74
Үміт cәулесі
кеткізеді», «Еңбек етсең ер боласың, жатып ішсең жер
боласың», «Еңбегі бардың өнбегі бар» деп тәрбиелеген.
«Сауда жасаңдар! Өйткені табыстың онда тоғызы
саудада»
36
деген Пайғамбарымыз (с.а.с.) еңбек ету тек
дүниелік табыс емес сонымен қатар
«Кейбір күнәларға
намаз да, ораза да, қажылық та кәффарат (өтем) бола
алмайды. Ондай күнәлар тек қана адал, маңдай тер-
мен табыс табу үшін еңбектенгенде ғана кешіріліп,
тазаруы мүмкін» деп адал еңбектің адам күнәларының
жуылып-шайылуына себеп болатындығын құлшылық
екендігін айтқан. Басқа бір хадисінде:
«Сендерден
біреуің құрма ағашының көшетін егейін деп жатқан
сәтте қиямет келіп қалса, егер үлгерсе оны ексін»
деген. Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с) кез-келген
бастаған игі істі аяғына дейін толық орындауымызға
және соңғы демімізге дейін еңбек етуді тоқтатпауымызға
шақырады. Өйткені жоғарыда айтқанымыздай еңбек те
құлшылық болып есептеледі. Ал жалқаулық – адам-
ды бойкүйездікке салып, дүние
істері мен ақырет
амалдарына салғырттық
танытуына әкеліп соғатын
аса қатерлі дерт. Адамзатқа үлгі ретінде жіберілген
Пайғамбарымыз (с.а.с)
жалқаулық кеселінен пана
тілеп, Алла тағалаға сыйынатын болған. Өзінің (с.а.с)
даналыққа толы бір хадисінде
«Жұмыссыз қол қусырып
отыру адамның жүрегін өлтіреді» деп қатаң ескерткен.
Бұл жайлы Абай атамыз да бір сөзінде: «Тамағы тоқтық,
жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген. Тағы
бір өлеңінде жұмыс істеу турасында:
«Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң
36
Ибраһим әл-Һарби.
75
Үміт cәулесі
Бола ма дәулет, нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде» – деп жырлаған.
Асыл дініміз мал-мүлік
жинап дәулетті болуға
тыйым салмайды. Өйткені дүниелік заттар адамның
пәни өмірлік қажеттіліктеріне жатады. Қайта Ислам
діні адамға өзгелерге кіріптар болмауы үшін кәсіппен
айналысып еңбек етуін бұйырады. Алла тағала Құран
кәрімде:
ًاريِثَك َ َّللا اوُرُكْذاَو ِ َّللا ِل ْضَف نِم اوُغَتْباَو ِضْرَ ْلا يِف اوُرِشَتناَف ُة َل َّصلا ِتَي ِضُق اَذِإَف
َنو ُحِلْفُت ْم ُكَّلَعَّل
Достарыңызбен бөлісу: