Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет41/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   98
Үміт сәулесі

ДОСЫ КӨПТІҢ ҚАЙҒЫСЫ ЖОҚ
Дос – адам баласы үшін қастерлі ұғымдардың 
бірі. Өмірдегі қайғыңды жеңілдетіп, қиыншылық пен 
қызықшылығыңды бірге бөлісіп, жыласаң жылап
қуансаң шаттанатын дос – өмірдегі адал серік. Бұл 
өмірде тура жүруге, туралықта жүргеніңді білу жолында 
да ең қажетті себептердің бірі ол – жақсы жолдас табу.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жаман дос пен жақсы до-
сты сипаттағанда: «Жақсы дос әтір сатушыға ұқсайды, 
қасында жүрсең жақсы иіс иіскейсің немесе кейде 
жақсы иісті әтірді сыйға тартады. Жаман дос темір 
ұстасы секілді, қасында жүрсең жағымсыз иіс иіскейсің 
немесе бір жеріңді күйдіріп аласың» – деген еді.
Зүннун Мысри былай дейді: «Сенің ешқандай да 
қателік істемегеніңді қалайтын адамнан ешқандай да 
қайыр жоқ. Ренжіген кезде досының сырын жұртқа жа-
ятын адамнан жөнді жолдас шықпайды. Өйткені сыр 
сақтау достықтың негізі». 
Мына төрт жағдайда саған деген көзқарасы өзгерген 
адаммен достаспа:
a) Ренжігенде;


83
Үміт cәулесі
ә) Разы болғанда;
б) Әлдебір көмек сұрағанда;
в) Әлденеге қуанып жүргенде. 
Адал достықтың туын нық ұстаған адам алмағайып, 
басына қандай да бір іс түссе де өзінің бірқалыпты 
күйінен айнымайды. Адамгершілігі бар болса, 
досыңызбен араздасып қалған күннің өзінде де ол 
сіздің сырыңызды әшкерелеуге бармайды. Керісінше, 
бұрынғы досы болсаңыз да, жүрген жерінде сізді мақтап 
жүреді. 
Қазақ мақалында: «Жақсы дос пайдасын 
тигізбесе, зиянын тигізбейді; жаман дос алдыңды орап 
жүргізбейді», «Адал дос жаныңды сақтайды, аяр дос 
малыңды сақтайды» десе, тағы бір мақалда «Доссыз 
адам – тамырсыз терек», «Досы жоқ адам – тұзы жоқ 
тағам» деген. 
Алла елшісі (с.а.с.): «Екі ағайынды екі қол тәрізді. 
Біреуі екіншісін жуғаны секілді өзін де жуады», – деген. 
Бұл хадисте Алла елшісі екі досты қол мен аяққа емес, 
екі қолға теңеген. Өйткені екі қол бір мақсатта бір-біріне 
қайшы әрекет жасамайды, керісінше жәрдемдеседі. 
Достық тек бір мақсатта бірлескенде ғана жүзеге аса-
ды. Мақсаты бірдің жаны бір дегендей екеуі бір адам 
секілді болады. Олар қиындықта бір-біріне рухани әрі 
материалдық тұрғыдан қолдау көрсетеді. 
Достық мал-пұл жағынан үш түрлі болып келеді 
1. Досыңды қызметшіңдей көру. Досыңды 
қызметшің секілді көріп, байлығыңның бір бөлігін 
оның қажетіне беріп отырасың. Ол бір нәрсеге мұқтаж 
болғанда, сұрауға мәжбүр етпей, сұрамастан беріп 
отыруың да достықтың бір түрі.


84
Үміт cәулесі
2. Досыңды өзіңдей көру. Досыңды өз орныңа 
қойып, өзіңе қалай қарасаң, оған да солай қарауың 
керек. Байлығыңа досыңды ортақ етуің керек, мал-
мүлкіңнің жартысын оған беруге шын жүректен 
ризашылық танытуың керек. Хасан Басри былай дейді: 
«Бізден бұрынғы мұсылмандар қандай да бір дүниесі 
болса, оны теңдей етіп екіге бөліп, бір бөлігін досына 
беретін», – дейді.
3. Досыңды өзінен артық көру. Оның мұң-
мұқтаждығын, өзінің қажеттілігінен бірінші ойлау. 
Бұл шыншылдардың, бір-бірін жақсы көргендердің ең 
жоғарғы дәрежесі. Мәймун ибн Мәрхан былай дейді: 
«Кімде-кім достарының жақсылық жасауларын 
тоқтатуын қаласа, барып қабірдегілермен дос болсын» 
деп дос досына жақсылық жасамаса бекер екендігін 
білдірген. 
Әбу Хұрайраның басынан достықтың қадірін 
ұқтыратын мынадай бір оқиға өткен екен. Бір кісі Әбу 
Хұрайраға келіп: 
– Алла разылығы үшін сенімен дос болғым келеді, 
– дейді. Ол: 
– Достың ақысын білесің бе?
– Жоқ, сен айтып берсең.
– Достықтың ақысы – алтын мен күмісіңді 
досыңнан бұрын қолданбауың!
– Мен қазірше ондай деңгейде емеспін. 
– Олай болса, менен алыс жүр, – деп достықтың 
осы деңгейін көрсеткен екен.
Али Зейнулабидин (р.а.) бір кісілерге: «Сендердің 
қайсыбірің қолын досының қалтасына немесе әмиянына 
салып, оның рұқсатынсыз қалаған ақшаны ала алады?» 
дегенде, ол: «Олай жасай алмаймыз» дейді. Сонда Али 


85
Үміт cәулесі
ибн Зейналабидин (р.а.): «Олай болса сендер нағыз дос 
емессіңдер», – деді. 
Бір риуятта Малик ибн Динар мен Мұхаммед ибн 
Уаси екеуі Хасан Басридің үйіне келеді. Ол кезде Ха-
сан үйінде жоқ еді. Мұхаммед Хасанның кереуетінің 
астынан бір қоржынын шығарады да ішіндегі астан 
жей бастайды. Малик оған: «Үй егесі келгенше жеме, 
тоқта!» – десе де, Мұхаммед оның сөзіне құлақ аспай 
жей береді. Өйткені Мұхаммед Маликтен асқан жо-
март, мінез-құлық жағынан да Маликке қарағанда 
көркем мінезді болатын. Сол сәтте Хасан Басри үйге 
келеді де: «Ей, Малик! Біз де Мұхаммедтің істегенін 
істейтінбіз» деп, достардың үйінде еркін жүрудің шы-
найы жақындықтан туындайтынын айтқан екен. Бұлай 
болуы да орынды, өйткені Құранда: ْوَأ ُه َحِتاَفَّم مُت ْكَلَم اَم ْوَأ 
ًاعيِم َج اوُلُكْأَت نَأ ٌحاَن ُج ْمُكْيَلَع َسْيَل ْمُكِقيِد َص «...Немесе кілттеріне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет