110
9-сурет. Локальды диаграммалар
Қозғалыс тәсіл
Нысандардың қозғалысын табиғи және саяси-әлеуметтік (құстардың
ұшуы,
халықтардың миграциясы, жүк тасымалдау, ағыстар)
жағдайларын көрсетеді. Бұлар арқылы әр түрлі
құбылыстардың
орнығуындағы ауыспалықты бейнелейді. Мысалы,
– физикалық-географиялық картада ауа массаларының қозғалысын,
су жолдарының желісін, желдің соғу
немесе теңіздік-мұхиттық
ағыстардың бағыттарын әр өлшемді,
әр пішінді және бояулы
көрсеткіштермен кескіндеу;
– экономикалық картада жүк тасымалдау қозғалысына байланысты
а) бағыттарды көрсеткіштермен діттеу; б)
тасымалдаудың сипатын
тұтас немесе үзік нүктелермен, дара немесе қос сызықтармен белгілеу;
в) тасымалдаудың мөлшері мен қабілеттілігін
көрсеткіш белгілерінің
ұзындығы және қалыңдылығы арқылы шектеу.
Қозғалыс белгілерінің екі түрі бар:
1. Қозғалыс векторы
2. Қозғалыс жолағы (лента)
10-сурет Қозғалыс белгілері