Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


ие болған үйлерден немесе достарыңның үйлерінен



Pdf көрінісі
бет42/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98
Үміт сәулесі

ие болған үйлерден немесе достарыңның үйлерінен 
тамақ жеулеріңде айып жоқ» («Нұр» сүресі, 61-
аят) деген аят бар. Бұл аятта достың отбасы сенің 
де отбасың екендігін білдіруде. Өйткені бұрындары 
үйлерінің кілттерін көршісінің, досының үйіне тастап, 
қалағанынша қолдануына рұқсат беріп кететін болған. 
Бірақ бұған қарамастан жоғарыдағы аят түскенге 
дейін кілтті тастап кеткен үйден, достың үйінен тамақ 
жемейтін. Аят түскеннен кейін мұсылмандар досының 
үйінен қалағанынша қолдана алатын болды.
Баяғыда бір ғұлама былай деген екен: «Бауырыңның 
саған қандай да көмек бергенін қаласаң, оған 
жағдайыңды айт. Егер ұмытып кетсе, екінші рет есіне 
сал. Онда да саған көмек бермесе, тәкбір айт та, мына 
аятты оқы: «Өлгендерді Алла тағала қайта тірілтіп 


86
Үміт cәулесі
жан бітіреді» («Әнғам» сүресі, 36-аят). Сосын ол 
досыңды жоқтап, жаназа намазын оқы».
Ибн Шұғбаның елу үш досы болған екен. Бір күні 
досының бір мәселесін шешуге көмектеседі. Досы 
Ибн Шұғбаға риза болып сый-сыяпат жібереді. Мұны 
көрген Ибн Шұғба досына: «Сыйлығыңды кері ал. 
Саған көмектесу менің міндетім. Егер досың саған 
көмектеспесе, дәрет алып төрт рет тәкбір айт та, оны 
өлдіге сана» деген екен.
Пайғамбарымыз: «Әй, Әбу Хұрайра, көршіңмен 
араңыз жақсы болсын. Сонда ғана шын мұсылман 
боласың. Досыңа да адал бол. Сонда шын мүмин 
боласың», – дейді.
Алла разылығы үшін досына амандаса барған 
адамға періштелер былай дейді: «Жарайсың, әр 
қадамың сен үшін жақсылық, жұмақ та саған жағымды 
болды». Ата ибн Әбу Рәбах былай дейді: «Үш күн бойы 
көріспесеңдер, достарыңды іздеңдер. Егер ауырып 
қалса, барып көңілдерін сұраңдар. Егер қиналып жатса, 
көмек беріңдер. Ұмытып кетсе, естеріне түсіріңдер».
Бірде Ибн Омардың жан-жағына қарап әлдекімді 
іздеп тұрғанын байқаған Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан 
кімді іздеп тұрғанын сұрайды. Ибн Омар әлдекімді 
жақсы көретінін, сол адамды іздеп тұрғанын айтады. 
Сонда Ардақты елші (с.а.с.) оған: 
Егер біреуді жақсы көрсең, атын, әкесінің атын 
және тұратын жерін сұрап ал. Егер ол ауырып жатса, 
көңілін сұрап бар. Қиналып жатса, барып көмектес, – 
дейді.
– Басқа бір риуаятта «Оның атасының атын
шыққан руы мен тегін сұра», – деген де сөз бар. «Мен 
бір адамды жақсы көремін. Бірақ атын білмеймін, 


87
Үміт cәулесі
түрін ғана танимын», – деген біреуге Шағби: «Ол 
ақымақтардың таныстығы», – деген екен. 
Ибн Аббас: «Сен үшін адамдардың арасындағы 
ең сүйіктісі кім?» деген сұраққа «Досым» деп жауап 
берген екен. Сол Аббас бірде: «Ешқандай мұқтаждығы 
болмаса да менің мәжілісіме үш рет келген адамның 
марапатының қаншалықты көп болатынын тіпті еле-
стете алмаймын». Саид ибн Ас былай дейді: «Үш рет 
менімен отырған адамға бауыр басып, кейін ол кел-
ген сайын қуанып қаламын. Ол сөйлесе, жақсылап 
тыңдаймын. Ығысып жанымнан орын беремін». Қазақ 
халқының: «бір көрген біліс, екі көрген таныс, үш 
көрген туыс» деген. 
Достық өзара жаман сөздердің болмағанын талап 
етумен қоймай, екеуара түсіністік болуын да қажет етеді. 
Осы тұрғыдан алғанда арадағы жылы-жылы лебіздер 
достықтың жетекші құралы бола алады. Қамкөңіл 
жанның бір мезгіл жағдайын сұрап, аз-маз отырып 
көңілін көтеріп әңгіме айту әлгі кісінің қаншалықты 
бақытты ететінін білсеңіз ғой?! Сол секілді өмір бойы 
жаныңда жүріп, барлық қыр-сырыңды білетін жақын 
адамыңнан бір мезгіл жылы сөз есту кісіні керемет 
қуанышқа бөлейді. Баяғының қариялары «сөйлесетін 
адам құрып бара жатыр» деп жылайды екен. Кейін 
түсінсек, ол кісілер қатарының азайғанын ойлап 
қайғырады екен ғой. Әйтпесе жер бетінде сөйлесетін 
кісі қалмайды емес, қалады. 
Хазірет пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: 
«Егер досыңды жақсы көретін болсаң, оған жақсы 
көретініңді айтып білдір». Жақсы көретініңді айту 
арадағы достық пен махаббатты одан сайын арттыруға 


88
Үміт cәулесі
сеп болады. Бұған қоса досыңа жиі сыйлық беріп 
отырған да абзал, бұл да пайғамбарымыздың аманаты.
«Үш түрлі мінезіңді көргенде досыңның саған де-
ген көңілін одан сайын күшейтеді», – деп хазірет Омар 
айтқан үш мінез төмендегідей:
1. Кездескенде бірінші болып сәлем беру,
2. Отырғанда қасыңа келсе, ығысып орын беру;
3. Өзі жақсы көретін есімімен немесе лақап атымен 
атау. 
Саған жасаған жақсылығына алғыс айтуың да 
досыңның сендегі бір ақысы. Хазірет Али былай дейді: 
«Досының жақсы ниетіне алғыс айта алмаған адам 
досының жасаған жақсылығына да алғыс айта алмай-
ды». Досыңның көңілін жаулап алудың ең төте жолы 
досыңды сыртынан әлдебіреу жамандап жатқанда оны 
ақтап алу. 
Қандай жағдай болса да қорғап-қолпаштап отыру. 
Сенің осындай қасиеттеріңді білген досың сенімен өмір 
бойы достық құруға дайын болады. Сен өзіңнің қалай 
еске алынуыңды қаласаң, өзгені де солай еске ал. Ондай 
жағдайда екі өлшем бар:
Алғашқысы, егер сен жайлы жаман сөз айтылғанда 
досыңның сені ақтап алғанын қаласаң, сен де досыңды 
сырттай қорғаштап жүруің керек. Екіншісі, досыңның 
әрдайым сенің ол жайлы айтқандарыңнан хабар-
дар болады деп біл. Сол кезде тіліңді ғайбаттан да 
қорғай аласың. Сахабалардың бірі былай дейді: «Мен 
әрдайым досымды жанымда жүр деп санаймын. Тек 
қана досымның естігісі келетін сөзді айтамын». Ал 
тағы біреуі болса: «Менің досым әңгіменің арқауы 
бола бастаса, мен өзімді сол досымның орнына қоямын. 


89
Үміт cәулесі
Өзіме ұнаған сөзді оған да қатысты қыламын». Демек, 
«досыңды мақтағаның – өзіңді жақтағаның».
Есіңде болсын, досыңның білімге мұқтаждығы 
дүние-мүлікке деген мұқтаждықтан анағұрлым артық. 
Егер білгенің бар болса досыңмен бөліс. Дін мен 
дүниеде оған ең пайдалы дегендерді ұсынуың керек. 
Егер ол кей жерлерде жаңсақ кетіп жатса, сенің міндетің 
оған ақыл айту. Қандай жағдайда жаның ашып көрген 
жаман қасиеттерін оның өзіне айтып ескертіп отыр. 
Бірақ осының бәрін оған оңаша айтып, намысына ти-
мей, кінәламай, жылы-жылы сөзбен жеткізуің керек. 
Пайғамбарымыз: «Мүмин – мүминнің айнасы» дейді. 
Ақылды адам өзгенің қатесінен сабақ алған адам. Өзге 
адамдарға қарап жүріп өзіңнің мінез-құлқыңды да 
дұрыстауға болады. 
Имам Шафиғи былай дейді: «Досына жасырын на-
сихат айтқан адам шынымен де досына насихат айтқан 
болып саналады. Ал жұрттың алдында ақыл айтқан 
адам досының кінәларын бетіне басып, кемшілігін 
әшкерелеген болады». «Саған кемшілігіңді айтқан адам-
ды жақсы көресің бе?» деп сұраған біреуге Мусри: «Егер 
оңаша жерде айтса, басымды иемін. Ал көпшіліктің 
ішінде айтса, ұнатпаймын», – деген екен.
Алла тағала да қиямет күнінде мүмин құлына 
күнәларын жасырын айтып, оны жұмаққа алып бара-
тын періштелердің қолына ана адамның амал дәптерін 
мөрлеп береді. Періштелер жұмақ есігінің алдына кел-
генде мөрлі амал дәптерін адамның өзіне береді. Ал 
Алланың азабына душар болғандарға келсек, оның 
күнәларын мына өмірде куә болған адамдар жайып 
салады. Сонда дүниедегі күнәлары жеке-жеке аталған 
адам қатты қысылып азапталады. Міне, мұның бәрі 


90
Үміт cәулесі
біз үшін дүниеде кісі айыбын жария айту мен оңаша 
айтудың айырмашылығын көрсеткендей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет