126
шешудің жеңіл эдістерін ұсынады. Мысалы,
Айдың радиусін, жер
бетінің ендігі мен бойлығы, Ай мен Жердің ара қашықтығын, Айдың
паралаксін өлшеулер жайлы Орта Азия мен Шығыстың ұлы ғалымы
Абу Райхан Бируни (973-1050 ж.ж.) үлкен мұра қалдырды. Г. Галилей
жасаған көру дүрбісінің (1609 ж) көмегімен жүргізілген
геодезиялық
өлшеулердің дәлдігі жоғары болды. XVII ғасырда И. Ньютон ашкан
бүкіл әлемдік тартылыс заңының көмегімен жердің шар емес, айналу
осінің бағыты бойынша сығылған эллипсоида екенін дәлелдейді.
Ресейдегі геодезиялык
жұмыстар XVIII ғасырда, I Петрдің дэуірінде
жүзеге асырылды. 1973 жылы Ресейде
Географиялық департамент
құрылып, 1758-1765 жылдары орыстың ұлы ғалымы М.В Ломоносов
оның жетекшісі болды. Сол кездері геодезистерді
дайындайтын оқу
орындары ашылып, геодезиялық аспаптар шығарыла бастады. Осы
кезде Ресейде теңізде жүзудің, әскери істің және сауданың кең дамуы
геодезиялық өлшеулер жүргізіп, карта жасауды талап етті. Осы
мақсатпен аз зерттелген аудандарды түсіру үшін арнайы
экспедициялар жіберілді. Сол экспедициялардың
бірі Қазақстанның
оңтүстік аймақтарында, Қырғыз
және Қытай шекараларында
топографиялық түсірістер жүргізді.
Достарыңызбен бөлісу: