жаттығулар басталады. Дауысты дыбыстар артикулемаларымен жұмыс
оларды сыбырлап айтқызу
бойынша жалғастырылады.Мұндай кезектілікте ауыз арқылы тынысты еркін шығару дағдысы
бекітіледі және дыбыс айту мүшелерін белсенділеу кезінде, есту
арқылы қадағалау жасамай-ақ
машықтандырылады. Баланың бар назары үнемі артикулеманың сапасы мен ауыз арқылы тыныс
шығарудың бағыттылығына аударылады. Дыбысталуға назар аударылмайды. Қатаң дауыссыз
дыбыстардың артикуляциялық
қалпын баланы логопедтің
артикуляциясына көру арқылы, ауызша сипаттауына еліктетіп
(еріндердің қалпы, тілдің қалпы, ауыздың ашылу деңгейі сипатталады) жасауға болады. Бала
дыбыстың айтылуын естімеуі керек. Қалыптастырылған
қатаң дауыссыз дыбыстардың
артикулемалары №2 кестеде белгіленеді.
№2 кесте
Тыныс алу
Дауыссыз тыныс шығару
Ауыздың суреті
Артикулемалардың суреттері:
1)
дауысты дыбыстар:
а,ә,э,о,ө,ы,ү,ұ,у,й,я,е,е,ю;
2)
қатаң
дауыссыз
дыбыстар:
ф,с,ш,щ,х
Жұмыстың дайындық кезеңінде фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар мынадай кезектілікпен
қалыптастырылады: ф,с,ш,щ,х. Дауыссыз дыбыстарды қалыптастыру: ф-дыбысынан басталады.
Себебі, артикуляциясы өте қолжетерлік. Бұл артикуляциялық қалыпты бала көре алады, логопед
тексере алады.Бұл дыбыстың ұзақ айтылуы, әдейілеп созу мүмкіндігі баланың назарын ауыз арқылы
тыныс
шығаруға аударып, қадағалауға мүмкіндік береді. Үзілмелі дыбыстар тобы бұл жағынан
күрделі болып келеді (бұл дыбыстар қысқа); сондықтан олармен жұмыс кейінірек жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: