«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



бет4/5
Дата25.01.2022
өлшемі0.9 Mb.
#454787
1   2   3   4   5
13.01.21-Пікірлерді сәйкестендіру, оқылым

[Барлығы 10]
3-бөлім
Tөмендегі мақаланы оқыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.


Жергілікті жастарға бөлінетін грант
Жастар - еліміздің болашағы, сондықтан олардың бір-біріне түсіністікпен және құрметпен қарауының маңызы зор. Барлық жастарға өз жан-дүниесін байытатын әрі қоғамға пайдасын тигізетін өмір сүру үшін өз әлеуеттерін толық пайдалану мүмкіндігі берілуі керек. Мұндағы маңызды қадам — жастарды жағымды да өнімді іс-әрекеттерге тарту.
Бұл гранттың мақсаты — жергілікті жастарға жаңа тәжірибе алу жолдарын ұсыну, жаңа дағдыларға үйрету және қоғамдағы басқа мектеп оқушыларымен танысу мүмкіндігін беру арқылы жергілікті адамдардың арасын жақындату.
Біз жастарды мынаған үйретпекпіз:

  • өз талаптарын ашып, әлеуетін қызығушылықпен толық пайдалану;

  • жаңа дағдыларға үйрене отырып, өзіне деген сенімділік, өзіндік тәрбие және жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

  • топтық жарыстар өткізу арқылы ұжыммен жұмыс істеу дағдыларына үйрету;

  • топтық шараларға қатысу арқылы қарым-қатынасқа түсу, жетекшілік ету және ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

  • сабақтан тыс кезде де білім алу;

  • болашақтағы жұмысы және кәсіби өмірі үшін қажетті жеке және әлеуметтік дағдыларын дамыту.

Осы мақсаттарға жету үшін мына шаралардың біріне грант бөлгелі отырмыз:



  • жергілікті музыкалық фестиваль;

  • лагерь;

  • достық үйі;

  • спорт жарысы.

Жастардың төрт шараның қайсысы үкіметтің жергілікті қоғамға қатысты мақсаттарына жетуге көмектесетіні жайлы пікірлерін асыға күтеміз.


Сізден осы үкімет хабарландыруына жауап ретінде тиісті шара мен оны таңдау себептерін көрсетіп, ұстазыңызға хат жазуыңызды сұрады. Осы мәселеге қатысты өзіңіздің ойыңызды жазыңыз (кемінде 120 сөзден тұруы керек).


Тіл сапасы үшін қосымша он балға дейін беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет