Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің үндестік алаңына айналып отырған шаһардың
әлеуметтік һәм рухани өміріндегі ілкімді ізденістер мен соны соқпақтар сөз болады. Бұған
қоса
уақыт пен талғамның, сын мен төзімнің тезінде шыңдалған жас қаланың «Орталық
Азияның жауһары» деген атаққа ие болу жолындағы батыл бастамалары мен тыңға түрен
салған идеялары ой елегінен өткізіледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Астананы феномен ретінде қарастырып, оның әлем
қауымдастығының рухани, діни және экономикалық орталығына айналып отырғандығын
айтады. Жиында «ЕХРО-2017 – болашақ энергиясы» жобасы таныстырылып, көрме
кешендері жайлы жан-жақты мәлімет беріледі және Астананың қазіргі мәртебесі мен
деңгейі оған тарихи, саяси,
экономикалық, мәдени, рухани, танымдық тұрғыдан алғанда
зор жауапкершілік жүктейтіндігі баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: