94
Үміт cәулесі
берілген уәде орындаусыз қалады. Бұлай істеу күнә
болып саналады.
Алла тағала Құранда:
«Ей, иман еткендер! Берген
уәделеріңде тұрыңдар»
43
, – деген. Алла елшісі (с.а.с.):
«Уәде – зат тәрізді. Қалайша бір затты біреуге, бер-
геннен кейін қайтып алмайтының секілді, уәде де
берілгеннен кейін қайта алынбайды» деп түсіндірген.
Омар (р.а.) өмірінің соңында: «
Құрайыштың бір
кісісі менен қызымды сұрап, уәдемді алып еді. Аллаға
ант етейін, мен мұнафықтық белгімен Алланың
құзырына барғанды қаламаймын. Сондықтан куә
болыңдар, мен қызымды оған бердім!» – деп өлім ау-
зында жатса да уәдесіне беріктік танытқан.
Абдурахман ибн Әбу Ханса былай дейді: «Алла
елшісіне (с.а.с.)
пайғамбарлық келмей тұрып, оны-
мен арада сауда жасасқан болатынмын. Бірде оған
қарызданып қалдым да: «Пәлен деген жерде кездесейік,
қарызыңды алып келіп беремін», – деп сөз бердім.
Сол күні уағадаласқан жерге келуді ұмытып кетіппін.
Ертеңіне де есімде болмады. Үшінші күні алып-
ұшып барсам, әлі сол жерде мені күтіп тұр екен. Мені
көрісімен: «Ей, жігіт! Сен мені қинап қойдың ғой! Сені
осы жерде үш күннен бері күтудемін», – дейді. Кездесу-
ге келісіп қойған соң, уәдесін бұзбастан Пайғамбарымыз
(с.а.с.) әлгі жігітті уәделескен жерінде үш күн күткен
екен.
Бір кісі Ибраһим Наһаиден: «Біреу
біреуге
кездесеміз деп сөз берсе, қанша уақыт күтуі керек?»
– деп сұрайды. Ибраһим Наһай: «Алдағы намаздың
кіретін уақытына дейін күтуі керек», – деп жауап береді.
43
«Мәида» сүресі, 1-аят.
95
Үміт cәулесі
Алла елшісі (с.а.с.) біреуге сөз бергенде
«үміттенеміз» деген сөзді қосып айтатын. Ал
Ибн
Масғуд қандай да бір уәде бергенде «Егер Алла қаласа»
деген сөзді қосып айтатын. Берген уәдеге осы сөздерді
қосып айту абзал. Өйткені алдағы істің барлығы
Алланың қалауымен болады. Берген уәдені міндетті
түрде орындау керек. Алла елшісі (с.а.с.) хадисінде:
» َنا َخ َنِمُتْؤا اَذِإَو َفَل ْخَأ َدَعَو اَذِإَو َبَذَك َثَّد َح اَذِإ : ٌث َلَث ِقِفاَنُمْلا ُةَيآ«
«Мұнафықтықтың (екіжүзділіктің) белгісі үшеу:
сөйлегенде өтірік айтады, берген уәдесінде тұрмайды,
аманатқа қиянат жасайды»
44
– деген.
Бір себеп немесе бөгет болған жағдайда ғана өзгеріс
орын алуы мүмкін. Яғни сөз беріп, уәде етіп, одан кейін
бір кедергі болып уәдесін орындай алмаса, бұл адам
мұнафық саналмайды.
Алла елшісі (с.а.с)
Әбу Хайсам деген сахабаға
бір қызметші беремін деп сөз берген болатын. Бірде
Пайғамбарымызға (с.а.с.) үш тұтқын әкелінді. Олардың
екеуін әлдекімдерге берді де, біреуін алып қалды. Сол
мезетте қызы Фатима (р.а.) келіп: «Әкешім! Диірмен
тасып айналдырудан қолымның күс-күс болғанын
қарашы?» – деп, бір
қызметші сұрап келгендігін
білдіреді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.) әлдеқашан бер-
ген уәдесін есіне алып: «Әбу Хайсамға берген уәдем
қалай болмақ?» – деп берген уәдесін орындауды жөн
санайды
45
.
44
Бұхари, Иман 24; Мүслим, Иман 107
45
Тирмизи.