31
(переоксиздаза, сілтілі фосфатаза, каталаза, т.б.) қолдануға байланысты
өзгере береді.
Иммундыхимияда, физиологиялық белсенді заттарды анықтауға
бағытталған
жетістіктер антиген, антиденені ферменттермен таңбалауға
байланысты болғандықтан, әдебиетте жаңа тест – “Иммунды ферментті
талдау” атауымен қалыптасты.
Соңғы жылдары ИФТ-ның қолдану алаңы кеңіп: биология, медицина,
ветеринария саласындағы проблемаларды шешуде үлкен
роль атқарып
келеді.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіретін мемлекеттерде жұқпалы ауру-
лардың нозологиялық балауында ИФТ-ның кең түрде қолданылуы – тестің
қойылу әдістемесінің толық автоматтандырылуынан және оның жоғарғы
сезімталдығынан туындалады.
ИФТ-ның негізгі бағыты: адамның, ауыл шаруашылық жануарларының,
өсімдіктердің инфекциялық ауруларын ерте, нақтылы балау және
медициналық, микробиологиялық өндірістер
өнімінің сапасын бақылау
болғандықтан, ИФТ-ны практикалық жағдайда қолдану, қазіргі заманның
мал дәрігеріне өте қажет.
ИФТ-да зерттеу объектілерінің, фрагмент маркерлердің сан алуанды-
лығы, оны практикалық лаборатория жағдайында қолдануда қиындатады.
ИФТ-ның негізгі принциптері мен түрлі варианттарының жалпы қойылу
техникасы әдебиеттерде көптеп көрсетілген.
Соңғы кездері аса қауіпті жұқпалы аурулардың
балауында белгілі бір
ауру қоздырушысына тән генді немесе нуклеин қышқылдарының тізбегін
анықтау әдістері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: