Негіздері


Жұмысты орындау әдістемесі



бет17/40
Дата26.09.2023
өлшемі323.49 Kb.
#478675
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
treatise4938

Жұмысты орындау әдістемесі
Анализ үшін мөлдір судың немесе фильтраттың 100 мл-ін алады, осыған күміс сульфатының ерітіндісін қосады (оның мөлшері ерітіндідегі хлорид-иондардың мөлшеріне тең толуы тиіс). Фарфор ыдыста қайнап тұрған су моншасына қойып, құрғақ қалдыққа дейін буландырады (егер хлоридтердің мөлшері зерттелетін көлемде 15 мг-нан астам болса, күміс хлоридін сүзіп бөліп алады). Құрғақ қалдық суығаннан кейін ыдысқа 1 мл фенолдисульфоқышқыл қосады, шыны таяқшамен үйкелеп, құрғақ қалдықпен араластырады. 15-20 мл дистильденген су қосып 10-15 минут өткеннен кейін концентрленген аммиактың 5 мл-ін қосады, бұл кезде ерітіндінің түсі қанықтана түседі. Ерітіндіні 100-мл-лік өлшеуіш колбаға құяды, фарфор ыдысын сумен шайып, өлшеуіш колбадағы ерітіндіге қосады, ерітінді көлемін таңбаға дейін жеткізеді.
Фотоколориметрде оптикалық тығыздықты көк светофильтрмен (λ = 480 нм) қалыңдығы 2 см-ге тең кюветада анықтайды, фон ретінде барлық реактивтер қосылған дистильденген су қолданылады.
Нитраттық азоттың мөлшерін калибрлік график бойынша анықтайды немесе сынаманың түсін стандарттық ерітінділердің шкаласымен салыстыра отырып визуалды түрде де анықтауға болады.

Калибрлік график тұрғызу
Стандартты ерітіндінің 0,2; 0,5; 1,0; 2,0 мл-ін фарфор ыдыста құрғақ қалдыққа дейін буландырып, сынаманы зерттегендегідей жалғастырады.
Ерітінді құрамында 0,02; 0,05; 0,10; 0,15; 0,20 мг нитраттық азот болатын шкала алынады. Фотометрлейді және оптикалық тығыздық-нитраттық азот (мг) координаталарында калибрлік график құрады.
Азоттың мөлшерін (мг/л):
Х =  формуласы бойынша есептейді, мұнда: А – калибрлік график немесе стандартты ерітінділер шкаласы бойынша анықталған нитраттық азоттың мөлшері (мг);
V – анализге алынған су сынамасының көлемі, мл.

Сұрақтар

  1. Судың химиялық құрамынының зиянды емес екенін сипаттайтын көрсеткіштерді атап өтіңіздер.

  2. Судың рН-ын анықтау әдістерін атап өтіңіздер.

  3. Судың жалпы кермектігі дегеніміз не?

  4. Судың кермектігін анықтауға қажет реактивтерді атап өтіңіз.

  5. Судағы хлоридтерді анықтау үшін қандай әдіс қолданылады және осы әдіс қандай реакцияға негізделген?

  6. Су құрамындағы темірдің жалпы мөлшерін анықтау әдісін сипаттаңыз.

  7. Судың эпидемиялық қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштерін атап өтіңіздер.

  8. Судың перманганаттық тотығу қабілеті дегеніміз не?

  9. Судың перманганаттық қабілетін анықтау қандай реакцияға негізделген?

  10. Судағы аммоний иондарын анықтау қандай реакция арқылы іске асырылады?

  11. Судағы нитритті азотты анықтау әдісін сипаттаңыздар.

  12. Судағы нитратты азотты анықтау әдісін сипаттаңыздар.

Әдебиет

  1. Федорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии и охране окружающей среды:Учеб.пособие студ. высш.учеб.заведений. – М.: гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2001. – 288 с.



  1. 3,4 зертханалық жұмыстар. Темір кендерін өндеудің экологиялық таза технологияларын жасау. Теориялық бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет