189
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргі-
зіледі. Студенттер құстың негізгі ауруларын (шешек,
жұқпалы ларинго-
трахеит, жұқпалы бронхит, жұқпалы ринит, үйректің вирустық гепатиті,
тұмау, Ньюкасл және Марек аурулары, респираторлы микоплазмоз, орнитоз)
талдап, оларға тән клиникалық белгілер, патологиялық өзгерістер,
індет-
танулық ерекшеліктер бойынша ажыратып балау кестесін құрады.
Вирустық аурулармен күрес шаралары жүйесінде серологиялық балау
әдістері маңызды орын алады. Соңғы жылдары заманауи серологиялық
тесттер (ГАР, ИФР, ДПР, ИФТ, т.б.) түрлі қойылымдарда патологиялық
материалдардан тек қана вирус антигенін анықтауға ғана емес, вакцина-
циялау
алдында иммундық фонды, ал иммунизациядан кейін вакциналық
иммунитеттің деңгейін анықтауға кең түрде қолданылады.
Вирустық ауруларды д а у а л а у және і н д е т о ш а ғ ы н а н
а р ы л у шаралары жіті өршіп, тез тарайтын вирустық ауруларды
болдырмауға, ал індет ошағы анықталған жағдайда,
одан тез арада арылуға
бағытталған. Бұл ауруларға қарсы күрес шаралары кешенінде ұсталынатын
негізгі қағидалар:
а) құс өндірісінде технологиялық процестердің дұрыс орындалуы;
ә) ветеринария-санитариялық режимдердің сақталуы;
б) құс өсіру технологиясында «бәрі бос-бәрі бос емес» қағидасының
сақталуы.
Түрлі вирустық аурулар анықталған жағдайда індет ошағында жүргізі-
летін арнайы шаралар, олармен қарсы күрес шаралары нұсқауында
көрсетілген ережелерге сәйкес орындалады.
Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма:
1. Құстың вирустық ауруларына (шешек,
жұқпалы ларинготрахеит,
жұқпалы бронхит, жұқпалы ринит, үйректің вирустық гепатиті, тұмау,
Ньюкасл және Марек аурулары, респираторлы микоплазмоз, орнитоз)
індеттанулық ерекшеліктері, негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық-
анатомиялық өзгерістері бойынша ажыратып балау кестесін құру.
2. Індеттік жағдай. Тауық фабрикасында 500 мың жұмыртқалайтын
тауықтар орналасқан. Мекеменің тауық балапанын
шығаратын инкубаторы
бар. Вирустық ауруларға қарсы құстар иммунделмеген, аяқ астынан тауық
балапандарының жаппай қырылуы байқалған, аурудың нозологиялық балауы
- Ньюкасл ауруы. Індеттанулық талдау негізінде инфекцияның инкубатор-
дағы балапандардан таралғаны белгілі болды.
Т а п с ы р м а:
а) құс фабрикасында Ньюкасл ауруынан арылу шаралары жоспарын
құру;
ә) қатер төнген аймақта Ньюкасл ауруының таралмауына қарсы жалпы
және арнайы шаралар жоспарын құру.
190
3. Індеттік жағдай.
Асыл тұқымды құс фабрикасы жұмыртқа өндірумен
және сатумен айналысады. Фабрика инфекциялық аурулардан таза деп сана-
лады. Бірақ соңғы уақытта тұтынушы құс шаруашылықтарынан рекламация
келіп түскен. Онда сатып алынған жұмыртқалардың 20-40 %-ы пуллорозбен
зақымданған.
Т а п с ы р м а:
а) аурудың нақты балауын қою үшін және асыл тұқымды жұмыртқа
өндіретін құс фабрикасында тауықтың
пуллорозға шалдығу пайызын,
індеттік көрсеткіштерді анықтау үшін жүргізілетін әдістемелер схемасын
құру;
ә) асыл тұқымды жұмыртқа өндіретін құс фабрикасын тауықтың
пуллорозынан сауықтыру шараларын жоспарлау;
б) тұтынушы шаруашылықта пуллороздан арылу шараларының жоспа-
рын құру.