АҚЫРЕТ ДҮНИЕДЕН ҚАЙЫРЛЫ
Біз қаласақ та, қаламасақ та бұл дүниедегі байлықты
осы жақта қалдырып кетеміз. Арғы дүниеге ештеңе де
алып кете алмасымыз хақ. Мәңгілік өмірге бұл жақтан
бір нәрсе алып барудың қажеті де шамалы. Ол жақтың
байлығы онсыз да жеткілікті. Енді өзіңіз ой жүгіртіп
байқаңызшы, біздің дүниеқұмарлығымыз мал-дүниені
жинап-теріп арғы дүниеге алып кететіндей өмір сүретін
адамдарға ұқсап кеткен жоқ па?
Мына бір қиссаны еске сала кетейік. Бірде өте
бақуатты кісі өлер алдында балаларына: «Өмірден
өткенімде мені кебіндеген соң, маған мына шұлығымды
аяғыма кигізіп көміңдер» деп өсиет айтыпты. Әкесі
қайтыс болғаннан кейін молда кебіндеп жатқанда бала-
сы барып: «Әкем мына шұлықты аяғыма кигіз деп өсиет
қалдырып еді, соңғы сөзін орындауға рұқсат етсеңіз»
дейді. Әлгі молда шариғат бойынша бұлай істеу дұрыс
емес деп кигізбей қояды. Балалары әкелерін қара жердің
қойнына беріп үйлеріне оралғанда көршілері бір хат
әкеліп береді. Балалары хатты ашып оқыса онда былай
делінген екен: «Балаларым, көрдіңдер ме, мен қанша
бай болсам да мына дүниеден бір шүберек шұлықты
да алып кете алмадым. Олай болса, дүниеге алда-
нып қалмай, сау кездеріңде ақырет азығын жинауға
тырысыңдар!».
Бір күні мейірім жаршысы Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Әбу Хұрайраға: «Әй, Әбу Хұрайра, саған дүниені шын
бет-бейнесімен көрсетейін бе?», – деп сұрады. – «Иә,
көрсетіңіз», – дегенде, Алла елшісі оны Мәдинаның
қоқыстары төгілетін жерге ертіп барды. Онда
жыртық киімдер, адамның түрлі ластықтары,
тіпті адам сүйектері де шашылып жатыр еді. Со-
105
Үміт cәулесі
ларды нұсқады да: «Сен көріп тұрған мына сүйектер
де бір кезде сендер сияқты дүниені пайда қылумен
шұғылданып жүрген жандар еді. Міне, қазір еттерінен
ажырап, саудырап сүйектері ғана қалды. Бірте-бірте
әбден шіріп, топыраққа айналады. Ал мына нәжістер
бұрын желінген жылы-жұмсақ тағамдар еді. Қайдан
болса, әйтеуір тауып, ауызға тоғытушы еді. Қазір
қарашы, жұрттың бәрі бұлардан аулақ қашады. Ал
мынау тозығы жеткен маталар бір кездерде әдемі,
әсем киімдер еді. Жел олардың тоз-тозын шығарған.
Мына сүйектер олар мініп алып, жер-жерді шар-
лап, шапқылап жүрген көліктерінің сүйектері. Міне,
дүниенің жағдайы мен ақыры осы. Енді дүние тіршілігі
үшін жылағысы келгендер жыласын», – деген. Тағы
бір даналыққа толы інжу-маржан сөзінде дүние мен
ақыреттің мәнін ұқтырып: «Бұл дүние мен мәңгілік
дүниенің айырмашылығын білу үшін араларыңнан
біреуің саусағын теңізге салсын да, одан не ілгеніне
қарасын»
52
, – деп біздерге өсиет айтқан. Майлықожа
бабамыз да:
«Бұл дүние екі жол:
Бірі оң да, бірі сол.
Бірін тапсаң, бірі жоқ,
Дүние қысқа, ақырет мол», – деп осы мәнге үн
қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |