Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет47/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   98
Үміт сәулесі

ӨМІР ТАУҚЫМЕТТЕН ТҰРАДЫ
Дүние бір жағынан көз тартарлық ләззаттарға толы 
болғанымен, екінші жағынан шаршататын күйбеңі де аз 
емес. Ата-ана, әйел, бала-шаға, дос-жаран, баспана – осы 
сияқты нәрселердің бәрі бір жағынан адамға қуаныш 
сыйласа, екінші жағынан шаршатып-шалдықтырып 
әбігерге салады. Тіпті кейде жағымсыз жақтары да ба-
сып кетіп жатқан секілді сезіледі.
Алла тағала бұл дүниеде барлық нәрсені жұп 
қылып жаратып, бір-біріне қарама-қарсы сипаттардың 
болғанын қалады. Жақсылық пен жамандық, қуаныш 
пен қайғы, өлім мен өмір, ақ пен қара, ыстық пен суық 
секілді. Нәтижесінде жақсылық, қуаныш жаннатта бол-
са, жамандық атаулының барлығын Алла тағала тозаққа 
жинайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде:
49
«Шұғара» сүресі, 78-аят. 


100
Үміт cәулесі
»ٌمِّلَعَتُمو،ٌمِلاَعو ُهلاو امو ،للاُركذ لِإ،اهيف ام نوُعْلَم ،ٌةَنوْعلَم اينُّدلا«
«Дүние лағынеттелген және ондағы бүкіл 
нәрселер де лағынеттелген, тек Алланы еске алу
Оны дос қылатын нәрселер, ғалым және білім алу-
шылар бұдан тыс»
50
 , – деп дүниенің алдамшылығын 
білдірген. Сондықтан қиялға берілмей, шынайы 
тіршілік жағдайында өмір сүру керек. Өмірді шынайы 
бейнесінде қабылдап солай ғұмыр кеш. Өзіңді тұрған 
жеріңе, айналаңа бейімде. Еш уақытта саған мінсіз дос 
табылмайды және өзің де мінсіз бола алмайсың. Өйткені 
бәрі жеткілікті болу, бәрі мінсіз болу бұл дүниеге тән 
емес.
Бұл өмірдің қаталдығынан өкінбе, өйткені жалған 
ғұмырың машақаттан, қу тіршіліктен тұрады. Арасында 
қуанышты сәттер де орын алып жатады. Бірақ оның бәрі 
де өткінші. Сондықтан Алла тағала өзінің сүйген, әулие 
құлдарын бұл жерде тұрақты етпеген.
Бұл өмір сынақ болмаса, мұнда ауру мен машақат, 
кедейшілік кездеспес еді. Алайда Нұх (а.с.) өз 
қауымынан қатты азап көрді, оны келеке етті, Ибраһим 
(а.с.) отқа тасталды, Яқуб (а.с.) жылағаны сонша
көз жанарынан айырылды, Аюб (а.с.) өлімші ауруға 
шалдықты, Мұхаммед (а.с.) кедейшілікпен өмір сүрді, 
жаулары достарын өлтірді, өзін отанынан қуды. Осы-
лайша Алланың сүйген құлдары мен пайғамбарлар 
әрдайым бұл өмірде қиыншылық көрді.
Бір жолы Хақ Пайғамбар хазірет Әбу Бәкір және 
Омармен түн ортасында Мәдинаның бір көшесінде 
ойламаған жерден кездесіп қалып, бір-бірінен түн 
жарымында неге сыртқа шыққанын сұрасады. Сонда 
50
Тирмизи. 


101
Үміт cәулесі
үшеуінің де жауабы бір жерден шығып еді: «Аштық 
итермеледі». Иә, үшеуі де Алла үшін барын беріп жүрсе 
де, өздеріне азық боларлық бір тілім нан таба алмағаны 
үшін дөңбекшіп ұйықтай алмай, сыртқа шыққан еді
51

Олар өздері үшін емес, өзгелерді бақытты ету үшін 
ғұмыр кешті. 
Егер бұл дүние рахаттану үшін, ләззат алу үшін 
жаратылғанда, бұлар мұндай күй кешпес еді. Алла 
елшісі (с.а.с.): «Дүние – мүміннің зынданы, кәпірдің 
жәннаты» деп айтпас еді, «дүниеде аш болғандар 
ақыретте тозақ отын көрмейді» деп сүйіншілемес еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет