123
Фотокарталар – фотобейнелеумен үйлестірілген карталар. Олар
жалпыгеографиялық, геологиялық,
тектоникалық, ландшафтық және
ғарыштық, сондай-ақ Айдың және өңге планеталар бетінің
фотобейнелері болып бөлектенеді.
Тақырыптық карталарда геометриялық келбеті көрнекіленбейтін
табиғаттық (А),
қоғамдық, яғни әлеуметтік-экономикалық (Ә) және
табиғи-қоғамдық, немесе гиперсфералық (Б) құбылыстар, объектілер
немесе процестер бейнеленеді.
Мысалы, А. Табиғаттық карталар: физико-географиялық,
геологиялық,
геофизикалық, жер беті мен мұхит түбінің бедері,
метереологиялық пен климатологиялық, гидрогеологиялық, мұхиттық,
топырақтық, ботаникалық, зоогеографиялық, медико-географиялық
карталар.
Ә. Қоғамдық карталар:
тұрғындар, шаруашылық, ғылыми және
мәдени, қызмет көрсету және денсаулық сақтау,
саяси және саяси-
әкімшілік, тарихи карталар.
Б. Табиғаттық -қоғамдық карталар: экологиялық-географиялық,
табиғи-техникалық карталар.
Тақырыптық карталар сан алуан (жалпы саны 107). А,Ә және
Б топтамаларындағы карталардың жеке-дара аттары мен олардың
үлестік саны тиісінше 63, 35 және 9 екені толық деректелген.
Достарыңызбен бөлісу: