Сабақ мақсаттары
Графиктік мәтіндегі ақпаратты талдайды, негізгі үдерісті
анықтай алады.
Құндылықтарды дарыту
елжандылық, патриотизм;
жұптық
және
топтық
жұмыстар
орындау
барысында
өзіне және
айналадағы
адамдарға
деген құрмет.
өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;
жаңа идеялар ұсыну барысындағы зияткерлік әлеует
Пәнаралық байланыс
Экономика, география
Бастапқы білім
Индустрияландыру: ұлттық өндіріс
Тірек сөздер
Отандық өнім, ішкі өнім, импорт,
Сабақтың жүргізілу барысы
Оқылымалды тапсырмалар.
1-тапсырма. «Уақыт шеңбері» тәсілі. «Отандық өнімді импорттау» тақырыбында
өздеріңіздің идеяларыңызбен, тәжірибелеріңізбен және ойларыңызбен бөлісіңіздер.
Нұсқаулық:
Уақыт шеңберіндегі ең маңызды ереже –
талқылауға барлығы түгелдей қатысулары керек. Негізгі үш ережені талқылау керек:
Тек бір адам ғана сөйлейді.
Егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөз
кезегін» басқаға бере аласыз.
Ешқандай қатты ескерту болмауы керек.
2-тапсырма. Бүгінгі күні өндірісі жолға қойылған Отандық компаниялар мен
өндірістерді, шаруашылықтарды тізіп жазыңыз.
Тізіміңізді жұбыңызбен талқылаңыз, толықтырыңыз.
Оқылым тапсырмасы. Берілген гафиктік мәтіндегі ақпаратпен танысыңыздар.
Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топ өз мәтінін алады.
3-тапсырма. Мәтіндер бойынша ақпарат дайындап, сыныпты «Әлемді шарлау» тәсілі
негізінде таныстырыңыз.
Нұсқаулық:
-ақпаратпен танысыңыз;
-мәліметтердің өңделуіне назар аударыңыз;
-жұмысқа баға беріңіз: ескертулер мен толықтырулар жасаңыз.
І топ
Достарыңызбен бөлісу: |