Не топография негіздері



Pdf көрінісі
бет38/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94
7261 (1)

12.1 Буссольдік түсірілім 
Буссольдің көмегімен орындалады. Көбінесе зертханалық оқыту 
мақсатында, ал өндірістік жағдайда – басқадай түсірімдеулерге қосымша 
ретінде қолданылады. 
Буссольдік түсірілім құралдарының негізгісі ганиометр және 
шмалькальдер буссолі. Ганиометр қарапайым бұрыштарды өлшейтін 
құрал, горизонталь бұрышпен азимуттарды өлшеу үшін қолданылады. 
Дәлдікті керек етпейтін топографиялық жұмыста қолданылады. 
Шмальдер буссолі – азимутальды сақинасымен дөңгелек буссоль.
Тығыздығы төмен кішкентай жер учаскесінде жүргізілетін 
горизонталь түсірілімдер буссольді түсірілім болады. Топографиялық 
карта жасағанда қосымша сияқты қолданылады.
Буссольдік түсірілім жоспарлы түсірілімдерге жатады. Ол 
геодезиялық аспап – компаспен немесе буссольмен жүзеге асады. 
Компасқа ұқсас және магнитті азимутты санау үшін қосымша 
құралдары бар аспап.  
Буссоль – жергілікті жерде магниттік азимуттарды немесе 
румбтарды өлшеуге арналған геодезиялық аспап. Ол бұрыштық 
бөліктері бар дөңгелектен және оның ортасыңдағы сүмбі үшында 
айналатын магнит нұсқарынан тұрады. Көздеу үшін буссольдің 
диоптрлары бар, өлшеу кезінде оны штативке орнатады, планшетке 
қояды немесе қолда ұстайды. Буссольдің анықтаулары ерекше 
сақталатын нормаль буссольдік көрсеткішімен тексеріледі. Нормаль 
және жұмыс буссольдерінің көрсеткіштері арасындағы айырым 
буссольдің түзетуі деп аталады. Дөңгелек Буссоль немесе буссоль-
бадарлауыш, әдетте, дәл және техникалық теодолиттердің 
жиынтығында болады. Теодолитпен магниттік азимутты анықтау 
үшін алидаданы 0С есептеуіне қойып, қысқыш бұрандасымен бекітеді 
де, аспапты айналдырып, Буссоль нұсқарын 0°0' есептеуіне келтіреді. 
Содан соң көру дүрбісінің көздеу өсінің басқа бір азимутты 
жағдайында лимбтегі есептеу көздеу сызығының магниттік азимутына 
тең болады.
 
1-сурет. Буссоль және буссольдік түсірілім 


55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет