137
Үміт cәулесі
болуы үшін сендерді артық-кемсіз, әділетті орта
үмбет еттік» («Бақара» сүресі, 143-аят) деу арқылы
мұсылмандарды астамшылыққа бой алдырмай тепе-
теңдікті сақтауға шақырады. Жалпы орта жолды ұстану
– шетте қалып жырақтану, бөлінушілік нәтижесінде
басқа келетін жарға жығылу қаупінен сақтайды. Хан-
зала ал-Асади мына оқиғаны жеткізеді:
Бірде пайғамбарымызға барып: «Мен екіжүзді бол-
дым», – дедім. Пайғамбарымыз (с.а.с.) себебін сұрады.
Мен жауабын айттым:
– Сіздің қасыңызда болып, сіз бізге жәннат-тозақ
жайында әңгімелеп бергеніңізде, оны көріп отырғандай
сезінеміз. Ал сіздің құзырыңыздан шығып, бала-шаға,
мал-мүлікпен әуре болсақ, көп нәрсені ұмытып кете
барамыз. Осы сәтте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
–
Алланың атымен ант етейін, егер сендер бар-
ша уақытта менің жанымдағыдай сезімде болсаңдар,
періштелер сендермен қол ұзатып, сәлем беріп аман-
дасар еді. Әй, Ханзала, әр нәрсенің өз уақыты бар.
Дүние сағатында – дүние, ақырет сағатында – ақырет
тіршілігі», – деді.
Алла елшісі (с.а.с.) әр нәрсені өз орнымен
бағамдауға тәрбиелейді. Егер осы бір насихатты өзімізге
жолбасшы етсек, Алла тағала мақтаған орта, әділдік
жолындағы үмбет боламыз. Алла тағала адам баласы-
на періштелермен қатар жануарларда бар қасиеттерді
беру арқылы оның адам болуын қалады.
Бірақ осы
өмірде оған нәпсі беру арқылы ол үшін сынақ мекені
етті. Хасан Басри: «Мұсылман әрдайым өз нәпсісіне
кейіп, тергеп тұрады. Бұл дүниеде өздерін әрдайым тер-
геуге алғандарға о дүниеде есеп жеңіл болады. Ал бұл
138
Үміт cәулесі
дүниеде өздерін тергеп-тексермегендердің есебі ауыр
болмақ», – дейді.
Тарық ибн Шихаб (р.а.) мына бір оқиғаны жеткізеді:
«Бірде Салман Парсының үйіне барып, түнде қалай
намаз оқитынын көргім келді. Түн ауа тұрды да,
кәдімгідей намаз оқыды.
Одан ерекше құлшылық
күткен мен әлгіні азсындым. Менің күйімді түсінген
болуы керек, өзі бастап мені сөзге тартты: «Бес уақыт
намазға ерекше мән бер. Адам баласы өте ауыр күнә
жасамаса, бұл бес уақыт намаз ұсақ күнәларын жуып
шаяды. Адамдар кешке қарай үш түрлі болады. Түн
кейбір адамдарға пайда, кейбіреуге зиян әкеледі.
Енді біреуге пайда да, зиян да әкелмейді. Алғашқы
топтағылар түн баласы көз ілмей ғибадат жасайды. Ал
өздеріне кесір тигізетіндер түнделетіп түрлі күнә жасай-
тындар. Үшінші топтағылар, жылы төсекте таңға дейін
қамсыз ұйықтаушылар. Бұларға зиян да, пайда да жоқ.
Уа, Тарық, ақырын жүріп, анық бас, шамаң келмейтін
істерге аса құмартпа».
Дүниеде Алладан шынайы қорқатын пенде болу
үшін өзін қатты қинайтын іске ұрыну міндет емес.
Дүниеден бас тартпай, Алланың адал етіп берген рызық-
несібесімен ләззаттанып,
бала-шағамен қайырлы-
берекелі өмір сүріп те шынайы құлдардың қатарында
болу әбден мүмкін. Бұл ақиқатты Пайғамбарымыздың
өмірінен көре аламыз. Адамзаттың асылы (с.а.с.)
уақытында ұйықтап, уақытында ғибадат жасап,
жанұясымен өте бақытты өмір сүре білді. Ислам Алланың
діні болғандықтан адамның бүкіл
қажеттіліктерін
шеше алады. Алланың адамды тамақтануға, дем алуға
мұқтажсыз етіп жаратуға толықтай күші жетер еді.
Бірақ әр нәрседе де бір хикмет бар. Исламда ұйықтау,
139
Үміт cәулесі
тамақтану, жанұя құру дүние істері болғанымен, одан
бас тарту астамшылық. Өйткені дүние істерінде ниетті
дұрыстау арқылы есепсіз сауапқа кенелу мүмкіндігі бар.
Жақсы көрудің де, жек көрудің де өлшемі болған
мына хадиске құлақ асайық:
«Біреуді жақсы көрсең,
шектен тыс қатты жақсы көрме, бір күні жек
көретін адамыңа айналуы мүмкін, біреуді жек көрсең,
қатты жек көрме, бір күні жақсы көретін адамыңа
айналуы мүмкін» (Тирмизи жеткізді).
Құранда осы
мәселеге қатысты:
«Алла сендер мен Мекке кәпірлері
Достарыңызбен бөлісу: