Әдістемелік нұсқаулар:
Студенттер отбасы формаларымен және олардың трансформацияланған формаларымен таныс болу. Заманауи отбасы мәселелерін талдау.
Неке және отбасы ұғымдарына анықтама беру. Қоғам мен отбасының өзара байланыстығына, отбасылық қауымдастықтың құрылымы мен ондағы адамдар санының мемлекеттің әлеуметтік саясатына, қоғамның экономикалық даму дәрежесіне және сипатына қатынастылығы мәселесіне талдау жүргізу. Отбасының әлеуметтік өмірдің түрлі жақтарымен және әлеуметтік қауымдастықтардың басқа да түрлерімен байланысы.
Қоғамның әлеуметтік дамуының қазіргі кезеңіндегі отбасының қоғамдық қызметіне және әлеуметтік институт, психологиялық топ ретіндегі ерекшеліктеріне талдау жүргізу. Отбасындағы жанжалдардың пайда болуын және шешілуін, отбасылық өмірді жоспарлауға әсер етуші әлеуметтік және психологиялық факторларды, неке құру мен ажырасудың себептерін зерттеу.
Некелік-отбасылық қатынастардың тарихи типтерін және түрлерін, тенднцияларын даму перспективаларын зерттеу. Неке және отбасы институтының даму мәселесіне қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани құрылымдардың дамуы тұрғысынан талдау жасау.
Отбасы кроссмәдени және тарихи перспективада. Отбасы типологиясы. Неке мен туысқандық. Отбасының әлеуметтік қызметтері. Отбасының әлеуметтанулық перспективалары. Отбасындағы қарым-қатынастардың өзгеруі. Неке мен отбасының альтернативті формалары.
Өзін өзі бақылау сұрақтары
Қазіргі орыс отбасы: жағдайы және болашағы
Отбасының гендерлік рөлдерінің трансформациясы
Отбасы мен некенің баламалары
Отбасын жоспарлау
Азаматтық неке және бірге тұру
Неке шарты
Ажырасу және оның салдары
Қазіргі отбасы дағдарысының белгілері мен себептері
Ұсынылатын әдебиет
Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Основы социологии: уч.пособие. – Алматы: Lem, 2011. – 454 с
Добреньков В.И., (1939 -) История западной социологии (20-60-е гг. XX в.): учебник для студентов высших учебных заведений обучающихся по направлению 040201 "Социология" / В. И. Добреньков, Н. Г. Осипова ; Московский гос. ун-т им. М. В. Ломоносова, Социологический фак. Москва: Альма Матер: Академический проект, 2012.
Бауман З. Мыслить социологически: Учеб. пособие / Пер. с англ. под ред. А.Ф. Филиппова; Ин-т "Открытое о-во". - М.: Аспект-Пресс, 2009. - 255 с
Бергер Питер Приглашение в социологию, Москва : Аспект-Пресс , 2009
Достарыңызбен бөлісу: |