Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет77/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98
Үміт сәулесі

4. Жақсы кәсіп үйрену. Хадисте «Расында Алла 
жақсы және жақсы нәрселерді ғана қабыл етеді», – 
деген.
5. Адамдарға жақсы мінез-құлық пен махаббат 
сыйлау. Біреуге жақсылық жасау, досыңды қуанту– 
көңілге әрі жүрекке қуаныш сыйлайды.
6. Қарыздан таза болу және ақша жұмсағанда 
ысырап етпеу. Бұл жайлы Алла «Фурқан» сүресінің 
67-аятында: «Олар мал сарып қылғанда, ысырап та 
қылмай, сараңдық та істемей, орта жолда тұрады» 
– деген.
МҰСЫЛМАН АДАМНЫҢ ӨМІРІНДЕ 
МЕРЕКЕ СЕКІЛДІ 3 КҮНІ БАР
1. Мұсылман болған күн. Алланың парыз еткен 
амалдарын орындап, иман ләззатын сезген күн. Алла 
ол жайында: «Әнфал» сүресінің 24-аятында: َنيِذَّلا اَهُّيَأ اَي 
ْم ُكيِي ْحُي اَمِل مُكاَعَد اَذِإ ِلو ُسَّرلِلَو ِ ّ ِلل ْاوُبي ِجَت ْسا ْاوُنَمآ «Әй, мүминдер! 
Сендерді өздеріңе тіршілік сыйлайтын нәрсеге 
(дінге) шақырған кезде, Алланың әрі елшісінің тілін 
алыңдар», – деген. 
2. Күнәлардан тазарған күн. Пенде күнәларынан 
тазарып тәубе етіп, Раббысына қайта шын ықыласпен 
бет бұрған күн. Ол туралы «ясин» сүресінің 25-аятында: 
«Раббымның мені кешіргенін және құрметтегенін 
Әттең қауымым білгенде ғой», – деп, Алланың 
кешірімін алып, жаннатқа кірген бақытты сәтін айту-
да. Өйткені тәубе жасаған құлына Хақ тағала ерекше 
қуанып, оны анасынан жаңа туғандай күнәсіз етеді.
3. Раббысымен қауышқан күн. Өмірінің соңғы 
кездеріндегі істеген амалдары ізгі болып, қабыл етілген 


164
Үміт cәулесі
амалдарымен Раббысына жолығар күн. Ол туралы хади-
сте: 
ُهَءاَقِل ُ َّللا َهِرَك ِ َّللا َءاَقِل َهِرَك ْنَمَو ُهَءاَقِل ُ َّللا َّب َحَأ ِ َّللا َءاَقِل َّب َحَأ ْنَم «Кім 
Алла тағаламен қауышатын күнді жақсы көрсе, Алла 
онымен қауышуды жақсы көреді», – деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет