Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


«Намаз оқыған соң, әр тарапқа ағылыңдар



Pdf көрінісі
бет38/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   98
Үміт сәулесі

«Намаз оқыған соң, әр тарапқа ағылыңдар 
да Алланың кеңшілігінен несібелеріңді іздеңдер. 
Сондай-ақ Алланы көбірек еске алыңдар. Әрине 
(жетістікке жетіп, азаптан) құтыласыңдар» («Жұма» 
сүресі, 10-аят) – деп, мұсылмандарды құлшылықтарын 
өтеп болғаннан соң, жер бетіндегі ризықтарды іздеп, 
адал еңбек етуге шақырады. Әз елші (с.а.с) «Алла 
тағала белгілі бір мамандық иесі болған құлды жақсы 
көреді» – деген хадисінде де жұмыс істеуге ынталан-
дырады. Мұсылман адамға арамдық араласпаған кез-
келген таза, адал кәсіппен айналысып, сол арқылы өз 
ризық-несібесін тауып жеуіне рұқсат. Және нәпақасын 
табу жолында өзгелерге еш зиянын тигізбеуі керек. Со-
нымен қатар, дүние табамын деп жүріп, Алланың парыз 
еткен міндеттерін де ұмытып кетуіне болмайды. Оның 
жұмысы мойнындағы міндеттеріне, құлшылықтарына 
кері әсерін тигізбеуі лазым.


76
Үміт cәулесі
Алла елшісі (с.а.с):
«Ешкімге де маңдай терімен 
тапқанынан артық ризық бұйырмаған. Дәуіт пайғамбар 
да өз еңбегімен күн көрген» дейді. Меккеде жүргенде са-
удамен де айналысқан және үй шаруасына да араласуды 
намыс көрмеген. Айша анамыз сүйікті елшінің (с.а.с) 
қолы бір босамайтындығын айтқан. Міне, осылайша 
адамзаттың ең ардақты тұлғалары, хақ расулдарының 
өздері өзгеге үлгі болып, тер төгіп, еңбек етуді ар 
санамаған, өз нәпақаларын ешкімнің қолына қарамай 
өздері табатын болған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
«Менің сахабаларым аспандағы жұлдыздар тәрізді, 
олардың қайсы біріне ерсеңдер де адаспайсыңдар» – 
деп турашылдығына куәлік берген сахабалары да дүние 
тіршілігіне араласып өз нандарын өздері тауып жеген. 
Олар саудамен айналысқан, құрма бағын өсіріп бағбан 
болған, мал асырап баққан және тағы да басқа кәсіп 
түрлерімен айналысқандықтарына тарих куә. 
Ислам адам баласына дүние-мүлкін тек қана адал 
жолмен тауып, дәл сол тазалықты ұстанған түрде адал 
жолда жұмсауын бұйырған. Пайғабарымыз (с.а.с) «Пен-
де қиямет күні төрт нәрседен сұралмайынша, алға 
жылжи алмайды. Олар: Өмірін қалай өткізгендігі
денсаулығын қалай тоздырғандығы, дүние мүлкін қалай 
тауып, қайда жұмсағандығы және ілімімен қалай амал 
еткендігі» дейді. Тағы бір хадисте: «Кез-келген пенденің 
харам әбден сіңген тәніне тозақ оты ғана лайықты» 
деп қатаң ескерткен. Осы хадистерді негізге алған 
мұсылман асының адал болуын қатты қадағалайтыны 
сөзсіз. Хазірет Әли (р.а) «Асының адал болуын ойлап, 
сол үшін уайым шеккен адамдарды жаннат сағына 
күтеді» деп, адал кәсіптің маңыздылығына аса мән бер-
ген. Адал кәсіптің осы дүниеде де берер жемісі көл-


77
Үміт cәулесі
көсір. Өйткені ондай табыстың берекесі мол келеді. Ал 
арам жолмен тапқан адамның табысы қаншалықты көп 
болса да, берекесіз болады. Және ондай табыс иесінің 
жүрегіне тыныштық күйін сыйламайды, әрдайым өзін 
жайсыз сезінеді. «Арамнан алған түйеден, адалдан алған 
ешкі артық» деген аталы сөз бекер айтылмаса керек. 
Адалдан тапқан асты ғана жеу дұғаның қабыл 
болуының негізгі шарттарының бірі. Ардақты 
пайғамбарымыз (с.а.с) Әбу Хұрайрадан жеткен бір 
хадисінде: «Уа, адамдар! Расында Алла пәк, тек таза 
нәрселерді (яғни, халал жолмен табылғанды, рұқсат 
етілгенді) ғана қабыл етеді. Шын мәнінде, Алла 
елшілерге бұйырғанын мүміндерге де бұйырды. Хақ 
тағала: «Уа, елшілер! Таза ризықтардан жеңдер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет