Ұсынылған әдебиеттер
1.Логопедия негіздері. 2017. Дүйсенбаев А.Қ., Балтымова М.Р
2.Логопедия. 2014. Өмірбекова Қ.Қ.
3.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова
Г.Б.
4.Қазақстан Республикасында балаларға білім беру мекемелерінің әр түрлерінде логопедиялық
жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны. 2014. ИбатоваГ.Б., Оразаева Г.С.
5.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова
Г.Б., Коржова Г.М.
6.Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы. 2014. Қ.Қ. Өмірбекова
Лекция 17. Брадилалия және тахилалия мазмұнына сипаттама.
1.Брадилалияны түзету-логопедиялық әдістемесінің негізгі бағыттары.
2. Тахилалияны түзету-логопедиялық жұмыс кезеңдері
Брадилалияны түзету барысында қолданатын логопедиялық тәсілдер сөйлеу процессінде сөйлеу
қимылдарының жылдамдылығы мен нақтылығын тәрбиелеуге бағытталады: сөйлеу
реакциясының жылдамдығын, ішкі сөйлеу жылдамдығын оқу мен жазудың жылдамдығын,
сөйлеудің просодикалық жағын (ырғақтылығы, әуезділігі, екпін, үзіліс).
Брадилалияның ауыр түрлерінде алдымен жалпы моториканы қалыпқа келтіру қажет:
координацияны, бағыттылығын, жалпы қимылдарын жылдамдату, қолдың праксисін
қалыптастыру, естіп, көріп қабылдауын дамыту, ырғақты қабылдап қайталау т.б. Моторика
қалыпқа келе бастағанда сөздік материалдар қосылады.
Түзету жұмыс барысында әртүрлі сөздік жаттығулар қолданады. Негізгі жаттығулар:
әртүрлі деңгейдегі сөздік материалдарды айтқызу (буын, сөз, фраза, жаңылтпаш т.б); оқу
(логопедпен бірге сосын өз бетімен магнитофонға жылдам жазылған сөздік материалдарды
тыңдап, қайталау, ырғаққа сәйкес сөздік материалдарды айту, оқу т.б.
Логопедиялық жұмыста логопедиялық ритмика, музыканың ырғағымен жүру, жүгіру,
секіру, ритмикалық жаттығулар, өлең айту, сюжеттік қимыл – ойындар кеңінен қолданады.
Сонымен, брадилалияны түзету жұмысының негізгі бағыттары:
-
Нақты сөйлеу артикуляциясын тәрбиелеу;
-
Сөйлеу реакциясын жылдамдату;
-
Оқу мен жазудың жылдамдығын күшейту;
-
Моториканы қалыпқа келтіру;
-
Қолдың праксисін қалыптастыру;
-
Көру және есту зейінін дамыту;
-
Ырғақтылықты қабылдау мен қайталауын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |