Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет107/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   121
Ажыратып балау. Иттің обасын: инфекциялық гепатиттен, құтырық-
тан, Ауески ауруынан, құндыздың вирусты энтеритінен, паратифтен, пасте-
реллезден, В авитаминоздан, парвовирусты энтериттен, алеут ауруынан және 
уланудан ажырату қажет.
И н ф е к ц и я л ы қ г е п а т и т т е (инфекциялық энцефаломиелит) 
орталық жүйке жүйесімен зақымдалуымен қатар бауыр үлкейіп, кілегей 
қабықтарының сарғаюы болады. Сонымен қатар бұл ауруға тән денешіктер 
анықталады. Биологиялық сынаманы обаға бейім емес теңіз тышқанына 
қоюға болады.
Қ ұ т ы р ы қ т а обадағыдай ринит, коньюнктивит болмайды. Сонымен 
қатар құтырыққа тән белгі – ет қоректілердің құтырып ауруы, олардың 
асқазанында түрлі азық ретінде жарамайтын заттардың анықталуы, мидың 
Аммонов мүйіздерінде Бабеш-Негри денешіктерінің болуы.
А у е с к и а у р у ы ет қоректілерде қышынумен, уақытша салдану-
мен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл ауруға ақ тышқан, қоян және теңіз 
тышқаны бейімді, ал бұл жануарлар ет қоректілер обасына бейімсіз.
К ү з е н н і ң в и р у с т ы қ э н т е р и т і н д е негізінен аш ішек 
жарақаттанады. Сонымен қатар обадағыдай коньюнктивит, ринит, салдану 
болмайды. Биологиялық сынама мысық балаларына қойылады, олар ет 
қоректілер обасына бейім емес.
П а р а т и ф п е н ет қоректілер негізінен жаз айларында ауырады және
бұл ауруда көк бауыр 5-10 рет ұлғаяды. Сонымен қатар бактериологиялық 
зерттеу арқылы ажыратылады. 
П а с т е р р е л л е з д е терісі бағалы аңдар барлық жастарында 
ауырады және бұл ауруда геморрагиялық диатездер байқалады. Сонымен 
қатар бактериологиялық зерттеу арқылы ажыратылады. 
В-1 а в и т а м и н о з ы н д а бауыр жарақаттанады (дистрофия және 
түрленуі, қан мен зәр биохимиялық пировиноград қышқылы мен витамин В-
1-ге зерттеледі). 
П а р в о в и р у с т ы э н т е р и т қоздырушысы – ДНК-лы парво-
вирус және бұл ауруда гастроэнтерит, құсу жануарлардың өлімге шалдық-
қанына дейін тоқтамайды. Қажет болған жағдайда ГАР доңыз эритроцит-
терімен қолданылады. 


193 
А л е у т а у р у ы м е н негізінен күзен ауырады, созылмалы түрде 
өтеді, геморрагиялық диатезбен, анемиямен, баяу арықтаумен сипатталады. 
Ауру қоздырушысы – ДНК-лы парвовирус. Аурудың нақтылы балауын қою 
үшін биохимиялық әдіс – йод-агглютинациялық тест (йод сынамасы), 
сонымен қатар телімді әдіс ретінде серологиялық әдіс – ИЭОФ (иммунды 
электрлі осмофорез). 
Қ о я н м и к с о м а т о з ы – көз қабақтарының қабынуымен, бастың, 
жыныс мүшелерінің домбығуымен ерекшеленетін жіті өтетін аса жұғымтал 
вирустық ауру. Қоздырушысы – Myxoma leporipoxvirus, ДНК-лы шешек 
вирустарының тұқымдасына жатады. Бұл аурумен дала және үй қояндары 
ауырады. Соңғыларында инфекция өте жіті өршіп, абсолютті жағдайда 
өлімге шалдығады. Табиғатта аурудың тұрақты ошағы жабайы қояндар 
арқылы сақталады. Негізгі берілу жолдары: трансмиссивті және алимен-
тарлы. Негізгі клиникалық белгілері: іріңді конъюнктивит, құлақтың 
салбырауы, бастың ісініп, оның пішіні арыстанға ұқсауы (львиная голова), 
пневмония, ринит (38-сурет). Бұл белгілер арқылы аурудың балауын қою көп 
қиындықтар тудырмайды. Миксоматозды стафилококкоздан, жұқпалы 
фиброматоздан ажырату керек. Бұл ауруларда көз бен кілегейлі қабықтар 
зақымданбайды. Індет ошағында карантин қойылып, ондағы қояндар 
сойылып, еті температуралық режимдерде өңделеді. Жарақатталған қояндар 
өлтіріліп, утильденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет