140
Үміт cәулесі
Сондықтан да хадисте:
ىَل ْوُلا ِةَمْد َّصلا َدْنِع ُرْب َّصلا اَمَّنِإ
«Сабыр
– соққының алғаш тиген кезінде көрінеді» делінген.
Яғни, болары болып, бояуы сіңіп кеткен кезде «Е, басқа
салғанға көнеміз ғой» деу сабырлыққа жатпайды. Алла
тағала адам баласын мақтаншақ деп сипаттаған. Егер
басына бір жамандық келсе, өте төзімсіз. Ал жақсылық
келген болса, өте сараң. Тек шынайы иман келтіргендер
одан тыс. Сондықтан Алланың құдіретіне күмәнсіз
сеніп, маңдайын сәждеге тигізген жандар тепе-теңдікті
сақтайды. Кеңшілік кезінде шүкіршілік қылады. Баста-
рына бәле келсе, сабыр сақтайды.
Тұрақсыз
сезім адам баласын шаршатып, түтіп
жібереді. Егер ашуланған болса одан әрі қоза түседі.
Астамшылығы соншалық тіпті өзін ұмытып кетеді. Ал
егер қуанған болса, өз шамасын білмей дарақыланады.
Сын айтып сөккен біреуді жақтырмай, онымен өштеседі.
Жақсы көрген адамын әсере мақтайды. Бір хабарда бы-
лай делінген:
ًانوه كضيغب ضغبأو،ام ًاموي كضيغب نوكي نأ ىسع،ام ًانوه كبيبح ببحأ»«
.»ام ًاموي كبيبح نوكي نأ ىسع،ام
«Жақсы көретін адамыңды қатты жақсы көрме,
бір күні жек көретін адамыңа айналуы бек мүмкін. Жек
көретін адамыңды қатты жек көрме, бір күні жақсы
көретін адамыңа айналуы мүмкін» (Тирмизи). Енді бір
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге былай деп дұға
ету керектігін үйретеді:
اضرلاو بضغلا يف لدعلا كلأسأو
«Ашу
кезінде де, разы болған кезде де әділдікті сұраймын».
Кім сезімін ақылға жеңдіре алып, әр нәрсені өзінің ор-
нымен бағамдай алса, ақиқатты танып, туралыққа жол
бастағаны. Құранда: َباَتِكْلا ُمُهَعَم اَنْلَزنَأَو ِتاَنِّيَبْلاِب اَنَل ُسُر اَنْل َسْرَأْدَقَل
141
Үміт cәулесі
ِط ْسِقْلا ِب ُساَّنلا َموُقَيِل َناَزيِمْلاَو
«Расында елшілерімізді ашық
Достарыңызбен бөлісу: