МҮБАХ
Бұл істеуге де, істемеуге де болатын іс-әрекет. Оның орындалғаны және орындалмағаны үшін сауап та, күнә да болмайды. Бұл әрекеттер сансыз көп. Шариғаттың міндеттемейтіні және айыптамайтыны мүбахқа кіреді.
-
Тойғанша жеу, бірақ артық жемеу.
-
Рұқсат етілгенді шөл қанғанша ішу.
-
Дінсіздер дайындаған, рұқсат етілгенді жеу.
-
Алланы (құдайды) және оның кейбір пайғамбарларын және кітаптарын мойындайтын, өзге діндегі кісі бауыздаған, рұқсат етілген жануарлардың етін жеу.
-
Тәбетті ашу үшін алкогольсіз шырындарды ішу.
-
Шарап жүзімінен жасалған сірке суын қолдану.
-
Тұз өндіретін жерде қалып, тұз кесегіне айналған жануардың маңайындағы тұзды қолдану.
-
Өте қажет болғанда егер сенімді, білгір дәрігер кеңес берсе, рұқсат етілмейтін сусындар мен азық -түлікті қолдану.
-
Егер аңшылықтың мақсаты қандайда бір пайда табу болса (ет. май т.б.), жабайы жануарларды аулау.
-
Жануарларды пішу.
-
Әйелге 100 пайыз жібек бұйымдарды кию (еркектерге тыйым салынады – харам).
-
Егер жіптердің біреуі – мата негізінің жібі немесе арқауы жібек болмаса, еркектерге жібек бұйымдарды киюге рұқсат етіледі.
-
Еркектерге сән үшін, киіміне енін төрт еліден асырмай, таза жібектен жолақтар салып кию.
-
Жібекпен кестеленген төсек орын жабдығын пайдалану.
-
Күміспен әшекейленген ыдысты күмістелген жеріне тиіспей пайдалану.
-
Әйелдерге алтын мен күмістен жасалған әшекейлер тағу.
-
Еркектердің күміс жүзігі, күмістелген белбеуі немесе қаруы болу керек.
-
Өзінің аты жазылған жүзік тағу.
-
Зиянсыз тақырыптарға әңгімелесу.
-
Үлгі-өнеге болатын өлеңдерді оқу.
-
Тәрбиелік мәні бар өлеңдерді оқу.
-
Әділетсіздікті, зорлық-зомбылықты болдырмау үшін өтірік айту.
-
Ұрсысып қалғандарды татуластыру және олардың арасындағы достықты қалпына келтіру үшін жалған ақпарат беруге рұқсат етіледі.
-
Әйелінің көңілін көншіту үшін және отбасында ұнамды ахуал орнату үшін өтірік айтуға жол беріледі.
-
Соғыста дұшпанды адастыру үшін жалған ақпарат беру.
-
Кез-келген жағдайда, зиянын тигізуі мүмкін (сатылғыш немесе айналасына кесірі тиетін) кісі туралы сыртынан шындықты айту. Санамалап шыққан жағдайлардан басқа алдау түрлерінің бәріне тыйым салынады.
-
Зорлықшыл, әділетсіз туралы сыртынан сөз қылу.
-
Қандай да бір қаланың, ауылдың кемшіліктері туралы айту.
-
Кім адамдарды әдейі ызаландырса, соларды ұятсыз, тәрбиесіз деген сөздермен сөгу.
-
Күлдіргі, қызық оқиғаларды өз қалпында (өтірік қоспай) әңгімелеу.
-
Жақсы, тәртіпті адамдарға қызығу және өзіңді сондай болуға жігерлендіру.
-
Егер біреу туралы оған зиян жасалатыны әңгімеленсе, әлгі адамды сақтандыру.
-
Қажеттілік болса, тістерді алтын, күміс немесе басқа материалдармен жөндеу.
-
Аса қажеттілік болғанда баланы анасының құрсағынан операция жасап, алу.
-
Саудаласу кезінде кім көп төлесе, тауарды соған сату.
-
Жансыз нәрселердің суретін салу, мәселен, гүлдерді.
-
Қажеттілік мәжбүрлегенде емдеу үшін жыныс мүшелеріне қарау.
-
Өз әйелінің немесе өз күйеуінің кез-келген мүшесіне көз жүгірту.
-
Жақын туыстардың мойнына, қолының шынтағына дейін және балтырына қарау (отбасында бұл әрдайым болатындықтан күнә саналмайды).
-
Бөгде әйелдердің беттеріне мәжбүрліктен қаралады деп саналады (махаббат, зина жасау туралы ойлауға жол жоқ), алайда рұқсат етілмейтін ойлармен және ғашық көзбен қарауға тыйым салынады (харам).
-
Еркектердің денесіне қарағанда белден жоғары, тізеден төмен қарау.
-
Дәулетті, теңдік пен әділдікті қамтамасыз етуге қабілетті, денсаулығы мықты еркектердің екі әйел (төртке дейін) алуына тыйым салынбайды. Санамаланған жағдайлар болмаса, рұқсат етілмейді.
-
Егер бұған шариғатқа қайшы келмейтін дәлелді себептер болса, ажырасу.
-
Қызметші әйелдерге сарай маңындағы моншаға бару.
-
Рамазан айында жолға шыққан адамға қайта оралғанша ораза ұстауды қоя тұру (кейін, басқа айларда орнын толтырады).
-
Дәрет алу үшін аяқкиімін тек үш күнге дейін ғана шешпеген жолаушылар кітапты ұстай алады.
-
Жеуге рұқсат етілген жануарлардың етімен қоректену.
-
Еті тамақ үшін рұқсат етілген жануарлардың сүтін ішу.
-
Қорек үшін рұқсат етілген құстардың жұмыртқаларын тамаққа пайдалану.
-
Денсаулыққа залал келтірмейтін, масайтпайтын өсімдіктерді жеу.
-
Ағза үшін зиянсыз және масайтатын әсері жоқ сусындарды ішу.
-
Өз өніміңді қымбатырақ өткізу үшін сақтап қою.
-
Босаған кезде ыдыс өлшеніп, жалпы салмақтан алынатын болса, ыдыстың салмағын өткізетін тауарға қосу.
-
Дінсіздердің сәлемін алғанда «уағалейкум» деп жауап беру.
-
Қарыз берген тауардың орнына кепілдікке бірдеңе алу.
-
Қатты ашыққанда рұқсат етілмеген ет пен басқа азық-түліктерді қолдану.
-
Қатты ашыққан жағдайда иесінен сұрамай біреудің нанын жеу; ал егер мүмкіндік болса, сұрау керек.
-
Егер оқытумен айналысатын адамның өз отбасын асырайтын қаражат табуына мүмкіндігі болмаса, онда оған оқытқаны үшін ақша алуына рұқсат етіледі.
-
Ыдысты жұқалап алтынмен аптауға, күміспен күптеуге болады.
ХАРАМ
Харам – ислам шариғаты үзілді-кесілді тыйым салатын және айыптайтын іс-әрекет. Харам жасаушы адам аса күнәһар болып табылады. Кім күнәдан қорқып, харам жасаудан тартынса, соны Алла жарылқайды. Харамды бекерге шығаратындар діннен шығады және дінсіздердің категориясына ауысады.
Харамның екі түрі болады: харам зүлми және харам ғайри зүлми.
Харам зүлми – жасалуы оны жасаушыдан басқа, бөгде адамдарға зиянын тигізетін харам. Мысалы, ұрлық.
Харам ғайри зүлми – жасалуы тек соны жасаушыға зиян келтіретін харам. Мысалы, рұқсат етілмегенді қолдану.
Харам зүлмиді жасаған және оны алдағы уақытта жасамауға ант еткенді содан жапа шегуші кешірген жағдайда ғана Алла кешіреді.
Егер харам хайри зүлмиді жасаған адам істеген ісіне опық жеп, енді қайталамауға ант етсе, Алла оны мүмкін кешірер.
ХАРАМ ЗҮЛМИ
-
Оның өзін өлтіргісі келмеген адамды өлтіру.
-
Адамның қандай да бір мүшесін кесіп тастау немесе соққымен зақымдау.
-
Тірі ағзаны (организмді) өртеу.
-
Жануарларды басқа ұру.
-
Еш пайда табуды мақсат етпей, зиянсыз жануарларды қыру.
-
Біреудің дүние-мүлкін ұрлау.
-
Біреудің дүние-мүлкін тонау.
-
Адамдарды, жануарларды қорлау, қинау.
-
Иесі белгілі болса да, тауып алған бұйымды қайтармау.
-
Біреудің нәрсесін, ақшасын иелену мақсатында сатып алғанда, сатқанда, өлшегенде әділетсіздік жасау.
-
Бүлінген, жарамсыз тауарларды өтірік жақсы деп, сапалы тауардың бағасына сату.
-
Қарызды қайтармау.
-
Біреуге беру аманат етілген мүлікті бермей, өзінде қалдыру (аманатты бұзу).
-
Жасанды түсік немесе дәрілер ішу арқылы шеше құрсағындағы баланың өмірін қию.
-
Жетімдердің мүлкін өзінің мақсаттары үшін пайдалану.
-
Мұрагерлерге тиесілі мүлікті басқа адамдарға немесе бір мүрагерге беру арқылы қалғандарының мүдделеріне нұқсан келтіру.
-
Жұмысшының еңбекақысын бірден төлемей, өзінде ұстау.
-
Бұқара игілігін біреудің пайдалануына қаскүнемдікпен бөгет жасау.
-
Алдау арқылы біреуге залал келтіру.
-
Алтын, күміс ақшаларға қоспалар қосу және оларды өтірік таза деп көрсету.
-
Біреудің кемшіліктерін анықтаумен, тыңшылықпен айналысу.
-
Біреудің кемшіліктері туралы өлеңдер шығару.
-
Біреуге елдің көзінше оның кемшіліктері туралы айту.
-
Біреудің сыртынан кемшіліктері туралы айту.
-
Біреудің кемшіліктерін ашып, шұқып көрсету.
-
Біреуге, онда жоқ нәрсені телу.
-
Марқұмның кемшіліктері туралы айту.
-
Жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін т.б. келтіру арқылы біреуді масқаралау.
-
Марқұмдардың сүйектерін сындыру.
-
Діншіл адамды «дінсіз» деп және осыған ұқсас сөздермен сөгу.
-
Ата-ананы немесе туыстарды айтуға болмайтын сөздермен тілдеу.
-
Егер ол бұдан таза болса, кімге болса да зинақор деп ат тағу.
-
Бала менен емес деп, өз әйелінен туған баладан күмәндану.
-
Онда жоқ кемшіліктерді теліп, жазықсыз адамды әділетсіз басшыларға өсектеу.
-
Күйеуі мен әйелінің арасына өсек тасып, отбасының шырқын бұзу.
-
Кім туралы сөз болса - соған жеткізу, жалпы өсек айту.
-
Араздасқан жақтардың әрқайсысының сеніміне кіру және сөзін сөйлеу.
-
Достардың арасындағы татулықты бұзу және олардың араздасуына септігін тигізу.
-
Жануарларды және құстарды төбелестіру үшін бір-біріне айтақтау.
-
Адамға қосымша аттар ойлап табу және солармен оны атау.
-
Сөйлегеннің сыртынан тың тыңдау, сонысымен оның сөзін бөлу.
-
Мәнсіз және пайдасыз әңгімелерде жеңу мақсатында дауласу.
-
Біреудің ешкімге зияны жоқ сырын жариялау.
-
Алдау, жалған құжаттар жасау, басқа да жолдар арқылы мұрагерлердің үлесін азайтуға тырысу.
-
Жақсылыққа жақсылықпен жауап бермеу.
-
Қайыр немесе басқа бірдеме сұрағанға ұрсу немесе тіптен тілдеу.
-
Адамға қалжыңдап болсын пышақ, қылыш және сол сияқты бірдемелерді оқтау.
-
Қандай да бір болмашы жазығы үшін, әйеліне, балаларына, қызметшілеріне қатты ұрсу.
-
Әйелін, балаларын, қызметшілерін олардың шамасы келмейтін жұмысты орындауға мәжбүрлеу.
-
Бірдеме үшін омыраудағы баланы ұру.
-
Қызметшіллерді ұру.
-
Көршінің мазасын алу, қастандық жасау.
-
Амандасқан немесе басқадай ықылас білдірген адамға жауап бермеу, теріс қарау.
-
Орындауды ойламаса да уәде беру.
-
Діндар адамның істеріне жаманшылық тілеу және негізсіз жаман ойларға бару.
-
Біреудің әйелін өзіне қызықтырып, күйеуінің көзіне шөп салғызу.
-
Біреудің үйіне, пәтеріне рұқсатсыз кіріп-шығу.
-
Бөгде әйелге немесе қызға зорлықпен жанасу.
-
Біреудің үйіне рұқсатсыз, күтпеген жерден кіру.
-
Біреудің хатын рұқсатсыз оқу.
-
Анық куәгер болып табылса да, куәлік көрсетуден бас тарту.
-
Өзін өзі (өтірік) куәгермін деу және жалған куәлік беру.
-
Өзі ақиқаттың жағында болмаса да өзін ақиқатты іздеуші ретінде көрсету және оны соттың алдында даулау.
-
Әділетсіздің немесе зорлықшылдың амалдарына көмектесу.
-
Шариғаттың заңын бұзу, сол арқылы біреуге залалын тигізу.
-
Қаскүнемдікпен бағаны көтеріп, сатушының алушыға қиянат жасауы.
-
Сатушының әдейі бағаны түсіріп, біреуге (иесіне) шығын келтіруі.
-
Дуалаумен, балгерлікпен айналысып, біреуге зиян келтіру, алаңдату.
-
Адамдар арасында ыңғайсыздық, алаңдаушылық, араздық және т.б. туғызу.
-
Адамдар осы тауарды сатып алуға мәжбүр болған кезде қымбатқа сату үшін астықты (немесе басқаны) көп жинап алу.
-
Өз бағасынан тек те екі есе қымбатқа алатын алушыны алдау.
-
Өз тауарының кемшіліктері туралы оған айтпай, сатып алушыны алдау.
-
Пайғамбарға қатысты лайықсыз сөздер айту.
-
Ол айтпаған сөздерді Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) өсиеттері деу.
-
Әке-шешені алаңдататын істер жасау.
-
Мұғалімді келемеждеу және масқаралау.
-
Әке-шешенің өз балаларына, мұғалімнің оқушыларға қатысты қатыгездік пен әділетсіздікке жол беруі.
-
Әйелі күйеуін, күйеуі әйелін ренжітуі.
-
Жақын достардың айрылысуы.
-
Мұхаммедтің (с.а.у.) сахабаларына қатысты лайықсыз сөздер айту.
-
Ғалымды сөгу, масқаралау.
-
Адамды қорлау үшін масқарлау.
-
Адамды қорлау үшін шошыту.
-
Адамды (соқырды) алдап, басқа жолға түсіру.
-
Адамдарды алдау үшін зиянды кеңестер беру.
-
Жолды бүлдіру, сол арқылы адамдарды жағымсыз жағдайға душар ету.
-
Екі әйелі бардың біреуімен салыстырғанда басқасына әділетсіз немесе құлықсыз болуы.
-
Кедейлерді олардың жағдайы үшін масқаралау және төмендету.
-
Біреудің сырларын ашу мақсатында, алдаумен адамның іші-бауырына кіріп, әңгімелесу.
-
Қалыңдықты еркінен тыс күйеуге беру.
-
Әйелімен кездеспей, төрт айдан артық жолда жүру.
-
Төрт айға дейін әйелімен жыныстық қатынасқа түспеуге серт беру.
-
Біреуді алдау үшін оның көңілін көтеру және мақтап қою арқылы өзінің достығын көрсету.
-
Әйелге күйеуінің үйін тастап, оралмай жүруі.
-
Зинақорлықтан таза әйелін «бұзылған» т.б. сөздермен ұрсу.
-
Алдаумен, біреуді өзіне жұмыс істетуге немесе қызмет көрсетуге мәжбүрлеу.
-
Алған міндеттемені, берген уәдені бұзу.
-
Жоғары биліктегілердің, басшылардың өздеріне бағынышты тұлғаларға қатысты қатыгездік пен әділетсіздікке жол берулері.
-
Басшылардың бұйрықтарына бағынбау, оларды орындаудан жалтару.
ХАРАМ ҒАЙРИ ЗҮЛМИ
-
Имансыз болу.
-
Алланың қалауымен жасалатын амалдарға қатысты наразылық білдіру.
-
Сенбейтінін білдіретін сөздерді айту.
-
Сенбейтінін білдіретін қылықтар жасау. Мысалы: Алладан басқа бір нәрсеге немесе біреуге табыну, Құранды масқаралау.
-
Алладан басқа біреудің атына құрбандық шалу.
-
Алланың жазасынан қорықпау, ештеңеден үрейленбей, бейқам жүру.
-
Алланың рахымынан сырт айналу.
-
Дін және наным-сенімдер мәселесінде айғақтарды және дәлелдерді өзі танып білуге күш салмай, көзжұмбайлықпен кім-көрінгенніің соңынан еруге тыйым салынады.
-
Парызға немесе уәжіпке қатысты басталған амалдарды әдейі бөлу.
-
Уәжіпке немесе парызға қатысты шариғаттың бұйрығын орындамау.
-
Оразаны айт күндері, құрбан айттың алдындағы және соңындағы 4 күнде ұстау.
-
Дуалаумен айналысып, зиянын тигізу.
-
Балгерлікпен айналысып, болашақты болжау.
-
Жұлдыздарға қарап, болашақты болжайтын балгерлердің сөздеріне сену.
-
Еңбегі сіңбеген мақтауды мақтан тұту.
-
Мұсылман елдерінде әскери міндетінен жалтару.
-
Меккедегі «харам» деп аталатын ауданда күнәлі істер жасау.
-
Күнә жасап жатқан кісіні көргенде іштей қуану.
-
Адамдарды күнәлі істерге үндеу.
-
Адамдарды ізгі істерден тоқтату.
-
Адамдарды күнәлі істерге еліктіретін сөздер айту.
-
Адамдарды күнәлі істерге оятатын өлеңдерді оқу және әндерді айту.
-
Күнәлі істердің жасалуына септігін тигізу.
-
Күнә жасаушыларға іштей қуану және қолдау.
-
Мәкруһке жататын істерді жиі жасау (харамнан гөрі жеңіл формадағы күнәлі қылықтар).
-
Пайғамбардың сүннетіне қайшы жаман амалдар ойлап шығару.
-
Осы дүниедегі істерді ақиреттегіден жақсы көру.
-
Дүниелік істерді тек қана дүниелік өмір үшін жақсы көру.
-
Кез-келген істегі қажеттілікттен асатын қанағатсыздық (ысрап).
-
Ақшаға немесе басқа заттарға ойындар ойнау.
-
Ұтыс ойындарын, мысалы, қарта ойнау.
-
Өсімін төлеу шартымен қарызға ақша беру.
-
Екі жаққа да зәредей қиянат жасамай, әділ болуға тырысса да сот және сауда істерінде пара алу.
-
Шариғат бойынша харам делінетін және тыйым салынған тауарларды саудалау (спирттік ішімдіктер, есірткілер, доңыз еті т.б.).
-
Өз ағзасына зиян, ауру әкелетін кәсіпорындарда немесе басқа орындарда өз еркімен жұмыс істеу.
-
Біреуді әсіре көтермелеу: бірдеме сұрап бас ию, аяғына жығылу және алдында тізерлеу.
-
Дүниелік амалдарды, қуаныштарды, байлықты шамадан тыс жақсы көру және ашкөз болу.
-
Білімі арқылы тек дүниелік игіліктерді иеленуді мақсат ету.
-
«Ананы және мынаны істемесем кәпір болайын» деп, серт етуге болмайды (қатаң тыйым салынады).
-
Алланың атымен емес, мәселен, нанмен, күнмен және басқалармен ант ету.
-
Харам істегенде Алланың атын еске алу, Құран аяттарын немесе сауап болатын басқадай сөздерді оқу.
-
Шариғатта маңызды деп саналатын нәрсені ұсақ-түйек деп қабылдау.
-
Діндар адамға қатысты лайықсыз амал жасауды ойластыру.
-
Егер біреу бақытсыздыққа душар болса, қуану.
-
Өзін өзі өлтіру.
-
Өз еркімен өзінің қандай да бір мүшесін зақымдау немесе кесу.
-
Моншада, жағажайда және басқа қоғамдық орындарда адамдардың көзінше алжапқышсыз (юбка) жүру.
-
Өте ұзын киім кию.
-
Көңіл көтеру үшін драмалық (қайғылы) ойындарды ойнау.
-
Адамдардың көңілін көтеру үшін билеу.
-
Көңілді басу үшін жағымсыз әсер ететін өлең оқу және ән айту.
-
Ешкімге қарамайтын кейіппен, ешкімді көзге ілмей, кекірейіп жүру.
-
Өзін өзгелерден артық санау.
-
Шариғат алдындағы өзінің ұқыптылығы және ізгілігі үшін өзін іштей әулиелердің және құдайдан қорқатындардың қатарына қосу.
-
Шариғат бойынша қандай да бір сұрақ қойған кісіге біле тұра жауап бермеу.
-
Алланың атымен адамды немесе жануарды қарғау.
-
Біреуге бәле келтіріп, жамандық жасауды Алладан тілеу.
-
Біреудің кемшіліктері туралы күнә болатын әңгімелерді, өсектерді тыңдау.
-
Өзінің түстері жайлы әсірелеп айту.
-
Қызғаныштан, көре алмаушылықтан біреудің масқара болуын, банкрот болуын тілеу.
-
Ренжіскен адаммен үш күннен артық сөйлеспеу және кездеспеу.
-
Ашу-ыза кернегенде үстегі киімдерді жырту, нәрселерді сындыру және лақтыру.
-
Харамға жататын істеріңді жариялау (көрсеткені үшін екі есе харам).
-
Адамдар мақтасын және қайыр берсін деген мақсатпен намаз оқу және басқа істер істеу.
-
Шариғат бойынша лайықсыз деп есептелетін амалдарды жасайтын күнәһарларға сүйсіну.
-
Құдайдан қорқатын, мейірбан адамдарды жек көру.
-
Дүниелік байлығы болғандықтан біреуді зор, ал өзін қор санау.
-
Ойында жоқ нәрсені тілмен айтып, алдау.
-
Қатыгез, дінсізге ұзақ өмір тілеу.
-
Пайдалы еңбекпен айналыспайтын еріншек, жатып ішер болу.
-
Өзін өзі асырау үшін пайдалы іспен айналыспай, қайыр-садақа күту.
-
Тәпсірлерге, Құранның аудармаларына сүйенбей, өз білгенінше Құран аяттарына түсінік беру.
-
Қоғам игілігін шығындау (уақап).
-
Қоғамның ақшасын өзі иеленіп кету.
-
Істелген ісімен ант ету.
-
Еркектердің әйел киімін киюі және сонымен жүруі.
-
Әйелдердің ерлер киімін киіп жүруі.
-
Жүннен жасалған қара түсті шляпа кию (оны пұтқа табынушылар киеді).
-
Саусақтың жуандығындай, есілген жіп сияқты белбеу байлану.
-
Еркектердің таза жібектен киім киюі.
-
Еркектердің әшекейлерді, алтыннан жасалған бұйымдарды тағуы (сағат, жүзік).
-
Ерркектердің күмістен жасалған бұйымдарды (жүзіктен, белбеудегі және қарудағы әшекейден басқа) тағуы.
-
Алтын ыдыс-аяқты, бұйымдарды, түрлі жабдықтарды тұрмыста пайдалану.
-
Тұрмыста күміс бұйымдарды, ыдыс-аяқты қолдану.
-
Зинақорлықтың кез-келген түрі.
-
Адамдардың, жануарлардың суретін салу.
-
Зинақорлыққа делдал (жеңгетай) болу.
-
Әйелінің басқа еркектермен қатынас жасауына жол беру.
-
Белгілі бір мөлшерде қалыңмал беріп, белгілі бір уақытқа дейін үйлену.
-
Етеккірі келген әйелімен жыныстық қатынасқа түсу.
-
Әйелінің босанудан кейінгі ауруы кезінде жыныстық қатынасқа түсу.
-
Бесінші әйелге үйлену.
-
Егер оларды асырауға, екеуінің арасына әділеттілікті қамтамасыз етуге шамасы жетпесе де екінші әйелге үйлену.
-
Әйелімен етеккірі келіп жүргенде ажырасу.
-
Ажырасуды білдіретін сөзді (талақ) бірден үш рет қайталау.
-
Күйеуінің басқа әйелдерге ғашық көзбен қарауы.
-
Әйелінің басқа еркектерге ғашық көзбен қарауы.
-
Еркектердің бөгде әйелдердің денесіне арам пиғылсыз болсын, қарауы.
-
Әйелдердің де.
-
Еркектердің денесіне еркектердің көз жүгіртуі (дененің бел мен тізе аралығындағы бөлігіне).
-
Әйелдердің денесіне әйелдердің көз жүгіртуі.
-
Жасөспірімдердің бетіне еркектердің ғашық көзбен қарауы.
-
Қарауға тыйым салынған басқа адамның дене бөлігіне жанасу.
-
Туысқандық байланысы жоқ еркек пен әйелдің бір жерде жеке қалуы.
-
Әйелдің жұқа матадан киім киюі.
-
Өзіне керексіз нәрсені біреуге бермей өртеу немесе суға батыру.
-
Тауарды немесе азық-түлікті өзі де пайдаланбай, басқаға да бермей шіріту немесе бүлдіру.
-
Артылған, қалып қойған азық-түлікті лақтырып тастау.
-
Өз еркімен ашығып, ағзасын намаз оқуға әлі келмейтін жағдайға жеткізу.
-
Тойғанынан артық тамақ қабылдау.
-
Бір-екі күндік тамағы бола тұра қайыр сұрау.
-
Байлықтың тазартуын (зекет) беруге шамасы бар адамға қайыр-садақа қабылдау (үйді, қажетті киім-кешекті және жеке адамның мүлкіне жататын нәрселерді есепке алмағандағы дәулеті асса, зекет беруге міндетті, яғни жылына бір рет кедей-кепшікке соның 2,5 пайызын тарату).
-
Тағамдық азық-түлікке немкетті қарау.
-
Шариғат бойынша арам деп саналатын тамақтарды ішіп-жеу.
-
Ағзаны уландыратын, ауру қылатын азық-түлікпен қоректену.
-
Сары, қара топырақты жеу.
-
Тамаққа қолдануға тыйым салынған жануарлардың етімен қоректену.
-
Етін тамақ үшін қолдануға тыйым салынған жануарлардың сүтін ішу.
-
Өлген малдың етін жеу.
-
Шариғаттың талабы бойынша бауыздалмаған жануарлардың етін қолдану.
-
Тамаққа еті жарамды жабайы жануарлар шариғат бойынша аң аулау ережелеріне қайшы жолмен өлтірілген болса.
-
Сасыған, шіріген еттермен қоректену.
-
Кәпір немесе пұтқа табынушы бауыздаған немесе шаншып өлтірген етпен қоректену.
-
Кәпір, құдайсыз өлтірген жабайы құстың етін жеу.
-
Еті жеуге жарайтын жануарлардың жыныс мүшелерін, қуығын, бездерін тамаққа қолдану.
-
Малды бауыздағанда аққан қанды тамаққа қолдану.
-
Шарап жүзімінен дайындалған спиртттік ішімдіктерді ішу.
-
Олардың неден дайындалғанына қарамастан спирттік ішімдіктерді ішу харам.
-
Масайтатын әсері бар өсімдіктерді жұту, иіскеу, ішке қолдану.
-
Масайтатын әсері бар сұйықты немесе өсімдіктің түтінін қолдану.
-
Біле тұра ұрланған заттарды сатып алу.
-
Біреуді пішу немесе өзін піштіру (әтек).
-
Қажылыққа барған кезеңде тыйым салынған іс-әрекеттерді жасау (ұрсысу, аң аулау).
-
Меккенің «харам» деп аталатын ауданында мал сою, аң аулау (күнә жасауға тыйым салынған жер).
-
Намазды шариғат белгілеген мерзімде оқымау.
-
Рамазан айында ораза ұстамау.
-
Заңды қайыр-садақаны дер кезінде таратпау немесе белгіленген орындарға бермеу.
-
Мүмкіндігі бола тұра Меккеге қажылыққа бармау.
-
Құранды оқыған кезде сөздерін қате айтып, ережесіз оқып, бұрмалау.
-
Толық дәреттің (ғұсыл) уақытын өткізу.
-
Басшылық қызметке қатыгездерді сайлау.
-
Жалғыз, достарынсыз қауіпті жолға шығу
Достарыңызбен бөлісу: |