Ірі құстардың шабуылы Бойлары екі метрге дейін жететін эму - Аустралиядағы ең ірі құс. Құрлықтың бүкіл өңірлерін мекен ететін бұл құс ғимарат салынған қалалық аймақтардан қашып, саванналы даланы мекендегенді жөн көреді. Алайда соңғы кездері эмулердің көптеп үлкен қалаларға ене бастағаны байқалды және мұның әкелетін салдары да аз емес.
Аустралияның климаты қатаң болғанымен, эму мұндай жағдайға бейімделіп алған. Қалыпты жағдайларда эму жалғыз өмір сүреді, ол - өсімдікпен, шөппен, жидектермен және жәндіктермен қоректенетін жануар. Қажет болса, апталап тамақсыз, сусыз жүре береді. Сонда мұндай төзімді, әдетте адамдардан жасқаншақ келетін құстарды қалаға айдап әкелген қандай жағдай? Мұның жауабы мынадай: соңғы айлардағы қалыптан тыс аптап ыстық пен бүкіл Аустралияны қамтыған құрғақшылық көп жерлерді құнарсыздандырып жіберді.
Осындай жағдайларда эмулер топтарға бірігіп, азық көзіне қарай жылжиды. Осындай бір топ құс тамақ іздеп Квинсленд штатындағы Лонгрич қаласына келген. Бір күні таңертең отыз немесе одан да көп эму құстарының тобы қалаға баса көктеп кіріп, халық толы базарға кіріп келгенде жергілікті сатушылар үрейлене тұрып қалды. Құстар ызаланып сыпырғыш не басқа заттарды сермей жөнелген дүкеншілерге көңіл аудармай, азық іздеп дүкендердің сыртындағы сөрелерді тінте бастады.
«Эмулер бірнеше ай бұрын солтүстік жақтағы саваннадан келіп, қаланың айналасындағы құрғап кеткен жерлерден азық іздеп, түк таппай жүрген», - деді қаланың бір тұрғыны. «Қаланың шеткі аймағындағы тұрғындарына келіп, тінтіп кететіндері болатын, бірақ қаланың дәл ортасына келулері алғаш рет. Жеңіл және жүк көліктерге, автобустарға және басқа заттарға тіптен назар аудармайды. Бастары ауған жаққа барып, қажет кезде жолды кесіп өтіп жатыр. Бізді Құдай сақтады, әйтеуір».
Салмақтары 60 кг дейін жететін үлкен құстар салмағына қарамай, жылдам келеді. Ұша алмайды, қанаттары кішкентай, аяқтары ұзын әрі күшті. Қанаттарын тұрақтандырғыш құрал ретінде пайдалана отырып, олар сағатына 48 км жылдамдыққа дейін барып, сол жылдамдықпен ұзақ қашықтарға жетеді. Оған қоса басқа құстардан ерекшелігі эмудің балтыр бұлшық еті бар, яғни олардың ұзын аяқтары жоғары секіруге мүмкіндік береді.
Бір тұрғынның айтуынша, бір құс ұзын тырнақты аяқтарының арқасында темір сымды қоршаудан өтіп, бақшасын жайпап кеткен. Тағы бір тұрғын көршісінің артқы есігінің кеңінен ашық тұрғанын бір эмудің байқап қалғанын үреймен бақылап тұрған. «Ит өлердей арсылдады ғой, - деді Джэн Ньюман. – Құстың ит арсылын естігені даусыз, бірақ жаңа піскен құймақ иісіне төтеп бере алмады. Үйге кіріп, 5 секундтан кейін артынан қуған итпен бірге артқа ытқып шықты». Құс қорыққанынан 2 метрлік қоршаудан секіріп, өтіп бара жатқан көліктің төбесіне бір-ақ түсті.
«Ол қайдан шыққанын, не боп жатқанын түсінбей қалдым, - деді көліктің жүргізушісі Энди Халл. - Құс төбеге түсіп, жарылған әйнек бүкіл жерге шашылып, күшті апат болды».
Биолог Джордж Риддл мұны былай түсіндіреді: «Эмулер аштықтың арқасында тығырыққа тіреліп, батылданып келеді. Азық түрінің өзгеруі олардың денсаулығына кері әсерін тигізе ме деп қорқамын». Қуаңшылық әлі бітпегендіктен, құстардың қашан өз мекендеріне оралатыны белгісіз, бірақ Лонгричт тұрғындары эмулер қалаға келген күнді ешқашан ұмытпайтыны анық!
11 Эмулер негізінен қандай географиялық аймақтардан алшақ жүреді?
[1]
12 Эмулер неліктен Аустралияның қатаң климатына жақсы бейімделіп алған?
[1]
13 Неліктен эмулер өздерінің қалыпты мекендерінен жеткілікті азық таба алмады?
[1]
14 Эмулердің қандай әрекеттері дүкеншілерді ызаландырды?
[1]
15 Қаланың орталығына келмей тұрып, эмулер азықты қалай табатын еді?
[1]
16 Эмулердің қандай әрекеттері олардың өздеріне қауіп төндіреді?
[1]
17 Эмулер жүгіргенде тепе-теңдікті қалай сақтайды?