«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ


-бөлім Жасөспірімдердің өздерінің сүйікті топтары мен əншілері жайлы жазылған блогтарынан төрт үзіндіні оқисыз. 1-10



бет2/5
Дата25.01.2022
өлшемі0.9 Mb.
#454787
1   2   3   4   5
13.01.21-Пікірлерді сәйкестендіру, оқылым

1-бөлім
Жасөспірімдердің өздерінің сүйікті топтары мен əншілері жайлы жазылған блогтарынан төрт үзіндіні оқисыз. 1-10 сұрақтар үшін жас блогерлердің ішінен сəйкес келетінін таңдаңыз (A, Ә, Б немесе В). Әр әріпті бірнеше рет қолдануға болады.


1

Олар еске оңай сақталатын музыка жазады.







2

Әндері үшін марапатқа ие болған.







3

Олар қазіргіден де артық танымалдыққа ие болуы керек.







4

Олар жақында ғана алғашқы альбомдарын шығарды.







5

Олар жаңа музыка түрін ойлап шығару үшін түрлі стильдерді біріктіреді.







6

Олар блогер ойлағаннан мықты болып шықты.







7

Олар биге арналған музыка жазады.







8

Олардың өте мұңды да, өте көңілді де әндері бар.







9

Олардың құрамында аспапта ойнай алатын да әнші бар.







10

Олар басқа топтардың музыкасына ықпалын тигізді.





[Барлығы10]


А Марат
Бұл топ күннен күнге жақсарып келеді! Өткен жылы «Ең үздік жаңа топ» атағын алып берген алғашқы альбомдарынан асып түсу олар үшін қиынға соққан болар. Кейбіреулер келіспейтін шығар, бірақ өз пікірімше, жаңа альбом алғашқысынан озық сияқты. Хип-хоп, рок, метал мен электро музыка жанрларын үйлестіретін бірегей дыбыстар қоспасы арқылы олар поп-музыканың жаңа дыбысталуын ұсынды. Бір әндері уайым-қайғыға жетелесе, басқалары керемет бір бақытқа бөлейді. Ал Нуриктің жалғыз өзі гитарамен тартатын үшінші әні тіптен тамаша.
Ә Динара
Біреулеріңіз бұл топ әдеттегі топ деп санайтындарыңызды білемін, дегенмен жеке өзім оларды керемет поп-топ деп санаймын. Тыңдаған сайын көңіл күйім көтеріліп қалады. Олардың хит әндері көп және әуендері тез жатталады. Өзімде олардың екі альбомы бар, жақында бірінші альбомынан бастап барлық танымал әндерін қамтитын соңғы жинағын сатып алдым. Бұрынғы әндерінің онша емес екенімен келісемін, бірақ соңғы әндеріне шыр айнала билемейтін адам жоқ шығар. Топқа жаңа барабаншы келгелі Азаматтың лирикасы тереңдей түсті, топ өзінің ерекше әуенін шығару бағытында дамып келеді.
Б Серік
Соңғы он жыл ішінде жанкүйерлері көбейіп келе жатыр, олар қазіргіден де әйгілі болуы керек деп санаймын. Кириллдің гитара тарту өнері таңдай қағарлық, ал Асхат болса дүниедегі ең талантты барабаншылардың біреуі шығар. Альбомдарының ең соңғысы - эмоцияға толы рок пен рэптің тамаша қосындысы. Соның арқасында осы жылы «Ең үздік топ» атағын алады деп ойлаймын. Олардың басқа топтардың музыкасына тигізген әсері орасан зор. Қарлыққан, терең дауыс арқылы Кирилл әр әнді жүрегіңнің түбіне дейін жеткізеді, ал сөздері қандай мағыналы - өзі нағыз ақын. Әндеріне құлақ асып көрсеңіз, шын жүректен жазылғанына көзіңіз жетеді.

В Айжан
Бұл топ жайлы досым жақында шыққан дебют альбомдарынан бір әнді жүктеп алуымды сұрағанда ғана білдім. Ол әнді тыңдағаннан ләззат алғаным соншалық, сол мезетте альбомды сатып алуға жөнелдім. Топтың басты орындаушысы Мақпал бұлбұлдай ән салады екен, ал Айдананың скрипкасының үні қосылған кезде ән жаныңды рахатқа бөлейді. Оны тыңдағанда көз алдыма баяу әрі әсем қимылдар жасап билеп жүрген биші қыз елестейді. Альбомда бірде-бір жаман ән жоқ, барлығы - әдемі лирикамен нақышталған, терең әсер қалдыратын керемет әндер. Өзім үшін бұл топты тапқаныма сондай қуаныштымын, мен үшін олар - әрдайым «Ең үздік топ».


2-бөлім
Аустралиядағы экологиялық мәселе жайлы берілген мақаланы оқып, төмендегі сұрақтарға
(11-20) жауап беріңіз. Сөйлемді толық жазудың қажеті жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет