болса да, жаһаннамдық екені белгілі мүшріктер үшін
кешірім сұрау дұрыс емес”
54
. Бұл аят түскеннен бастап
Ислам дінін қабылдамай қайтыс болғандарға дұға етуге
тыйым салынады.
Олай болса біреулердің айып тағуынан, кемсітуінен,
келемеждеуінен қорқып, ақиқаттан ауытқу дұрыс
емес. Құран кәрімде шынайы иманды мұсылмандарды
54
«Тәуба» сүресі, 113-аят
109
Үміт cәулесі
сипаттағанда ٍمِئل َةَمْوَل َنوُفا َخَي َلَو «... Жазғырушылардың
айыптауынан қорықпайтындар...» деп өзі тура дінде
болғандықтан, пиғылы жамандардың жазғыруынан, ай-
ыптауынан қорықпайтындығын айтқан.
МАНСАП – УАҚЫТША ЛӘЗЗАТ
Өмірдегі жауапкершіліктердің бірі – мансап. Себебі
мансап үшін алынатын салық – сенің өте қымбат
нәрселерің. Олар – арайлы жүзің, денсаулығың және
тыныштығың. Оған қоса қаның, жақсы атағың, рахатың,
абыройың, құрметің және мейірімділігің. Міне, осы
күнделікті салықтардан құтылатындар өте аз. Хадисте
« басшылықты тілеме» делінеді.
Дүние кісіге барлық нәрсе берді деп ойлайық. Алай-
да адам баласы онымен қай жерге дейін бармақ? Пәни
бітпек. Бір салиқалы кісі ұлына: «Балам, басшы болма!
Негізі басшылықтың қайғы-қасіреті көп», – депті. Рас,
ешқашан басшы болуға, жұрттың назары тегіс өзіңе
ауғанына құштарланбау қажет. Себебі сын сөздер мен
ауыртпашылықтар алдымен басшылардың басына
төнеді.
Көбінесе адамның жоғары лауазымға деген
талпыныстағы мақсат – атақты, танымал, өзгелерден
өзін жоғары етіп көрсету болып келеді. Ал ондай ниет-
пен мансапты болу абыройсыздыққа ұрындырады. Әнас
(р.а.): «Адамдар тарапынан діні мен дүниесі жағынан
есімі ат үркетіндей танымал болу, күнә ретінде оған
жеткілікті. Бұдан тек Алланың қорғауында болғандар
ғана тыс»
55
, – деген.
55
Байһақи.
110
Үміт cәулесі
Ал Жабир (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай
дегенін жеткізеді: «Алланың қорғауында болғандардан
тыс, күнәһар болуға адамның діні әрі дүниесі жағынан
ел ішінде танымал болуы жетеді. Тіпті, күнә ретінде
жетіп артылады. Алла тағала сендердің мәшһүр
болғаныңа қарамайды. Алла тек жүректеріңе және
амалдарыңа қарайды»
56
, – деген. Хасан Басри бұл
хадисті түсіндіріп жатқанда біреу оған: «Шындығында,
сен адамдар арасында танымалсың – деп, атақты болу
жаман болса, ол сенде де бар емес пе», – дегендей астар-
лап сұрайды. Сонда Хасан Басри: «Хадисте танымал
болудың мағынасы бұл емес. Оның мағынасы дінде
бидғатшы, ал дүние жағынан пасық болған адам», –
деп жаман жағынан әйгілі болуды айтқан.
Әли (р.а.) былай дейді: « Салтанатты таста,
атақтың соңын қума! Танымал болу үшін өзіңді
көтерме. Білімді секілді көрінуге тырыспа, бірақ
білімді бол. Ісіңді құпия сақта, көп сөйлеме, сонда аман
боласың. Осы ісіңмен жақсы адамдарды қуантып,
пасық та күнәһар адамдарды ашуландырған боласың»,
– деген екен.
Халид ибн Мағдан төңірегіндегі адамдардың саны
көбейгенде, әйгілі болып тәкаппарлыққа түсіп кетем
бе деп қорыққандықтан сабақ беретін алқасын тастап
кетеді екен.
Әбу Али жанында үш адамнан көп кісі отырса,
тұрып кетеді екен. Хаушаб деген кісі өзінің аты та-
нымал болуды қаламағандықтан: «Менің атым жұма
оқылатын мешітке дейін жетті», – деп өкінген екен.
Бишр деген кісі былай деген екен: «Елге танымал бо-
56
Табарани.
111
Үміт cәулесі
луды қалаған ешкім, ақырет ләззатын татқан емес, Алла
бұларға мейірім етсін», – дейді.
Халил ибн Ахмет: «Уа, Алла тағалам, өз жаныңда
мені мәртебесі ең жоғарғылардан, өз көзқарасымда
ең төменгілерден, ал халық назарында орташа
болғандардың қатарынан ете гөр!», – деп дұға тілейді
екен.
Фудайл ибн Иаз: «Мүмкіндігінше атақты болмауға
тырыс. Өйткені халықтың сені елемеуі зиян келтірмегені
секілді, мақтап-марапаттауы да пайда бермейді.
Алланың алдында қадірлі, жұрттың алдында масқара
болғанның ешқандай да зияны жоқ»,– деп халықтың
алдында қандай болғаның емес, Жаратушы жаппар
иеміздің құзырында қандай болғанымыз өте маңызды
екендігін айтқан.
Бұл айтылғанның бәрінен атаққұмарлыққа
ұмтылып, соны ғана мақсат тұтудың жаман қасиет екенін
ұғынамыз. Жоғары лауазым, қызметке жеткен кезде
оның буына мастанатындар ерік-жігері төмен жандар
болып табылады. Алайда діннің таралуы мақсатында
жоғары лауазымды қалау, Алла тағаланың қалауымен
танымал болу, құптарлық іс осы. Егер адам өзі қаламаса
да ел оны лайық деп тапса, сол қызметті мойнына
алғаны жөн. Бұл жайлы Пайғамбарымыз Абдуррах-
ман ибн Сәмураға (р.а.): « Әй, Абдуллаһ ибн Сәмура!
Өздігіңнен билікке ұмтылма. Егер саған сұрамай-ақ
билік берілсе, сол істе Алланың қолдауын табасың.
Ал, егер оны өзің сұрап алсаң, бүкіл жауапкершілігі
мойныңа артылады»,– деген
57
.
Бірде тақуалығымен танымал Әбу Зәрр (р.а.) Рақым
пайғамбарынан (с.а.с.) басшылық лауазым сұрап кел-
57
Бұхари, Ахкәм ; Мүслим, Имара 13
112
Үміт cәулесі
генде Алла елшісі оған: « Әй, Әбу Зәрр! Шындығында
бұған сенің шамаң келмейді. Басшылық – мойынға
жүктелген ауыр аманат. Сондай-ақ ол қиямет күні
әділдік жасай алмаған басшыны масқара қылып, опық
жегізеді. Алайда басшылық қызметке лайық болып,
міндетін мінсіз, адал атқарғандардың жөні бөлек» –
деп негізгі өлшемді белгілеп берген-ді.
Ислам тарихынан көргеніміздей, атақты саха-
балар да дүниеге құл болып кетуден сақтану үшін
мұндай жоғары лауазымнан қашқан. Мәселен, әзірет
Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) халифа сайланар кезде
ол қызметтен қанша қашса да, ақиқаттың ақ туын
желбірету үшін ел басқаруға көнген еді. Ол халифа
ретінде сайланған соң елге жасаған құтпасында: «Уа,
әлеумет! Мен араларыңыздағы ең жақсы кісі болма-
сам да, сіздерге басшы болып сайландым. Құран мен
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті өміріміздің бедерін
айқындаушы құралымыз болмақ. Шамам келмейтін
жауапкершілігі ауыр істі еріксіз мойныма алдым. Бұл
міндетті абыроймен алып жүре алатын біреудің сайла-
нуын қалар едім. Сіздерге Алладан қорқыңдар деймін»,
– деп көңіл тебіренісін білдірген еді.
Әділеттің символына айналған Омар Фаруқтың
(р.а.) ел басқарудағы жауапкершілік сезімі – бүкіл
адамзатқа қайталанбас үлгі-өнеге. Оның «Егер Ефрат
өзенінің жағалауында бір түйе жоғалып кетсе немесе бір
қой суға батып өлсе, оның есебін Алла менен сұрай ма
деп қорқамын» деп, халифа сайланған соң күндіз күлкі,
түнде ұйқыдан айырылған-ды.
113
Үміт cәулесі
Достарыңызбен бөлісу: |