Не спорт факультеті


Дене мәдениеті - қоғам мәдениетінің бөлігі



бет3/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

Дене мәдениеті - қоғам мәдениетінің бөлігі. Адамның дамуы мен жетілуі барысында дене және рухани күштері, олардың адамгершілік, интеллект құндылықтарымен жүйелі үйлестірілуі жоғары бағаланып келді.
Ұлы ойшылдар мен ғалымдар жастардың жан-жақты дамуы қажеттілігін, олардың денені немесе рухани тәрбиелеу приоритетін бөліп қарамай дененің қандайда бір сапасын басымырақ дамытып қалыптастыру, артық бағалау жеке тұлғаның үйлесімді дамуының бұзылуына әкелетінін терең түсініп, өз еңбектерінде атап көрсетті.
Сонау адам қоғамының қалыптасу кезеңінде қолданысқа енген «мәдениет» термині бір мағыналы емес, яғни «жерді өңдеу», «тәрбиелеу», «дамыту», «қадірлеу» сияқты ұғымдармен тығыз байланыста. Бұл термин қазіргі заманғы қоғамдағы қайта құру қызметі аясында және оның нәтижелері сәйкес келетін құндылықтар, соның ішінде «өзінің жеке жаратылысын қайта құру» түрінде кең аясын қамтиды.
Дене мәдениеті - адамдарды тәрбиелеу, сауықтыру және дамыту аясындағы басымырақ жаңа құндылықтарды жасау және бұрынғыларын жетілдіріп, меңгеру бойынша шығармашылық қызметі болып табылып, жалпы қоғамдық мәдениеттің бір бөлігін құрайды.
Дене мәдениеті адамды дамыту, тәрбиелеу және жетілдіру мақсатында жеке тұлға мүмкіндіктерін, табиғаттың жаратылыс күштерін, ғылымның адам туралы жетістіктерін, медицинаның, гигиенаның, анатомияның, физиологияның, психологияның, педагогиканың, әскери істердің және т.б. нақтылы ғылыми зерттеу нәтижелері мен нұсқауларын пайдаланады.
Дене мәдениеті адамдардың кәсіби-өндірістік, экономикалық, қоғамдық қарым-қатынастарында түбірлі бірлестікте ұйысып, олардың адамгершілік және мәдени-шығармашылық миссияларын атқара отырып, оларға елеулі әсер етеді. Бүгінгі таңдағы жоғарғы оқу орындары жұмыстарын реформалау кезеңінде және алдыңғы концепцияның мәнін қайта қарауда бұл ерекше құнды және мағыналы.
Ойшыл-философ Ұлы Аристотельдің: «Адамды дененің ұзақ әрекетсіздігінен артық ешнәрсе бұзбайды», - деген дене мәдениетінің маңыздылығы туралы гректер үшін айтқан мағыналы сөзінің мәні зор.
Әскери-дене тәрбиесі орта ғасыр кезеңі үшін тән. Өйткені жауынгер - сері мына жеті серілік өнерді меңгеруі тиіс болды: ат құлағында ойнау, семсерлесу, садақ ату, жүзу, аңшылық, шахмат ойнай білу және өлең құрастыра білу.
Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесінің маңыздылығы арттырылуда. Оның міндеттері: студенттердің ерік-жігер және дене мәдениеті сапаларын; құлықтылыққа тәрбиелеу; еңбекті және Отанды қорғауға даярлау; денсаулықты сақтау және нығайту; болашақ еңбек қызметі есепке алынып, кәсіби-қолданбалы дене даярлығы; студенттердің дене тәрбиесі мен спорттық жаттығуды ұйымдастырудың теориялық әдістемесі негіздерінен қажетті білім алуын қамтамасыз ету; студенттердің спорттық шеберліктерін жетілдіру. Сабақтар барлық курстарда және теориялық оқытудың барлық кезеңінде жүргізіледі.
Жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі бойынша оқу процесін уақытпен бегілейтін (регламенттейтін) оқу бағдарламасы болып табылады, яғни ол студенттердің «дене тәрбиесі» пәні бойынша меңгеруі тиіс білім, дағдылары көлемін, дене даярлығы деңгейін, т.б. анықтайды.
Дене тәрбиесі туралы ғылым жаттығуларды орындауда, еркін қозғалыс табиғаты мен негізгі қозғалыс дағдылары туралы, белсенді демалыс, сыртқы орта күштері туралы, «белгісіз» бұлшық ет сезінуі мен жаттығуларды орындаудағы басқа сезім мүшелерінің рөлі жайлы академик И.М.Сеченовтың ережесін одан әрі дамытады.
Дене тәрбиесі туралы ғылымды дамытуда көрнекті орыс педагогтары К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт, кейінірек И.П.Павловтың, А.И.Крестовниковтың, Н.Н.Яковлевтердің еңбектері үлкен әсерін тигізді.
Дене тәрбиесі туралы ғылымның үлкен нәтижесі дене жаттығуларын емдік мақсатында пайдаланудың ұйымдастыру және әдістемелік формаларын жасау болып табылады.
Бүгінгі таңда сауықтыру дене мәдениеті құралдарын пайдалануға жоғары дәрежеде назар аудару күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда.
Нақтылы қазіргі жағдайдағы еліміздегі мына мәселелерге назар аударайық: 2000 жылдардың соңындағы бастауыш сынып оқушыларының 70-75%-ң дене бітімінде ауытқу байқалады, олардың 30-40%-да жүрек қан-тамыры жүйесінде ауытқушылық бар. Қыздардың 50% және ер балалардың 20%-нің салмағы қалыптан тыс (ғылыми зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша). Осы цифрларды 10-15%-ға арттырсақ қазіргі таңдағы мәлімет алынады. Тұрақты кері кету тенденциясы байқалады. Бірінші кезекте бұл талапкерлер мен студенттердің дене және психикалық саулық деңгейінің төмендеуі; жүрек қан-тамыры, жүйке, ас қорыту жүйелері ауруларының оқу үрдісі кезеңдерінде өсуі, өмір сүру әрекетіндегі қозғалыс белсенділігінің шектеулі жағдайындағы мінез-құлқындағы алшақтығы бар оқушылар санының артуы, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың және студент жастардың дене тәрбиесіне құмартушылығының нашарлауы немесе мүлде болмауы, сонымен бірге оқу және жаттығу үрдістерінің материалдық-техникалық қамтамасыздандырылу деңгейінің төмендеуі өмір өткелдерінде көрінуде. Осыдан барып, жоғарыда атап көрсетілген жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі жүйесінің өзекті мәселелері мен міндеттері келіп шығады.
Дене шынықтыру және спорт кафедраларының бүгінгі таңдағы алға қойылған мақсатты іске асыруға табиғи ұмтылысы көз жетерлік болашақта біздің өткен бұрынғы көлем және сандық өтірік ақпарларға негізделген, яғни оның іргетасында орасан зор қайшылықтар бар шешімі қиын мына мәселелермен қарама-қайшы келеді:
- дәлелді себептердің, әлеуметтік жеке тұлғалық мәнді қажеттіліктердің әртүрлілігі, оқытып, үйрету және тәрбиелеу құралдарының, әдістері мен формаларының мазмұнын талап деңгейінен артық үйлестіру;
- дене шынықтыру және спорттық қызмет үрдісінде студенттердің қажеттілік-мотивациялық өрісін қалыптастыру қажеттілігі және тапсырма берілетін, уақытпен белгіленетін оның ұйымдастыру сипатында жеке тұлғаның қызығушылық ынтасы, рухани мәдениеті шектелген;
- жастардың жеке және топтық сұраныстарды қанағат-тандыру үшін мүмкіндіктердің кең ауқымы мен бағыттылығы бойынша (рекреация, сауықтыру, белсенді демалыс, т.б.) нақтылы шұғылдану мүмкіндіктерінің нашар дифференциялануы, яғни оларды осы қызмет аясына қызықтырып тартуды ұйымдастырудың шектеулілігі;
- дене шынықтыру-спорттық қызмет аясында көңіл-күйі эстетикалық дамуының үлкен потенциальды мүмкіндіктері және олардың мазмұндылық-әсерленушілік компоненттерінің төмендігі, яғни қызықтырушылық мәнінің шектеулілігі;
- «Дене мәдениеті» міндетті курсы шегінде жастардың басымырақ, дене мәдениеті, спорттық әртүрлі деңгейдегі ауқымындағы сайыстарда өз мүмкіндіктерін және қабілеттерін салыстыруға ұмтылысы, қызығушылығы және оны жарыстық қызметке шектеулі уақытпен белгілеп ендіру;
- жастардың дене сапаларын өздігінен жетілдіруге және дамытуға талаптануы және қажетті білімнің, қисынға келтіру (операциялық) біліктілігінің және өз қызмет әрекетінде әдістемелік негізделген өздік бағдарламасының болмауы;
- барлық оқу-тәрбие үрдісінің бағдарламалық-мақсатты негіздерінің түгел болуы және оқу сабақтары мен кәсіби оқытып, үйрету бағыты бойынша оқудан пайдалану бойынша дене және интеллектуалдық режімін сақтау. Қорытындысында әлеуметтік өзін-өзі анықтау қабілеті. Жақсы тамақтану мүмкіндіктерінің төмендеуі, оқу сабақтары кестелерінің жүйесіздігі, медициналық қызмет көрсету мекемелерінің аурудың алдын-алу шараларының болмауы, қаражаттың жеткіліксіздігінен студенттердің күн көріс үшін сабақтан тыс жұмыс істеуі жоғарыдағы келеңсіз жағдайларды ұлғайтады. Бітіруші курс студенттерінің денсаулық жағдайы, дене даярлығы кәсіби оқуының аяқталу кезеңінде едәуір нашарлайды. Өздігінен дене даярлығымен, өзін-өзі тәрбиелеумен шұғылданатын бітіруші курс студенттерінің аз бөлігі ғана болуы. ЖОО оқу кезеңінің спорттық қызметке қатысуы да күрт төмендейді.
Осылардың нәтижесінде көптеген жоғары оқу орнын бітірушілердің кәсіби қызметі барысында денсаулық жағдайы өздерінің шығармашылық потенциальдарын толыққанды жүзеге асыруын шектейді, олардың ұзақ жылдарға шығармашылық қабілетін қысқартады.
Мамандарды гуманитарлық бағытта даярлауда басты орын алатын ЖОО-ң дене мәдениеті студент жастар үшін ерекше, өткінші емес, алдағы жылдары орынын толтыру мүмкін емес, құндылық.
Осыған байланысты дене мәдениеті құндылықтарының әртүрлілігі және көп компоненттілігі академик М.Я.Виленскийдің еңбектерінде айқын мазмұндалған.
1. Әлеуметтік маңыздылығы - қоғамда жеке тұлғаны қалыптастыру бойынша білім беру - тәрбиелеу іс тәжірибесін уақытпен белгілейтін мақсаттар, ұсынылымдар, талаптар, ережелер, яғни оның дамыған дене мәдениетінің деңгейінің мүмкіндігі бар, жалпы мәдени дамуы және оның әлеуметтік рөлінің орындалуы үшін қажетті және өзінің мәдениетті салауатты өмір сүру бейнесінің қызметін ұйымдастыруы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет