«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет30/73
Дата06.05.2024
өлшемі3.21 Mb.
#500653
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ

Ұсыныстар
 
Бағалау
 
Жазылымнан кейінгі тапсырма. «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы өз 
еркіңізбен эссеңізді оқыңыз. 
Бағалау критерийі 
Дескриптор 
Мәтіндердегі ақпаратты салыстырады және
маңызды тұстары мен үрдістерді саралап 
аргументативті эссе жаза алады. 
1. Мәтін мазмұнын түсінеді, нақты 
аргумент айта алады 
2. Аргументативті эссенің ерекшелігін 
сақатай отыра, жаза алады 
3. Өзінің жұмысын мәнерлі оқи алады. 


2.7 Индустрияландыру: ұлттық өндіріс 
Оқу мақсаттары 
10.3.6.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын 
(ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік 
түзетулер енгізу, редакциялау 
Сабақ мақсаттары 
Мақала жазуда абзац пен бөліктерге бөле алады, ойын 
жүйелі жеткізе алады, өзінің және өзгенің жұмысына 
түзетулер енгізіп, редакциялай алады. 
Құндылықтарды дарыту 
 

елжандылық, патриотизм;

жұптық 
және 
топтық 
жұмыстар 
орындау 
барысында 
өзіне және 
айналадағы 
адамдарға 
деген құрмет;

өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

жаңа идеялар ұсыну барысындағы зияткерлік 
әлеует 
Пәнаралық байланыс 
Экономика, өнер. 
Бастапқы білім 
Индустрияландыру: ұлттық өндіріс 
Тірек сөздер 
Бренд, фабрика, жеңіл өнеркәсіп, жеке кәсіпкер, эмблема 

Сабақтың жүргізілу барысы 
Жазылымалды тапсырма. Суреттегі негізгі ақпаратты 3 құрмалас сөйлеммен 
беріңіз. Идеясын 1 сөйлеммен немесе мақал-мәтел, даналық сөзбен беріңіз.  
1115081195 
 

Жазылым тапсырмасы. 
1-тапсырма. «Ұлттық өндірісті дамыту – ұлттық бет-бедерімізді сақтаудың кепілі» 
тақырыбында мақала жазыңыз. Мақаладағы сөз саны – 150-200 сөз. 
Мақала - аналитикалық жанрына, маңызды мәселені көтеретіп, шағын көлемде, 
публицистикалық стильде жазылатын туынды. 
 Мақаланың құрылымы: 
Кіріспе бөлім 
Негізгі бөлімі 


Қорытынды бөлім 
Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы 
тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз 
мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала - бір мағына, бір 
тақырып. 
Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ 
қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып – 
мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт 
сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам – лид. 
Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін 
парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді 
жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын 
ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз. 
Әр сөздеріңізге (факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың 
қалыңдығы (ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез 
әрі жеңіл қабылдайды. 
https://yvision.kz/post/556610 
2-тапсырма. «Қытайша десерт» әдісі арқылы сыныптастарыңыздың мақалаларын оқып
кері байланыс беріңіз. Түзетулер болса, қайта редакциялаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет