162
Үміт cәулесі
көрсетіп, қиындықтың түбінен
жақсылық іздеуге
бойымызды үйретуіміз керек.
Кітаптың соңғы
қорытындысында
жазушы Базаржумхурдың бы-
лай дегенін мысал келтіреді: «Сыйдың
алдындағы
қиындық – ас ішер алдындағы аштық секілді. Ішетін
жерін
жақсартып, ләззаттана асын ішеді». Платон:
«Баршылық, молшылық кезінде емес, қиындық пен
жоқшылық кезде тапқан достан айырылма», – деген.
Қиыншылық ақиқатқа көзіңді ашады. Платон бірде:
«Молшылық түн секілді, не істеп, не жегеніңді көре
алмайсың. Ал қиындық күндіз секілді, ол жерде өзіңнің
және өзгенің қалағанын көре аласың», – депті. Азда-
шир: «Қиындық, таршылық жағымды иіс су секілді.
Ол арқылы баршылық кезде көре алмаған нәрселеріңді
көресің», – деген.
БАҚЫТТЫ БОЛУЫ ЖОЛДАРЫ
1. Игі амалдар. Иман етіп, Алланың алдындағы
міндетті толық орындау, қамшының сабындай қысқа
ғұмырымызды әрі ақырет өмірімізді бақытты етеді.
Алла тағала «Нахыл» сүресінің 97- аятында:
«Ер не-
месе әйел иман еткен бойда ізгі іс істесе, олар үшін
жақсы өмір дайындаймыз», – деп уәде еткен.
2. Салиқалы әйел. Ол жайлы Алла «Фурқан»
сүресінің 74-аятында:
«Бізге жұбайларымыздан,
ұрпақтарымыздан көзайымдық бер!» – деген.
3. Кең үй. Бұл жайында бір хадисте Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
«Алла тағалам, менің үйімді кең ете гөр!» –
деген.