Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет84/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   98
Үміт сәулесі

надандарға мән берме» («Ағраф» сүресі, 199-аят). Омар 
(р.а.) бұл аят жайлы терең ойға салынып, ақырында ол 
адамды кешірді. Және бірде Омар ибн Абдулазиз бір 
адамның жазалануы үшін бұйрық берді. Сосын ол адам 
Құрандағы: «Ашуларын тыйғандар» («Әли Имран» 
сүресі, 134-аят) деген аятты оқыды. Омар артынша 
әлгіні босатқан екен.
Алла тағала Құран кәрімде тақуаларды сипаттағанда, 
олардың мына үш сипатын айтады. Олар: 
َظْيَغْلاَ نيِمِظاَكْلاَو 
َنيِن ِس ْح ُمْلا ُّب ِحُي ُ ّللاَوِ ساَّنلا ِنَع َنيِفاَعْلاَو «... (кек алуға күш жете 
тұра) ашу-ызасын баса алатындар, (қастандық ет-
кен) адамдарды кешіре алатындар, Алла тағала игі 
іс істегендерді ұнатады» 
86
деген. 
Алланың жазалауынан қорқу керек. Алла барлық 
нәрсені көріп, біліп тұр, Оның құдіреті барша жараты-
лыстан үстем. Егер мен бір адамға ашуланып, оған күш 
көрсетсем, ақыретте Алла да маған қаһарланып, жаза-
лауы қатал болуы мүмкін. Ашулы адам өзіне ақылмен 
тоқтау салмаса, түр әлпеті өзгеріп, арсылдаған итке, 
жануарға ұқсайтындығын ойлау керек. Ал мейірімді, 
кешірімді, ашуланбайтын адамның пайғамбарға
әулиелерге, ғалымдарға ұқсайтындығын ойлап
ашуланғанда өзін осылайша тоқтатуы қажет. 
Ашулы адамға шайтан: «Егер сен ашуыңды бассаң, 
сенің әлсіз, төмен екендігің байқалып, ел ішінде қор 
боласың, бәрі сені сорлы деп санайды» деп азғырады. 
Алайда дүниеде қор болудан емес, ақыретте Алланың, 
86
«Әли Имран», 133-аят. 


174
Үміт cәулесі
мұсылмандардың алдында қор болудан қорқу керек. 
Ақыретте әлі жетпегендер сенен ақысын алады, шын 
қор болу сол сәтте болмақ. 
Ашуды қайтарудың тағы бір жолы – ашуланған кез-
де адамның жағдайын өзгертуі. Мысалы, тұрып тұрған 
болса отыру, ал егер отырған болса жату т.б. 
Алла елшісі (с.а.с.) Әбу Зарға: «Ей, Әбу Зар! Сен бұл 
әлемде қызыл адамнан да, қара адамнан да дәрежең 
жоғары емес. Тек амалың арқылы олардан жоғары 
бола аласың. Ашуланғаныңда тік тұрған болсаң, отыр. 
Отырған болсаң, жат» деп, ашуды тыюдың жолы, 
тұрған болсаң отыр, орырған болсаң жат секілді тұрған 
орныңды өзгерту керектігін айтқан. 
Шындығында ашу-ыза адамның жүрегіндегі бір 
от іспетті. Адам ашуланғанда ісініп, көздері қызарып 
қорқынышты кейіпке енеді. Осындай кезде ашулы адам 
Асыл пайғамбарымыздың (с.а.с.) өсиетін есіне алып, 
егер тұрған болса отырсын, отырса дереу жатсын. 
Егер ашу бұдан да кетпесе, салқын сумен дәрет алсын 
немесе жуынсын. Өйткені отты тек су ғана өшіреді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кмде-кім ашуланса, сумен 
дәрет алсын, өйткені ашу оттан», – деген. 
Келесісі – ашуланған кезде сабыр сақтап, үндемеу. 
Тағы бірі – ашуларын жұтқандарға және адамдарды 
кешірім етушілерге берілетін мол сауапты еске алу.
Муғтамар ибн Сүлеймен былай дейді: «Сіздерден 
алдыңғы қауымда өте бір ашушаң адам болған екен. Ол 
үш қағазға бір нәрсе жазып үш кісіге береді. Бірінші 
адамға: «Мен ашуланғанымда бер», екіншісіне: «Менің 
ашуым басылғанда бер», үшіншісіне: «Менің ашуым 
толық кеткенде бер» деп таратып береді. Біраз уақыттан 
кейін қатты ашулана бастады. Оған бірінші парақты 


175
Үміт cәулесі
береді. Парақта: «Сен неге ашуланасың, сен Құдай 
емессің ғой, Алла бәрін көріп тұр, сен Алладан асып 
қайда барасың, сен жәй әлсіз пендесің» деген жазуды 
оқығаннан кейін ашуы біраз басылады. Сосын екінші 
қағаз беріледі. Ол парақта: «Жер бетіндегі баршаға 
мейірімді бол, барша әлемнің жаратушысы Алла 
тағала да саған мейірімді болсын!» дегенді оқиды. 
Сосын ашуы толық басылғаннан кейін үшінші парақ 
беріледі, онда: «Адамдарды тек Алланың құқығына 
кемшілік жасағанда ғана жазала. Өйткені оларды осы 
ғана дұрыстайды» деп жазылған екен. 
Бір хадисте: «Алланың құзырында ашуын басқан 
пендеден артық ешкім болмайды. Пенде өз ашуын бас-
са, Алла тағала оның жүрегін нұрға толтырады», – 
делінген. 
КЕШІРІМ
Егер сен адамдарды кешіре білсең, дүниенің ізеті 
мен ақыреттің сыйына кенелесің. Құранда «Шура» 
сүресінің 40-аятында: «...Сонда кім кешірім етіп жа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет