Диапазон (dia-pason) - дауыстың немесе аспаптың ең төменгі дыбыстан ең жоғары дыбысқа дейін аумағы. Диапазон - табиғи қасиет, бірақ дауысты дамытатын әдістерді орнымен дұрыс қолдана білсек, табиғи диапазонды кеңейтуге болады.
Дикция (лат. dicto) - әншілердің ән салудағы музыкалық әуен мен әдеби мәтінінің ішкі мазмұндық сабақтастығын терең түсініп орындау дағдысы - дикция (мақам) деп те айтылады.
Динамика (гр. dinamic) - сөздің мағынасына кеңінен қарасақ, ол музыкалық дамуында, орындалу барысында тыңдаушы байқаған кез келген өзгерістер динамика деп айтылады. Олар екпінге, дауыс күшіне қатысты. Негізгі динамикалық бояулардың шкаласы.
ppp - (piano-pianissimo) - төтенше жай
pp - (pianissimo) - өте жай
p - (piano) - ақырын, жай
mp - (mezzo-piano) - бір қалыпты жай
mf - (mezzo-forte) - орташа күшпен
f - (forte) - қатты, күшті
ff - (fortissimo) - өте қатты
fff - (forte-fortissimo) - төтенше қатты Крещендо белгісі - бірте-бірте күшейтеді Диминуендо - бірте-бірте жайлатуды білдіреді
Дискант (лат. discantus) - 1.Ұл балалардың жоғарғы дауысы - диапазоны (до1- соль2); 2. Балалар хорында жоғары дауыста орындайтын партия.
Диско – 1970 жылдарда АҚШ-та пайда болған, әеуеннің бірі ырғаққа ба- ғындырылған поп-музыканың жаңа бағыты. Диско сөзінің шығу тегі испан итальяндақтарға тән, француздардың disgue және ағылшынның «disk» сөздерінің синонимы (диск, пластинка). Бұл бағыттағы музыкадық шығармалар негізінен дискотекаларға орындалу үшін жазылады.
Диссонанс (фр. dissonance, лат. dissonantia) - үндеспейтін, құлаққа жағымсыз дыбыстардың қосындысы.
Достарыңызбен бөлісу: |