Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет13/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   121
Сабақтың мақсаты. Вирусологиялық зерттеуге материал алу, оны 
зерттеу реттiлiгiмен танысып, оның негiзгi әдiстерiн үйрену. 
Керектi жабдықтар. Вирусологиялық зерттеуге патологиялық материал 
алуға арналған құралдар (скальпель, Пастер түтiгi, қайшы, т.б.). 
Орны және жүргізу әдiстемесi. Сабақ вирусологиялық лабораторияда 
жүргiзiледi. Студенттер зерттеу ерекшелiктерiмен танысып, вирустық 
материалды микроскопиялау әдiстемесiн меңгередi.
Патологиялық материалды вирусологиялық әдiстермен зерттеу схемасы 
2-шi суретте көрсетiлген. 
Пашен әдiсiмен бояу. Бекiтiлген жағындыны Леффлер көгiмен буы 
шыққанша қыздырып бояп, одан кейiн дистильденген сумен жуып тастап 
суытылмаған Циль фуксинiнiң ерiтiндiсiмен қыздырып 1-3 минут бояйды. 
Қайтадан дистильденген сумен жуып абсолюттi спиртпен немесе таниннiң 
5% ерiтiндiсiмен өңдейдi. Боялған жағындыны кептiрiп иммерциялық май 
көмегiмен микроскопиялайды. Арнайы денешiктер ашық көк түске боялады. 
Дайындалған патологиялық материалды эмбрионға егу. 
Бұл мақсатта көптеген жағдайда 8-12 күндiк эмбриондар пайдала-
нылады. Ол үшiн жұмыртқаны алдын-ала овоскоппен қарап, эмбрионның 


22 
тiрiлiгiн анықтайды, қарындашпен езiндi жiберетiн жердi белгiлеп, 
жұмыртқаның сыртын зарарсыздандырады. Вирустың ерекшелiктерiне 
байланысты езiндiнi жұмыртқаның амнион, аллантойс қуыстарына, саруыз 
қапшықшасына немесе хориоаллантоис қабықшасына жiбередi. Материал 
енгiзiлген скорлупадағы тесiктi балауызбен бекiтiп, өсiру үшiн жұмыртқаны 
48-72 сағатқа термостатқа (33-370С) орналастырады. 
Вирусты сәулелiк, люми-
нисценттi, 
электронды 
микроскоптар 
арқылы 
тiкелей немесе олардың 
антигендерiн 
сероло-
гиялық реакциялар арқы-
лы 
(экспресс-диагноз) 
табу 
Тауық эмбрионына, тор-
ша езiндiсiне, табиғи 
ауыратын және лабора-
ториялық 
жануарларға 
жұқтыру. Вирустар мен 
олардың 
антигендерiн 
микроскопия әдiстермен 
және серологиялық реак-
циялардың 
көмегiмен 
ажырату. 
Тауық эмбриондарында, 
клетка өсiндiлерiнде жә-
не 
лабораториялық 
жануарларда 
вирусты 
бейтараптау реакциясын 
қою. 
2-сурет. Вирусологиялық зерттеу схемасы. 
Вирусологиялық зерттеуге материал алу, жiберу әдiстемесi, жолдама 
құжат толтыру бактериологиялық зерттеудегiдей. Тек қана вирустың 
термолобильдiгi, яғни жоғары температураға төзiмсiздiгi ескерiлiп, әсiресе 
жаз айларында патологиялық материал мұз салынған арнайы термоска 
салынып жiберiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет