124
ықпалдылықтарын жете зерделеу тақырыптық
картографиялаудың
дамуымен, яғни тақырыптық карталардың жасалуымен, өте тығыз
байланысты. Геологиялық картографиялау: геологиялық,
тектоникалық
төрттік шөгінділер, литологиялық, пайдалы қазбалар орнын меңзейтін
карталарды құрастыру. Топырақтық картографиялау: агрономиялық
және агрохимиялық карталар бойынша мынадай мазмұндық элементтерді
айқындау-топырақ типтерінің таралу аумақтары, топырақтардың
механикалық (гранулометриялық) құрылымы
және негізгі типтерінің
тіліктері. Орман алқабын картографиялау: өмісдіктердің басыңқы
типтерінің таралу аумақтары, ағаштың түрлері, өсімдіктердің
пішіндері мен диаграммалар сияқты
мазмұндық элементтердің
бейнеленуі. Ауыл шараушылығына қатысты картографиялау: жер
қорын, өсімдік пен мал шаруашылығын, ауыл тұрғындарын сипаттауға
қажетті картоматериалдарды дайындау. Климаттық картографиялау:
климаттың негізгі элементтерінің таралуы мен үйлесуін, олардың
көпжылдық орта шамаларын және экстремалдық мәндерін айқындауға
қажетті карталарды құрастыру. Өсімдіктер дүниесін картографиялау:
яғни ботаникалық карталарды жасау. Тұрғындарды картографиялау
арқылы
олардың жайласуы мен орнығуын, жасы мен жынысы
бойынша құрылымдылығын, миграцияға ұшырауын,
әлеуметтік,
этнографиялық және антропологиялық жағдайларын сипаттайтын
карталарды құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: