186
ларын індеттанулық,
клиникалық, патанатомиялық және лабораториялық
зерттеу арқылы балайды.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде
пуллорозбен негізінен
тауық және күрке тауықтар ауыратыны, оған негізінен балапандар бірінші
күндері ауырып 80%-ға дейін өлімге шалдығатыны, 20 күннен жоғары
балапандардың спорадиялық жағдайда ауыратыны және олардың ауру
қоздыруышысын тасымалдаушы ретінде індеттің тұрақты ошағын сақтай-
тыны назарға алынады. Пуллороз негізінен сыртқы орта факторлары және
жұмыртқа арқылы таралатынына байланысты
жұмыртқалардың инкубатор-
ларға берілу алдында олардың дезинфекциялануына мән беріледі.
К л и н и к а л ы қ з е р т т е у д е пуллорозға тән белгілерге (іш өту,
нәжістің кілегейлі ақ түсті болуы, клоаканың желімделіп жабылуы, балапан-
дардың координацияларының бұзылуы, коньюнктивит, ауыздарының ашық
түрде болуы) мән беріледі. Бұндай белгілер негізінен 7 күнге дейінгі балапан-
дарда кездеседі. Ересек тауықтарда инфекция сарғайған перитонит түрінде
байқалады.
П а т о л о г и я-а н а т о м и я л ы қ өзгерістер пуллороздан өлген
балапан өлекселерінде айқын байқалады. Олардың негізгілері: жұмыртқада
сарыуыз шекарасының айқындалмауы, бауырдың ұлғайып нүктелі қанта-
лауы, өт қабының ұлғайып оның жасыл қою созылмалы өтпен толуы, өкпеде
және бауырда некрозданған ошақтардың анықталуы (37-сурет), ішектің
қабынуы клоакада ақ түсті нәжістердің жабысып қатуы.
А Ә Б
В Г Ғ
36-сурет. Құс
аурулары
А – патогенді саңырауқұлақтар (фавус) әсерінен жарақаттануы; Ә - құс пуллорозында
бауырдың жарақаттануы; Б – пастереллезде құс айдары мен сырғасының домбығуы; В –
шешекте құстың айдары мен сырғасының жарақаттануы; Г – құстың лимфоидті
лейкозы кезіндегі ісіктер; Ғ – Ньюкасл ауруы кезіндегі қарынның етті және сөл
шығаратын жағының бөлініп, қанталауы.
А ж ы р а т ы п б а л а у. Құс пуллорозын пастереллезден,
спирохетоздан, сальмонеллезден (әсіресе үйрек балапанының), колибакте-
риоздан және вирустық инфекциялардан ажырату қажет. Пастереллезде
көбінесе ішкі ағзаларда нүктелі қанталаулармен бірге,
құстың айдарының
домбығуы (37-сурет) анықталады. Аурудың нақтылы балауын қоюда
187
бактериологиялық зерттеу маңызды рол атқарады. Зерттеуге жаңадан өлген
5-10 балапан өлекселері жіберіледі.
Құстардың тірі кезінде қан тамшылары агглютинация реакциясымен
(ҚТАР) немесе қан тамшысы жанама геммагглютинация реакциясымен
(ҚТЖГАР) тексеріледі. Қан құстың айдарынан, жүректен, қанат астының қан
тамырларынан алынады. Шаруа қожалығы жағдайында ұсталатын құс тубер-
куллезге тексеріледі. Осы мақсатта құс туберкулині көздің жоғарғы қаба-
ғына, болмаса қанатынының астыңғы терісіне немесе тұяқ араларындағы
пердеге егіледі.
Фавус (Favus, парша) ауруымен құстар көп ауырады. Кей жағдайда
сүтқоректілер мен адамдарда да кездеседі.
Инфекция терінің, құстың
қауырсынының, тырнақтарының, сырғаларының, айдарларының және ішкі
паренхимотозды ағзаларының жарақаттануымен сипатталады.
Ауру қоздырушысы – Achorion тұқымдас бірнеше саңырауқұлақтар.
Сыртқы ортаға өте төзімді, Сабуро қоректік ортасында жақсы өседі. Бұл
ауруға құстармен бірге жылқы, қой, ит, қоян, мысық, егеуқұйрықтар және
тышқандар бейім келеді. Сиыр малында өте сирек кездеседі.
Аурудың жасырын кезеңі бірнеше күннен 3-4 айға дейін созылады. Үй
құстары мен жабайы құстардың терісінің жүнсіз жерлері, айдары,
сырғаларында дөңгеленіп келген ақ дақтар пайда болып, кейіннен түйіндерге
тоғысып, қырылып алынбайтын дақтарға айналады (37-сурет).
Бұл ауруды трихофитоз және микроспоридоздан,
әсіресе шешек
ауруынан ажырату керек. Шешектің терлік түрінде құстың сырғасында,
тұмсығында, айдарында ұсақ келген шешек ошақтары анықталады. Олар
басында тарыдай көлемде ақ түсті болып, кейіннен қанталаулардың әсерінен
қараяды (37-сурет). Құс шешегі Фавусқа қарағанда көбінесе зілді өтеді.
Соңғы жылдары құстың Фавус ауруына қарсы арнайы вакциналар
қолданылуда.
Құс шаруашылықтарында пуллорозды, басқа да бактериялар және
патогенді саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларды д а у а л а у, і н д е т
о ш а ғ ы н а н а р ы л у ш а р а л а р ы төмендегідей бағыттарда
жүргізіледі:
а) тұрақты түрде клиникалық және індеттанулық зерттеулер жүргізу,
қажет болған жағдайда ҚТАР немесе ҚТЖГАР қолдану;
ә) ауру анықталған жағдайда індет ошағындағы барлық құсты жою, құс
фермасын дезинфекциялау, санациялау;
б) инкубация алдында барлық жұмыртқаларды
арнайы режимдерде
дезинфекциялау.
в) дезинфекция, дезинсекция.
г) ферманы санациялау, т.б.
СӨЖ. Іскерлік ойынды орындауға тапсырмалар:
188
1. Құстың бактериялар қоздыратын ауруларына (стафилококкоз,
стрептококкоз, пастереллез, колибактериоз, пуллороз), жұқпалы емес
(гиповитаминоз, улану) және паразитарлық ауруларына (кокцидоз, аспер-
гиллез, т.б.) ауруларына, олардың індеттік ерекшеліктері, негізгі клиникалық
белгілері, патологиялық-анатомиялық өзгерістері бойынша ажыратып балау
кестесін құру.
2. Құстың вирустар қоздыратын ауруларына (құс тұмауы, Ньюкасл
ауруы, жұқпалы бронхит, Марек ауруы, жұқпалы энцефаломиелит, жұқпалы
бурсит, жұқпалы ларинготрахеит, үйрек
балапанының жұқпалы синуситі,
үйрек балапанының вирустық гепатиті, респираторлық микоплазмоз) аурула-
рына, олардың індеттік ерекшеліктері, негізгі клиникалық белгілері, патоло-
гиялық-анатомиялық өзгерістері бойынша ажыратып балау кестесін құру.
3. Төмендегі сұрақтарға жауап беру:
а) құс шаруашылықтарында кездесетін бактериалдық инфекциялар,
олардың негізгі жұғу жолдары?
ә) құс фермалары мен фабрикаларында жұқпалы ауруларға қарсы
қолданылатын ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық
және арнайы шараларды атаңыз?
б) құс өсіру технологиясында қолданылатын «барлығы бос-барлығы бос
емес» қағидасын түсіндіріңіз?
в) құс тұмауының індеттік ерекшеліктері қандай?
Студенттің оқытушы көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы:
Достарыңызбен бөлісу: