Не спорт факультеті


Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны



бет5/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны. Кез келген пәннің оқытылуы мен үйретілуі ол туралы ұғымда ашылады. Ғылымда бұл ұғым адамның санасындағы қайсыбір құбылыстардың сипаттық белгілерінің және байланыстарының бейнеленуі, осы құбылыстар туралы осы заманғы білімдердің жинақтығы ретінде қаралады. ұғым егер анықтама, яғни басқа ұғымнан айырмаланатын қысқаша түсінік алатын шамада, оны табу, пайдалану және құру жолдары болған жағдайда аяқталған және толық бола алады. Қайсы бір ғылыми оқу пәні болмасын өзіне тән түсінікті аппараты, түсінікті ұғымы, сол ғылымның сипат белгісін анықтайтын негізгі заңдылықтары, оқып, үйренетін дүниесі т.б. болады. Кез келген ғылыми пәннің пісіп жетілген белгісі оның ұғымының толық талқыланып, өнделгендігінде және орнықтылығында. Жаңа қозғалушы күштердің пайда болуы, ескі ұғымның түр өзгерісіне ұшырап және жаңа ұғымдардың пайда болуына әкеледі. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесінің негізгі ұғымдары болып мыналар саналады: "дене мәдениеті", "дене тәрбиесі", "спорт". Бұлардың арасындағы өзара байланыстар мен айырмашылықтарды ұғу үшін мына кескіндемеге назар аударайық (1-сурет).



1-сурет.
Негізгі ұғымдардың арақатынасы

Суретте барынша жалпы ұғым "дене мәдениеті" болып табылады. Ал "дене тәрбиесі" оның үш педагогикалық бағыттағы қызмет аясының бөлімдеріне кіреді (жалпы дене дайындығы, кәсіптік қолданбалы дене дайындығы және спорттық дайындық). Спорт дене мәдениетінің бөлімі, ал педагогикалық, яғни спорттық дайындығы жағынан дене тәрбиесінің бір бөлігі ретінде көрінеді. "Дене мәдениеті" деген ұғым жалпы мәдениеттің жеке бір бөлігі. Тұжырымдап айтқанда дене мәдениеті жалпы халық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі болып, қоғамның материалдық, рухани құндылығының жиынтығын құрап, ол адамдардың дене шынықтыру жүйесін жетілдіру үшін құрылып және оларға қызмет етуі тиіс.


Материалдық байланысқа әр түрлі сабақ өткізілетін ғимараттар, арнайы құрал-жабдықтар мен қондырғылар, қаржыландыру, адамдардың денешынықтыру даярлығын жетілдіру деңгейі (олардың спорттағы жетістіктерін қоса) жатады; рухани байлыққа - әлеуметтік-саяси, арнайы ғылыми және іс тәжірибе жетістіктері жатады. Бұл бағалы дүниелердің құрылуы және үздіксіз дамуы қоғамның экономикалық және саяси жағдайына тәуелді. Барлық материалдық және рухани құндылықтар тек дене мәдениеті ауқымында қоғамның қызметінің нәтижесі жайлы пікір айтуға жәрдемдесетін тек мәдениет дәстүрлерін ғана құрамайды, сонымен бірге олардың пайдаланылуына жағдай жасайды, атап айтқанда, одан әрі толықтырады. Құндылық қорына ғылым мен іс-тәжірибенің нәтижесінде жұмсалған дүниенің барлығы кіре бермейді, тек шын мәнінде денені шынықтыруды жетілдіруге қызмет ететіндері ғана енеді. Материалдық және рухани байлық (құндылық) адамдардың өндірістік, қоғамдық, ғылыми және педагогикалық қызметіндегі өз ортасында жүзеге асады.
Бұл құнды дүние тұрмыстық жағдайларда дене шыныктыру жаттығуларымен шұғылдану түрінде және педагогикалық оқу-жаттығу сабақтары барысында, сол сияқты баспасөз, теле-радио хабарда және т.б. адамдарды денелерін шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануға үгіттеу, насихаттау және сендіру арқылы жүргізіледі. Мектептегі дене тәрбиесі сабағы балаларды денелерін шынықтыру арқылы өмірге дайындау үшін қоғамның құрған материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы болып саналады. Балалардың денелерін шынықтыру дайындығының құнды байлығы тек халыққа білім беру саласы қызметкерлерінің мектеп көлеміндегі пайдаланатын деңгейінде ғана емес, бүтіндей жалпы қоғаммен даярланады. Дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі дене тәрбиесі деп аталады. Тәрбие дегеніміз - адамдардың мәдени қызметінің аясы, оларға мәдениет жетістіктерін беру, игеру және жетілдіру түрлері болып саналады. Дене тәрбиесі адамның дене бұлшық еттерін жетілдірудің педагогикалық жүйесі.
Қозғала білуді, дағдыларды, арнайы білімді, қимыл-козғалыс қабілеттерін, сапаларын дамыту және ағзаның құрылысы мен түрлерінің қызметін жетілдіру үшін дене тәрбиесі жүйесінде жан-жақты өңделіп дайындалған табиғаттың жаратылыс күштерімен және гигиеналық қозғаушы күштермен үндескен дене шынықтыру жаттығуларының жүйесі қолданылады. Дене тәрбиесінің міндеті әрбір адам өзінің мүмкіндігі жететін дене мәдениетінің мазмұнын игеруінен тұрады. Сонымен, адам дене тәрбиесі арқылы дене мәдениетінің жетістіктерін өзінің жеке игілігіне айналдырады (денсаулығын жақсартады, дене бұлшық еттерін дамытады, спорттық шеберлігін жетілдіреді). Балалардың дене тәрбиесі сәбидің дені сау болып, онын дене мүшелерінің жақсы жетілуіне мүмкіндік туғызуды мақсат етеді. Мектепте дене тәрбиесі мақсатты бағыттағы педагогикалық жүйе ретінде сабақта, спорт үйірмелерінде т.б. іске асады. Оқушылардың дене тәрбиесі мектеп жасындағы балаларға мектепте және одан тыс кезде әр түрлі жұмыс түрлерін алдын ала жоспарлы түрде ескеріп қамтылған.


Мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың принциптері туралы. Спорт материалдық және рухани құндылықтың жиынтығы ретінде қоғамда адамдардың ойындық дене әрекеттері үшін жүйелі, арнайы бағытталып, құрылып және пайдаланылатын ағзаларының құрылысының түрлері қызметінің және психологиялық қарқынды дайындығының, оған жалғасатын барынша толык қабілеттерін спорттық жарыс жолымен алдын - ала анықтайтын қозғалыс әрекетінде көрсететін дене мәдениетінің табиғи бөлігі болып саналады.


Яғни спорт қоғамның мүддесіне қызмет ететін қызмет саласы. Ол өзінің қызметі аясында тәрбиелік, дайындық және қарым-қатынастық (коммуникативтік) қызметтің шешімін табады, бірақ ол адамның барлығының тұрақты, арнайы кәсіби мамандығы (кәсібі) бола бермейді. Спорт - өнеркәсіптен тыс қызмет, яғни оның өнеркәсіппен тікелей материалдық игілік арқылы байланысы жоқ, бірақ оку-тәрбие жүйесінің заңдылықтарына бағынышты. Балалар спортында бұл екі мәселенің белгілері де былай түсіндіріледі: спорт оқушылардың мемлекеттік жоспар мен бағдарламаға сәйкес жалпы білім беретін мектептердегі оқу пәні ретінде сабақтан, сыныптан және мектептен тыс -уақытта барынша ерікті түрде іске асырылатын жұмыс түрі.
Спорт үзіліссіз, қарқынды дайындықсыз нәтиже бермейді. Жалпы дене шынықтыру дайындығы базасында спорттық мамандық түрінің сипаты анықталып іске асырылады. Балалар спортында бұл белгі толығымен және үлкен қызығушылықпен, нақтылы, ашық, барынша кең және ұзақ мерзімге шешімін табады. Адам спортпен шұғылдануға кіріскенде барынша толық дене күштерінің мүмкіндіктерін және рухани қабілеттерін тар шектелген және алдын ала анықталған қозғалыс әрекеті шеңберінде керсетуге дайындалады. Бұл мәселенің сипат белгісі балалар спортына да тән немесе барынша толық қатысты, бірақ оның деңгейі олардың жеке мүмкіндіктеріне байланысты. Олардың өз мүмкіндіктерін барынша толық көрсетуі өз заңдылықтарымен жалғасатын жарыс үлгісі арқылы салыстырмалы түрде көрінеді (ережесі, спорттық жіктелуі, марапатталуы, мадақталуы, көрнекілігі және т.б.), турасын айтқанда тек жарыста спорттың мақсаты, мұратты қызметі шешімін табады. Бұл заңдылық балалар спортында да анықтаушы принцип болып қалады, тек жарыстардың сыртқы бейнесі ғана өзгеріп, ал өздерінің күштерін салыстырмалы түрде сынауға ұмтылу рухы сабақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет