үміт сәулесі

ең ардақтылар – тақуалар», – деген. Осы жерде бір 
оқиғаны баяндайын: Куфа қаласында бір мешітте екі 
топтың арасында бүлік шығып, ерлер қанжарлары мен 
қылыштарын жалаңдатып, ұрыс басталып кетеді. Ара-
ларынан бір кісі байқатпай шығып, Ахнаф ибн Қаис 
деген данагөй қарияға барады. Бұл дауды тоқтату тек 
соның қолынан келетініне сеніп, ауласына кірсе, ол кісі 
қойларын сауып отыр екен. Үстінде он динарға да та-
26
Бұхари, 34. 


66
Үміт cәулесі
тымайтын киімі бар, арық келген, аяқтары қисық, өзі 
қарапайым бір жан. Ол кісіге болып жатқан жайт жайлы 
хабар беріп еді, Ахнаф ибн Қаис естігеніне таң қалмады. 
Себебі ол кісі талай-талай оқиғаларды көрген қарт. Ха-
бар жеткізушіге жай ғана: «Иншалла жақсылық бол-
сын», – деді. Артынша қарияның алдына үйіндегілері 
таңғы асын әкеледі. Қария ештеңе болмағандай, асықпай 
таңғы асын жеуге кіріседі. Алдына қойылған таңғы асы 
қатып қалған нан, май, тұз, бір шыны су еді. Алланың 
атымен таңғы асын бастап, соңында шүкірлігін айтты 
да өзін күтіп отырған хабаршыға былай дейді: «Бұл 
бидай – Ирактан, ал май – Шамнан, бұлардың барлығы 
үлкен нығмет». Содан кейін киімін киіп, балдағын алып 
ұрыс болып жатқан жерге келді. Даусы шыққаны сол 
екен, төбелесіп жатқандар бірден арттарына бұрылып 
қарап, кілт тоқтай қалды. Айнала жым-жырт. Бәрі 
де қарияны үнсіз тыңдай қалады. Қария екі жаққа да 
көкейге қонымды бітім айтып, дауларын тоқтатып
үйді-үйлеріне тарқатады. Ешбірі қарсы келместен
қаруларын қынаптарына салып, жөндеріне кетеді.
Демек бақыт дегеніміз байлық, зәулім сарай неме-
се алтын-күмісте емес. Керісінше иманды, тағдырына 
риза, көпшіл және иманы асқан тақуалығында.
3. Көркем мінез. Дінді түсіндіргенде көркем мінез, 
жұмсақтық аса маңызды. Көркем мінез болмаса, білім 
мен тақуалық жетпейді. Адам өз бойындағы жақсы 
мінез-құлық қасиеттерімен халықты жақсылыққа 
шақыруы қажет. Екі дүниенің сардары Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) көркем мінезді ең кемеліне жеткізіп, жанындағы 
сахабаларына өнеге қыла білген. Ол жайында Алла 
тағала Құранда: «Расында сен сондай тамаша мінезге 


67
Үміт cәулесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет