Не саясаттану факультеті


Дәріс 4. Қоғамның әлеуметтік құрылымы социологиясы



бет7/23
Дата15.02.2023
өлшемі95.2 Kb.
#469599
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
конспект лекции

Дәріс 4. Қоғамның әлеуметтік құрылымы социологиясы


Дәрістің мақсаты: студенттерді әлеуметтіқ стратификация ұғымымыен таныстыру. Қоғамдық құрылым түсінігімен таныстырып,
Міндеттері
1. Әлеуметтік құрылым түсінігі және ондағы негізгі теориялар.
2. Әлеуметтік стратификация теориясы. Әлеуметтік мобильділік.
3. Орта тап теориясы мен орта таптың рөлі мен орны.
Негізгі терминдер:  Қоғамдық пікір, Макросоциология, Микросоциология, Әлеуметтік байланыс, Әлеуметтік бақылау, Әлеуметтік қарым-қатынастар
Әдістемелік нұсқаулар:
Студенттер әлеуметтанудың қоғамдық құрылымы және оның түрлеріне сараптамалық шолу жасау қажет.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның негізгі элементтері: таптар, топтар, жіктер. Кәсіби-салалық, әлеуметтік-корпоративтік, әлеуметтік-территориялық, әлеуметтік-этникалық және т.б. құрылымдар. Әлеуметтік құрылымның экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани сипаттамасы. Әлеуметтік интеграция мен дифференциация диалектикасы. Әлеуметтік стратификацияның шығу негізі және факторлары, әлеуметтік теңсіздіктің стратификациялық моделі. Қоғам, теңдік және теңсіздік. Ашық және жабық қоғам. Стратификация әр түрлі топтар арасындағы құрылымданған теңсіздік ретінде. Стратификация және дифференцация жүйелері. Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс, М. Вебер). Әлеуметтік стратификация формалары (П. Сорокин). Әлеуметтік мобильділік.


П.Сорокиннің теориясына сәйкес қоғам түрлі страт — қабаттарға бөлінеді, олар табыс деңгейі, қызмет түрі, саяси көзқарасы, мәдени дәстүрі сияқты болып келеді. Әлеуметтік стратификаттау мен әлеуметтік теңсіздік қоғамдағы табиғи қалыпты жағдай болып табылады. П.Сорокин өзінің жалпы адамдық стратификация картасын жасау әрекетінде бір өлшемді және көп өлшемді стратификациалау әдістерін ұштастырып қолданды. Сорокиннің пікірінше, дұниеде миллиондаған әлеуметтік система мен топтасқан жиынтықтар бар. Бұл сансыз көп әлеуметтік топтарды, классификациялаудың мақсатына қарай, түрліше классификациялауға болады. Мұндай әлеуметтік топтарға мыналар жатады:
1. Аса маңызды бір жақты топтар, оның ішінде: нәсілдік, жыныстық, жасына қарай.
2. Мәдени әлеуметтік топтар: рулық, территориялық, көршілестік, этностық және ұлттық топтар.
3. Аса маңызды көп жақты топтар: отбасы, рулық топ, тайпалық, ұлттық, әлеуметтік сословие, әлеуметтік топ.
Жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз: қазіргі қоғам көп өлшемді, яғни қоғамда түрлі орындарға ие, түрлі белгілері бар көптеген страттардан құралады. Таптар, әлеуметтік топтар, қабаттар қоғам өмірінің барлық жағына әсер етеді. Осыдан келіп әлеуметтік стратификаттаудың маңызы көрінеді.
Әлеуметтік құрылым динамикасының сипаты әлеуметтік мобилділік (байланысқа) тәуелді болады. "Әлеуметтік мобилділік" терминін әлеуметтануға ендірген П.А.Сорокин. Термин адамдардың бір әлеуметтік қабаттан топтар басқасына өтуін, олардың барынша жоғары орынға, билікке, табысқа көтерілуін, я болмаса өте төмен әлеуметтік орын алмасу әлеуметтік кедергілерді жеңе білу арқылы жылжиды. Ол ең басты кедергілердің бірінің пайда болуы салдарынан болады. Мәселен, шығармашыл зиялылар отбасындағы сәби шаруа немесе жұмысшы ортаның нормасы мен құндылықтарын әркезде игере бермейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет