102
Үміт cәулесі
ақыреттегі мәңгілік бақытқа осы дүние арқылы қол
жеткізетіндігіміз айтылған.
Мұсылман адам дүниені дұрыс бағамдай алған кез-
де ғана шынайы міндетін дұрыс атқара алады. Әйтпесе
асырасілтеушілікке немесе мүлдем немқұрайдылыққа
салынып, тепе-теңдікті жоғалтып алады. Ислам дінінің
түпкі мақсатын дұрыс түсінгенде ғана осы дүние мен
ақыретте бақытқа қол жеткізе алмақ. Онда негізгі өлшем
қандай болмақ? Негізгі өлшемді де бізге бекітіп берген,
бізді жаратқан Алла тағала. Ол Құран кәрімде:
اَيْنُّدلا َنِم َكَبي ِصَن َسنَت َلَو َةَر ِخ ْلا َراَّدلا َُّللا َكاَتآ اَميِف ِغَتْباَو
«Алланың саған бергендерімен ақырет жұртын
қала, бірақ дүниедегі нәсібіңді ұмытпа!» – деп
(«Қасас» сүресі, 77) алтын қағиданы белгілеген. Бұл
аятта «ибтағи» (жан дүниеңмен қалау) етістігі ақырет
үшін қолданылған. Яғни, Алланың осы дүниеде бер-
ген несібелерінің (ақыл-сана, денсаулық, мал-дүние,
бала-шаға т.б.) игілігін көрумен қатар негізгі мақсат,
ақыретті ұмытпау керектігі баса айтылып тұр. Мұны
мұсылман ғалымдары «дүниеге дүниедей, ал ақыретке
ақыреттей мән беру» деп түйіндеген.
Міне, дүниені екі келбеті тұрғысынан бағамдасақ,
дүниеде де ақыретте де ізгілікке кенелгендерден бола-
мыз. Ол дегеніңіз дүниені жүректе емес, қолда ұстау
түсінігі. Сондай түсінікке ие
бола алсақ, Қарунның
байлығындай самсаған
байлыққа қол жеткізе ала-
мыз. Өйткені Алла тағала бізді жер бетіне халифа етіп
жіберген. Пайғамбарымыздың саңлақ сахабасы Абдур-
рахан ибн Ауф (р.а.) шет елдермен сауда жасасатын өте
бай кісі еді. Пайғамбарымыз оған «Неге бай боласың?»
деп ұрысқан емес. Досы Әбу Бәкір (р.а.) де, Осман да
103
Үміт cәулесі
дәулетті еді. Кейбір ғибратты кітаптарда баяндалғандай
Алланың досы атанған Ибраһим пайғамбар (а.с.) да өте
бай болған екен. Періштелердің өзі «Уа, Жаратқан, Сен
Ибраһимді досым дейсің ғой» деп соншама байлық
пен достықты қалай бағамдаудың мәнісін түсіне ал-
май сұраған кезде «Шынайы дос па, емес пе, білу
үшін оны сынап көріңдер» дейді. Періштелер ұзақ
жолдан әбден титықтап, шаршап-шалдыққан жолау-
шы бейнесінде келіп, аш екенін айтып, тамақ беруін
сұрайды. Ибраһим пайғамбар бір қойды сойып жіберіп,
етін пісіріп әкеп алдарына қояды. Олар тамаққа қол соза
бере «бисмиллә» деудің орнына періштелерге ғана тән
«Суббухун, Қуддусун, Раббул-мәләикәти уәр-Рух» де-
ген зікірді айтады. Жаратқанды жанынан артық жақсы
көретін ынтық пайғамбар
бұл керемет сөздерге таң
қалып «Құдай үшін өтінемін, қойларымның төрттен
бірін сендерге берейін, әлгі ғажап сөздерді тағы бір
рет айтыңдаршы» деп қиыла сұрайды. Періштелер
қайталайды. Бұл жолы Ибраһим (а.с.) «жартысын сен-
дерге берейін тағы бір рет қайталаңдаршы» деп, ақыр
соңында қойларының
барлығын әлгі қонақтарына
береді. Сонда ғана періштелер Жаратқанның Ибраһимді
неге досым деп атағанын ұққан екен.
Тақауа әрі ілімді Имам Әбу Ханифаның да бай,
дәулетті кісі болғаны тарихымызда белгілі. Дүниеге
айрылмастай жабысып қалмай,
қажет кезінде елдің
игілігі үшін жұмсай білсек, дүниенің көптігінің зияны
тимейді. Қайта елге пайда әкеледі. Мұсылман дәулетті
болмаса парыз етілген зекетті кім төлеп, міндеттелген
қажылыққа кім барады, кім мешіт-медресе, көпір, жол,
аурухана мен ғылым ошақтарын салады?