107
3-сурет. Нүктелік тәсіл
Изосызықтар тәсілі
Изосызықтар – географиялық картадағы қайсыбір шаманың
(қысым, температура, ылғалдылық, т.б.)
бірдей сандық көрсеткіштері
бар вертикаль қимадағы немесе графикадағы нүктелердегі қосатын
сызықтар.
Изосызық тәсіл – грек тілінен аударғанда изос бірдей деген
мағына білдіреді.
Изосызықтар тәсілі – кеңістіктегі үздіксіз
және біртіндеп
өзгеретін құбылыстардың – жер бетінің биіктігін, ауа температурасын,
жауын – шашын мөлшерін және т.б. шамасын (немесе қарқындылығын)
картаға түсіру үшін қолданылатын бейнелеу тәсілі.
Изосызықтардың мынадай түрлері бар:
изотерма, изогиета,
изобар.
Изотермалар – (изо. және герк. Тhermе –жылылық, ыстық) –
географиялық картадағы бір сәттегі немесе орташа бір кезеңдегі (жыл,
ай бойғы) ауаның, судың және топырақтың бірдей температуралы
нүктелерін қосатын сызықтар.
Изогиета – географиялық
ккарталардағы тәулік, ай, жыл ішінде
жауатын атмосфералық жауын – шашын мөлщерінің бірдей
нүктелерін немесе бір айда немесе бір жылда жауатын жауын –
шашынның
көп жылғы орташа мөлшерінің бірдей нүктелерін
қосатын сызықтар.
Изобара – барометрлік қысымы бірдей нүктелерді қосатын
сызықтар. Карталардың бетінде белгілі бір уақытқа арналып
жасалады.
Изобаралар тәуліктің, айдың, жылдың, т.б. орташа, ең
жоғары немесе ең төменгі қысымдарына арналып жасалуы да мүмкін.