Құрал-жабдықтар, реактивтер, материал Фотоколориметр; 2) электроплитка; 3) 25 мл-лік, 100 мл-лік, 1000 мл-лік өлшеуіш колбалар; 4) бөлгіш шкаласы бар 1 мл-лік, 5 мл-лік пипеткалар және бөлгіш шкаласы жоқ 1 мл-лік, 5 мл-лік пипеткалар; 5) 100-150 мл-лік стакан; 6) Грисс реактиві, 10 %-дық ерітінді. Егер дайын құрғақ реактив болмаса, 0,1 грамм α-нафтиламинді 100 мл дистильденген суда қайната отырып, 15 минут бойы ерітеді. Ерітіндіні суытады, концентрленген сірке қышқылының 5 мл-ін және 1 %-дық сульфанил қышқылын қосады. Қоспаны түсі қоңыр склянкада сақтайды, 7) 12 %-дық сірке қышқылы. 25 мл концентрленген (ледяная) сірке қышқылын дистильденген сумен 200 мл-ге дейін сұйылтады; 8) аммоний гидроксиді – коагуляцияға арналған суспензия; 9) NаNО2 - натрий нитритінің стандартты ерітіндісі. Негізгі ерітіндіні дайындау: 1100С-та кептірілген натрий нитритінің 4,927 грамын 1 литрлік өлшеуіш колбада ерітеді, көлемін таңбаға дейін жеткізеді. Осы ерітіндінің 1 мл-інде 1000 мкг нитриттік азот болады; 10) жұмысшы стандартты ерітінді. Негізгі стандартты ерітіндіні дистильденген сумен өлшеуіш колбада ең алдымен 50 есе сұйылтады, содан кейін алынған ерітіндіні 10 есе сұйылтады. Жұмысшы ерітіндінің 1мл-інде 2 мкг нитриттік азот болады. 1 мл хлороформ қосып, ерітіндіні консервілейді. Ерітіндіні қоңыр түсті склянкада сақтайды.
Материал: суқойма суы.
Жұмысты орындау әдістемесі Түссіздендірілген және алдын-ала сұйытылған судың 100 мл-ін (құрамында азоттың мөлшері 0,004 мг-нан аспауы шарт) 100 мл-ін стаканға немесе колбаға құяды, осыған Грисс реактивін қосады және араластырады. 40 минут өткеннен кейін ерітінді белгілі түске ие болады, бұл түс 3 сағат бойында өзгермейді. 40 минут өткеннен кейін ерітіндіні жасыл светофильтрді қолданып қалыңдығы 5 см-ге тең кюветаларда (λ=530 нм) фотометрлейді, фон ретінде Грисс реактиві қосылған дистильденген су пайдаланылады.
Нитриттердің мөлшерін калибрлік график бойынша немесе боялған ерітіндінің түсін стандартты ерітінділердің шкаласымен салыстыру арқылы анықтайды.
Нитриттердің мөлшері өте аз болған кезде ерітінді 30 минут өткенше ешқандай түске боялмайды, бұл кезде ерітіндіні және стандарттарды 10 минут бойы 700С-қа дейін қыздырады (бірдей жағдайда), суытады және осы стандарттармен фотометрлейді.