Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


қылмыстары кесірінен құрлық та, теңіз де бүлінді



Pdf көрінісі
бет37/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   98
Үміт сәулесі

қылмыстары кесірінен құрлық та, теңіз де бүлінді»
35
деп осы ақиқатты айтса керек. Бұл аятты нақтылайтын 
мына бір хадисте:
باودلاو رجشلاو ، دلبلاو دابعلا هنم حيرتست تام اذإ رجافلا نإ 
«Егер бұзақы адам қайтыс болса, жан-жануарлар 
мен ағаштар, ел мен сол елдің тұрғындары тыныштық 
табады» деген. Сондықтан бұл қылмыстарын тоқтатып, 
райларынан қайтуларын меңзеп аяттың соңында 
«мүмкін олар райынан қайтар» деп ескерткен. Адам-
дар істеген бүліктерін дұрыстауға тырысса, бұзуға емес 
тұрғызуға, ластауға емес тазартуға тырысса, көп еңбек 
етіп жер бетін гүлдендіру үшін қолдарынан келгенін 
жасаса, Құрандағы «муслихун», яғни «дұрыстаушылар» 
деген сипатқа лайықты болар еді. 
ТАБЫСТЫҢ ОНДА ТОҒЫЗЫ САУДАДА 
Атам қазақ та ұрпағын әрдайым адал еңбекке ынта-
ландырып, «Адал еңбек елге жеткізеді, арам еңбек елден 
35
«Рум» сүресі, 41-аят 


74
Үміт cәулесі
кеткізеді», «Еңбек етсең ер боласың, жатып ішсең жер 
боласың», «Еңбегі бардың өнбегі бар» деп тәрбиелеген.
«Сауда жасаңдар! Өйткені табыстың онда тоғызы 
саудада»
36
 деген Пайғамбарымыз (с.а.с.) еңбек ету тек 
дүниелік табыс емес сонымен қатар «Кейбір күнәларға 
намаз да, ораза да, қажылық та кәффарат (өтем) бола 
алмайды. Ондай күнәлар тек қана адал, маңдай тер-
мен табыс табу үшін еңбектенгенде ғана кешіріліп, 
тазаруы мүмкін» деп адал еңбектің адам күнәларының 
жуылып-шайылуына себеп болатындығын құлшылық 
екендігін айтқан. Басқа бір хадисінде: «Сендерден 
біреуің құрма ағашының көшетін егейін деп жатқан 
сәтте қиямет келіп қалса, егер үлгерсе оны ексін» 
деген. Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с) кез-келген 
бастаған игі істі аяғына дейін толық орындауымызға 
және соңғы демімізге дейін еңбек етуді тоқтатпауымызға 
шақырады. Өйткені жоғарыда айтқанымыздай еңбек те 
құлшылық болып есептеледі. Ал жалқаулық – адам-
ды бойкүйездікке салып, дүние істері мен ақырет 
амалдарына салғырттық танытуына әкеліп соғатын 
аса қатерлі дерт. Адамзатқа үлгі ретінде жіберілген 
Пайғамбарымыз (с.а.с) жалқаулық кеселінен пана 
тілеп, Алла тағалаға сыйынатын болған. Өзінің (с.а.с) 
даналыққа толы бір хадисінде «Жұмыссыз қол қусырып 
отыру адамның жүрегін өлтіреді» деп қатаң ескерткен. 
Бұл жайлы Абай атамыз да бір сөзінде: «Тамағы тоқтық, 
жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген. Тағы 
бір өлеңінде жұмыс істеу турасында: 
«Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң, 
Болымсыз қылжаң
36
Ибраһим әл-Һарби. 


75
Үміт cәулесі
Бола ма дәулет, нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде» – деп жырлаған.
Асыл дініміз мал-мүлік жинап дәулетті болуға 
тыйым салмайды. Өйткені дүниелік заттар адамның 
пәни өмірлік қажеттіліктеріне жатады. Қайта Ислам 
діні адамға өзгелерге кіріптар болмауы үшін кәсіппен 
айналысып еңбек етуін бұйырады. Алла тағала Құран 
кәрімде: 
ًاريِثَك َ َّللا اوُرُكْذاَو ِ َّللا ِل ْضَف نِم اوُغَتْباَو ِضْرَ ْلا يِف اوُرِشَتناَف ُة َل َّصلا ِتَي ِضُق اَذِإَف
َنو ُحِلْفُت ْم ُكَّلَعَّل


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет