2-бөлім. Діңдік НЖЖ күрекшелерін ультрадыбыстық ақаукөргіш бойынша көрсету
1-тарау. Негізгі шығу қағидалары
32. Осы ұсынымдар діңдік НЖЖ күрекшелеріне таралады, бақылау, тәртіп және технология мерзімділігін, сонымен қатар брактау нормасын белгілейді.
33. Күрекшенің бұзылуымен байланысты авариялық деңгейі жоғары болатын ВОД-30М, ВОД-40М, ВОКД-3,6, ВОД-40 типті желдеткіштерді зерттеу кезінде діңдік желдеткіш жұмыс күрекшелеріне ультрадыбыстық бақылау жүргізіледі. Бақылаудың техникалық жабдықтау қиындығы және авариялықтың салыстырмалы төмендігінен туындайтын себептерге байланысты басқа типті желдеткіштердің күрекшелеріне ультрадыбысты бақылау (бұдан әрі-УДБ) жүргізу орынсыз.
34. НЖЖ күрекше орнату алдында, әрбір сараптамалық зерттеу алдында берілген әдіспен анықталған толық көлемде бақылау жүргізіледі. Күрекшелерді алты жылда бір рет айырбастау жүргізіледі.
35. Қауіпті кесік орындарда, реперден амплитуда сигналын жоғарылататын амплитуда сигналы, ақау формасы бойынша қиын ажыратылатын барлық жарықтар ультрадыбыстық бақылау кезінде жол берілмейтін ақаулар болып есептеледі.
36. Қауіпті кесіктер (кернеу концентраторлары) көп орындардағы бақылау үлгісіне (бұдан әрі-БҮ) жіберілген ақаукөргіштің айналдыру жылдамдығын, сезгіштікті, координатты реттеуге қызмет көрсететін жасанды ақау (цилиндрлік тесік, кертік, кесік және тағы басқалар) «Репер» деп аталады.
37. Күрекшені бақылау желдеткіш құрылғының жұмыс дөңгелегінен алып тастау жұмыс орнына операторды тасымалдаумен байланысты. Күрекшені бақылау кезінде жұмыс дөңгелегінен оны алып тастамаған уақытта ұйымның энергомеханикалық қызметі ақаукөргіш аппаратқа электр магнитті кедергілерінің әсерін болдырмайды.
38. Бақылауға берілген күрекше шаңнан және ластан тазаланған. Іздеуші ауысу зонасындағы күрекшенің үстіңгі беті Rz 40 кедір-бұдырына дейін дайындалған. Ол бақылау үлгісінің үстіңгі бетімен салыстыру жолы арқылы бағаланады.
39. Жүргізілген бақылау нәтижесі бойынша НЖЖ күрекшесінің ақаукөргіші бойынша қорытынды жасалады. Қорытынды бақылау жүргізетін жұмысшылармен толтырылады, НЖЖҚ пайдаланушы ұйыммен беріледі.
Алдағы уақытта пайдалануға жарамды, күрекшелерге бақылау жүргізгеннен кейін негіздің шығып тұратын жағында зауыт нөмірі болмаған кезде екі мағыналық санның үш тобынан тұратын белгі қойылады, олар:
күрекшенің реттік нөмірі-бірінші екі сан;
қорытынды нөмірі-екінші екі сан;
ақау көрсеткіш жүргізу екі жылы-үшінші екі сан.
Күрекшеде зауыттық белгі болса қойылмайды. НЖЖ күрекшесіне ақау көрсеткіш бойынша қорытындыға күрекшенің зауыттық нөмірі енгізіледі.
Күрекшеде жол берілмейтін ақаулар болған кезде ақаукөргіш өткізу жылының орнына нөлдер қойылады-00.
Осындай уақытта қорытындыға ақау орны, оның координаттары және түрі (жарық, жалғыз қуыс, шынжыр қуыс) көрсетілген күрекше сұлбасы қосымша беріледі.
40. Жол берілмейтін ақауы бар күрекше бөлігі кесіледі, бақылау жүргізетін ұйымға беріледі.
2-тарау. Күрекшелеге бақылау жүргізу технологиясы
1-параграф. Көзбен шолу бақылауы
41. Көзбен шолу бақылауына күрекшенің артқы жағы, дәнекерлеу тігістері, қаптамадағы тойтарма шеге зоналары жатады. Көзбен шолу бақылауы кезінде жеті есеге дейін үлкейтетін лупаны қолдану ұсынылады.
42. Көзбен шолу бақылауы кезінде күрекшенің рамасын негіздеумен қосылыстар орындарындағы қаптамалардың дәнекерлеу тігістеріне ерекше көңіл бөлінеді.
Осы зонадағы жарықтар қауіпті кесулердегі рама бүтіндігінің бұзылуының нәтижесі болып табылады. Осындай ақаулары бар күрекшелер бракка шығарылады.
43. Күрекше қаптамасының табақтар арасындағы дәнекерлеу қосылыстарында немесе күрекшенің дәнекерлеу тігістерінде ақаулар табылғандығы анықталса ақаулар жойылады, жөндеуден кейін көзбен шолу қайтадан жүргізіледі.
2-параграф. Ультра дыбысты бақылау
44. Діңдік желдеткіштің күрекшелері артқы рамасы бар тойтарма шегелермен (7-сурет) немесе дәнекерлеумен (8-сурет) орындалады.
45. Күрекшені бақылау кезінде ақаукөргіштің ультрадыбысын (бұдан әрі-УД) ретке келтіру үшін бақылау үлгісі (бұдан әрі-БҮ) қолданылады. Ультрадыбысты бақылау әдісімен анықталған тегіс еместігі болмайтын желдеткіштің жұмыс күрекшесінен жасалатын БҮ дайындалады. Күрекшенің әр типіне өзінің БҮ дайындалады. Ақаукөргішті координат, сезгіштік, айналу жылдамдығы бойынша ретке келтіру үшін БҮ реперлер соғылады.
46. Ультрадыбысты бақылау 1-бөлімнің 2-тарауы 2-параграф талаптарын қанағаттандыратын ультрадыбысты ақау көрсеткіштермен жүргізіледі. Уақыт кемуінің есебінен бақылау өнімділігін үлкейтуге арналған бағдарламалық жабдықтауы жоқ, бір пьезоэлектрлік өңдегіштен басқасына ақаукөргішті қайта реттеуге қажет УД ақаукөргіш жұмысы кезінде екі УД ақаукөргішпен бақылау жүргізу ұсынылады.
7-сурет. Шегеленген күрекше: 1-конустың артқы жағы; 2-күрекше рамасы; 3-рама негізі; 4-қалақ; 5-тойтарма шеге; 6-раманың сол иіні;
7-раманың оң иіні
8-сурет. Дәнекерлеу күрекшесі: 1-цилиндрлік артқы ілмек; 2-кілттің салынған сақинасы астындағы бунағы; 3-күрекше рамасы; 4-рама негізі; 5-қалақ; 6-раманың сол иіні; 7-раманың оң иіні
47. УД ақау көргіш бақылау формулярында (бұдан әрі-БФ) көрсетілген НЖЖ күрекшелерінің нақты типін бақылау сұлбасы бойынша жүргізіледі. БФ-да күрекше сызбасы 1:1 масштабымен орындалады. Бақылау жүргізу кезінде өнімге УД толқынын енгізуді көзбен шолу ыңғайлы болу үшін, сызбаға (сұлбаға) анықталған ақаулар координатын көшіру үшін, ақаукөргіш экранындағы белгі берулерді ажырату үшін ПЭӨ берілген күрекшелерін бақылау кезінде қолданылатын УД енгізу сәулелерін және оған координаттарды бейнелеу арқылы айқын көрінетін материалдан (калька, жұқа плексиглас және тағы басқа) жасалған карта қолданылады (1-сызба).
Цифрлы есеп беру блогының ақау кординаты көрсеткішін қолдана отырып, БФ бойынша өнімге сәуле енгізу нүктесіне салынған картаның бастапқы координатын салу кезінде оператор сызбадағы ақау орынын, одан кейін бақыланатын бөлшектегі ақау орынын анықтайды.
48. Цилиндрлік үстіңгі бетке R=50 мм-мен қиюластырылған көлбеу ПЭӨ қолдану кезінде ПЭӨ енгізу бұрышын анықтау үшін, ақаукөргіш тереңдігін өлшеу және айналу жылдамдығын (цифрлы есеп беру блогы) реттеу үшін № 1 ұйымның арнайы өңделген стандартты үлгісі қолданылады. СОП N 1 Ст20 маркалы болаттан жасалады.
49. ПЭӨ көлбеуімен жұмыс кезінде шартты сезгіштікті анықтау үшін 50 мм тең (3-сызба) ПЭӨ көлбеуі астында үстіңгі бетпен ұштастырылған радиуспен СО N 1 жасалған СОП N 2 қолданылады.
50. Стандартты ПЭӨ қолдану кезінде аспапты реттеу үшін СО N 1,2,3 қолданылады.
51. Бейнелеу мекен кординатын өлшеу тәртібімен ақаукөргішті ретке келтіру кезінде СОП N 1 С, Д нүктелері (бұрыштық бейнесі) Е нүктелері (цилиндрлік тесіктен бейнелеу) кординаттары СОП N 1 сәйкес алыс, орта және жақын бейне болып табылады.
1-сызба. Салынған карта
2-сызба. № 1 ұйымының стандартты үлгісі.
А-алдыңғы жағынан көрініс; Б-артқы жағынан көрініс
3-сызба. № 2 стандартты үлгі
Аспапты ретке келтіру ақаукөргішті пайдалану бойынша басшылықпен сәйкестендірілген түрде іске асырылады.
52. НЖЖ әрбір типіне УДБ жүргізу кезінде ФК1-ФК5 бақылау формулярлары қолданылады (4-қосымша).
1:1 масштабында орындалған бақылау сұлбалары сызылған қаптамасыз артқы ілгегі бар күрекше рамасының негіздеу бөлігінің жалпы көрінісі бақылау формуляры болып табылады. Бақылау сұлбасында ақаукөргішті реттеу үшін қолданылатын мәліметтер сияқты, өнімдерде олардың өту бағыттары мен УД сәулелер енгізу орындары, нөмірленген реперлер көрсетілген.
Бақылау кестесінде ұсынылатын типі, УД толқын енгізу бұрышы (а, град) ПЭӨ жиілігі көрсетілген.
Қауіпті кесу орыны шартты түрде екі зонаға бөлінген-А және Б.
3-параграф. ВОД-30М түріндегі НЖЖ күрекшесінің ақаукөргіші
53. Көзбен шолу бақылауы осы әдістемелік ұсынымның 2-бөлімі 2-тарауының 1-параграфына сәйкес жүргізіледі.
54. Алдын ала ретке келтіру жүргізілгеннен кейін УД ақаукөргішті ақырғы ретке келтіру ФК1 бақылау сұлбасын қолдану арқылы КО N 1 (4-сызба) бойынша жүргізіледі.
Жиілікті уақытша жүйелеу (бұдан әрі-ЖУЖ) тәртібінде ақаукөргішті пайдалану бойынша басшылықпен сәйкес, жақын және алыс сәулелерден сигнал беру (ақаукөргіштің электронды сәулелі түтікшесі (бұдан әрі-ЭСТ) шкаласы бойынша алты бөлімі) стандартты амплитудасы орнатылады.
55. Түзу ПЭӨ жұмыстары үшін аспапты ретке келтіру кезінде кілттің салынған сақиналарының астымен жүргізілген орындардағы металды бақылауда жақын және алыс сәулелері 1 және 2 сәйкес репер болып табылады.
56. Көлбеу ПЭӨ жұмыстары үшін аспапты ретке келтіру кезінде артқы ілмек мойынын бақылауда бақылау сәулесі 3-репер болып табылады.
57. Көлбеу ПЭӨ жұмыстары үшін аспапты ретке келтіру кезінде рама иінінің бөліктері мен негіздерін бақылауда жақын және алыс сәулелер 4 және 5 репер болып табылады.
4-сызба. ВОД-30М түріндегі НЖЖ күрекшесіне № 1 бақылау үлгісі:
тереңдігі 2 мм, ені 1,5 мм 1,2,3-реперлер (кесік, кертік);
4,5-реперлер (бұрғылау) 6 мм
58. Кілттің салынған сақинасының астарындағы бунақ шектеу сақинасын қолдану арқылы бақыланады (5-сызба). Бақылау шектеу сақинасының ішкі периметрі бойынша жүргізіледі. Шектеу сақинасын қолдану бунақтың жоғары бөлігінен берілген белгінің пайда болу мүмкіндігін болдырмайды. Ақауды анықтау кезінде айналым бойынша оның шартты ұзындығы, сағаты, орынның тереңдігі, мм (6-сызба) өлшенеді. Шектеу сақиналары СтЗ болат маркасынан жасалады.
59. Артқы ілмектің мойынын, негізін, рама иінін көлбеу іздегішпен бақылау кезінде сигналдарды ажырату КО № 1, ФК1 бақылау сұлбасы мен салынған картаны қолдану арқылы жүргізіледі.
60. Ақаукөргіш экранында сигналдардың пайда болуы, рама иіні мен негіздеу ақаукөргіші кезінде ақаулардың болуы БҮ-нен алынған сигналдарды салыстыру әдісі бойынша талданады.
4-параграф. ВОД-40М түріндегі НЖЖ күрекшелерінің ақаукөргіші
61. Көзбен шолу бақылауы осы Әдістемелік ұсынымның 2-бөлімі 2-тарауының 1-параграфына сәйкес жүргізіледі.
62. Алдын ала ретке келтіру орындалғаннан кейін УД ақаукөргішті соңғы ретке келтіру ФК2 бақылау сұлбасын қолдану арқылы КО № 2 (7-сызба) бойынша іске асырылады.
63. Күрекшеге бақылау жүргізу ФК2 бақылау сұлбасында көрсетілген дыбыстау сұлбасына сәйкес, ВОД 30М түріндегі НЖЖ күрекшесін бақылауға ұқсас жүргізіледі (2-бөлім, 2-тарау, 3-параграф).
5-параграф. ВОКД-3,6 түріндегі күрекшелерінің ақаукөргіші
64. Көзбен шолу бақылауы осы Әдістемелік ұсынымның 2-бөлімі 2 тарауының 1-параграфына сәйкес жүргізіледі.
65. Ақаукөргішті ретке келтіру ФКЗ бақылау сұлбасын қолдану арқылы КО N 3 бойынша іске асырылады.
66. Уақытша жүйелеу жиілігі (бұдан әрі-УЖЖ) тәртібіне жақын (1-репер) және алыс (2-репер) сәулелер бойынша стандартты амплитуда сигналы қойылады. А бақылау зонасы (артқы ілмек мойыны) радиус бойына бір уақытта сканирлеу арқылы шығып тұрған ілмекті айналым бойынша іздеуішпен көбік қоршау жолымен іске асырылады. Сканирлеу адымы іздеуіштің пьезопластинасының (ПЭӨ) 0,5 диаметрінен аспайды.
5-сызба. Шектеу сақинасы. Ст3-материалы
6-сызба. Цилиндрлік ілмектің УДБ үшін шектеу сақинасын қолдану
7-сызба. ВОД-40М түріндегі НЖЖ күрекшесіне № 2 бақылау үлгісі
1, 2, 3-тереңдігі 2мм және ені 1,5 мм реперлер (кесік, кертік)
8-сурет. ВОКД-3,6 түріндегі НЖЖ күрекшесіне №3 бақылау үлгісі
1, 2-тереңдігі 2 мм және ені 1,5 мм реперлер (кесік, кертік);
3, 4-6 мм реперлер (бұрғылау); 5-3,5х4 мм репер (кертік)
67. Рама иінін ПЭӨ тік бақылау кезінде жақын сәуле болып 1-репер, алыс 4-репер болып табылады.
68. Көлбеу ПЭӨ ретке келтіру 3-репер (жақын сәуле) және 5-репер (алыс сәуле) бойынша жүргізіледі.
69. Аспапты ретке келтіру кезінде цифрлы есеп беру блогын (бұдан әрі-ЦЕБ) қолдана отырып, күрекше рамасын оның қаптамасымен байланыстыратын тойтарма шеге астындағы тесіктерден шығатын сигналдар экранда белгіленеді. Тесіктен шығатын сигналдың жанында, бірақ тереңдігі бойынша сәл әрірек тойтарма шеге қатты қағылған кезде аспап экранында тойтарма шегенің қарама-қарсы жағынан бақылау деңгейін жоғарылататын сигнал пайда болады. Осындай сигнал пайда болған кезде сәуле кординаты өлшенеді, салынған картаның көмегімен бақылау формулярының сызбасында оның орыны белгіленеді.
Іздеуіш орынын сәл ауыстырған кезде тойтарма шеге астындағы тесіктен шыққан сигналмен бірге бір уақытта сигнал жоғалады.
70. Күрекшені бақылау кезінде күрекше рамасының үстіңгі бетінің шетінен шығатын және тойтарма шеге астындағы тесіктен шығатын сәуле бір рет немесе екі рет сәулелену кезінде пайда болатын, аспап экранында жалған сигналдарды ажыратуға арналған бақылау сұлбасы мен салынған карта қолдану ұсынылады. Осындай жағдайда осындай сигналдарды № 3 БҮ алынған сигналдармен салыстыру әдістемесі бойынша ақаулардың барлығы талданады.
71. Күрекшені тексергеннен кейін № 3 БҮ қолдана отырып, ақаукөргіштің реттелген қалпының дұрыстығына тексеріледі.
6-параграф. ВОД-40 түріндегі НЖЖ күрекшелерінің ақаукөргіші
72. Көзбен шолу бақылауы осы Әдістемелік ұсынымның 2-бөлімі 2-тарауының 1-параграфына сәйкес жүргізіледі.
73. Ақаукөргішті ретке келтіру ФК4 бақылау сұлбасын, сканирлеу сұлбасын және ФК5 дыбыстау бағытын қолдана отырып, № 4 БҮ (9-сызба) бойынша іске асырылады.
9-сызба. ВОД-40 түріндегі НЖЖ күрекшесіне № 4 бақылау үлгісі
1, 2-тереңдігі 2 мм және ені 1,5 мм реперлер (кесік, кертік);
3,4-6 мм реперлер (бұрғылау)
74. Ілмектің (А зонасы) УДБ 66 тармаққа сәйкес жүргізіледі.
75. Б зонасын бақылауға арналған ақаукөргішті алдын ала ретке келтіру 2-бөлімнің 2-тарау 2-параграфына сәйкес жүргізіледі.
76. Соңғы реттеу КО N 4 3-репер (жақын сәуле) және 4-репер (алыс сәуле) бойынша іске асырылады.
Қабылданған қысқартулар
ЦЕБ-цифрлы есеп беру блогы;
ЖУЖ-жиіліктің уақытша жүйесі;
БҮ-бақылау үлгісі;
НТҚ-нормативті техникалық құжат;
ПЭӨ-пьезоэлектрлік өңдегіш;
ОКК-орта квадраттық көрсеткіш;
СҮ-стандарттық үлгі;
ҰСҮ-ұйымның стандарттық үлгісі;
УД-ультра дыбысты, ультра дыбыстық;
БК-бақылау формуляры;
НЖЖ-негізгі желдету желдеткіші;
НЖЖҚ-негізгі желдету желдеткіш қондырғысы;
ЭСТ-электронды сәулелік түтікше;
ЭТК-сараптамалық техникалық комиссия.
____________________
Негізгі желдету желдеткіш қондырғыларына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамаларын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарына
1-қосымша
Техникалық есеп беру үшін ұсынылатын форма
Бекітемін
Техникалық бастық
_____________________
(зерттеу жүргізетін
ұйым атауы)
Негізгі желдеткіш қондырғысын
сараптамалық зерттеу бойынша техникалық есеп
оқпан желдету _____________________________________
шахталар (кен орны) ________________________________
ұйым __________________________________________
Жұмыстың
жауапты
жетекшісі « » ________ 20 __ ж.
Орындаушылардың тізімі
Аннотация
Қызметінің мерзімді уақытын өтеген негізгі желдету желдеткіш қондырғыларын сараптамалық зерттеу бойынша жұмыстардың мақсаты мен міндеті-техникалық жағдайын бағалау және келесі пайдалану мүмкіндігін анықтау. Техникалық есепте НЖЖҚ электр және механикалық жабдықтарды зерттеу нәтижелері, желдеткіш пен діріл бақылау жауапты элементтерінің металл ақаукөргішінің нәтижесі, іргетастар, құрылыстық құрылымдар мен ғимараттарды зерттеу нәтижелері қамтылады.
Мазмұны
Кіріспе
Жұмыс бағдарламасы
1. Жұмыс нәтижесі
2. Қорытынды және ұсынымдар
Техникалық есепке қосымша:
негізгі желдету желдеткіш қондырғыларының ақаулар тізімі;
мойынтіректік түйіндердің діріл параметрлерін өлшеу хаттамасы;
НЖЖҚ техникалық жағдайы туралы діріл бақылауы мәліметтері бойынша қорытынды;
НЖЖҚ жабдықтарының жауапты элементтерінің дәнекерлеу тігісі мен металды көзбен шолу бойынша қорытынды;
НЖЖ күрекшесінің ақаугөргіші бойынша қорытынды;
НЖЖ күрекшесінің эскизі;
НЖЖҚ жабдықтарының жауапты элементтерінің дәнекерлеу тігісі мен металдың ақакөргіш бойынша қортындысы;
НЖЖҚ ғимараттары мен құрылымдарын зерттеу бойынша қорытынды;
Сараптамалық зерттеу бойынша жұмыс қабылдау актісі.
Кіріспе
Сараптамалық зерттеу бойынша жұмыс № ____ (күні) келісім-шарты бойынша
Мамандармен _______________________________________________________
(зерттеу жүргізетін ұйым атауы)
№ _____ (күні) _ аттестат негізімен
Берілген_________________________________________________________________________________________________________________________________
орнатылған қызмет уақыты _______________________ ж. жүргізілді.
Зерттеу НЖЖҚ қызмет ету нормативті уақыты өтуіне байланысты мерзімді қызмет уақытын өтеген шахталық НЖЖҚ жағдайын сараптамалық әдіспен бағалауға сәйкес жүргізіледі.
Осы жұмыс бекітілген кестемен және жұмыс бағдарламасымен _______ жүргізіледі __________________________________________________________
(жұмыс басталған күн)
______________________________________________
(жұмыс аяқталған күн)
Жұмыс соңы сараптамалық зерттеу бойынша Жұмыс қабылдау актісімен бекітіледі (техникалық есепке қосымша).
-
Келісілген
|
|
Бекітемін
|
Негізгі механик
|
|
Техникалық жетекші
|
|
|
|
|
|
|
«___»____________
20 ___ ж.
|
|
«___»____________ 20 ___ ж.
|
Жұмыс бағдарламасы
(ұсынылатын жұмыс көлемі)
1. Техникалық құжатпен (жобалық, зауыттық, монтаждық, пайдалану, жөндеу) және оның талдауы. Жұмыс жүргізу бағдарламасы мен кестесін тапсырушымен бірге құру және келісу.
2. Діріл диагностикасы бойынша аппаратты алдын ала тексеру және тарирлеу. Агрегат жағдайын талдау және оқыту. Аспапты қосу және сынау: іргетастарды, корпустарды, мойынтіректердің діріл параметрін өлшеу. Өлшеу нәтижелерін өңдеу. Агрегаттың діріл жағдайы туралы қорытынды жасау.
3. НЖЖ жабдықтарының жауапты элементтерінің ақаукөргіші бойынша жұмыс жүргізуге арналған аспаптар мен материалдарды дайындау, бақыланатын элементтердің құрылымдық ерекшеліктерімен алдындағы бақылау нәтижелерімен танысу; бақылауға жататын элементтерді дайындауға техникалық қадағалау. НЖЖ элементтерінің ақаукөргішін жүргізу; бақылау нәтижелерін алдын ала өңдеу және алдын ала қорытындыны құру. Бақылау нәтижелерін соңғы өңдеу. Соңғы қорытындыны жасау.
4. НЖЖҚ темір бетонды ғимараттың, құрылымның жағдайын зерттеу. Зерттеу материалдарын өңдеу. Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жасау.
5. Сараптамалық зерттеу бойынша материалдарды жүйелеу және өңдеу. Кейін пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыным беру арқылы НЖЖҚ бағалау. Техникалық есеп беруді рәсімдеу.
Жұмысқа жауапты
жетекші ____________________________
1. Жұмыс нәтижесі
Зерттеу _____________________________________ нәтижесінде
алғашқы қайталау
орнатылған:
1.1. Желдеткіш қондырғысы жабдықталған ____________________________________________________________________
(біреумен, екеумен)
Негізгі желдету ____________________________________________ желдеткіші
НЖЖҚ-да қызмет ету мерзімі аяқталған соң зерттеу ___________________ жүргізілген.
№ 1 агрегат:
1.2. ___________________________________________________________ негізгі желдету
(діңдік, сыртқа тебуші)
желдеткіші түрі ___________________________ шығарылған 20 ___ ж.
____________________________________________________________зауытпен,
(зауыт-дайындаушы)
№ ____ зауыты, 20 ____ ж. жөнделген және 20 ___ ж бастап пайдаланған.
1.2.1. Механикалық жабдықтың жағдайы:
рама, қаптама, диффузор, коллектор, айналдыру, мойынтіректік түйін
|
|
|
діңдік желдеткіштің жұмыс дөңгелегі
|
|
|
сыртқа тебу желдеткішінің жұмыс дөңгелегі
|
|
|
бағыттаушы және тіктеуші аппараттардың
|
|
|
айналу мойынтіректері
|
|
|
сырғу мойынтіректері
|
|
|
тіреуіш иіндер
|
|
|
аралық иін
|
|
|
байланыстыратын жалғастырғыш
|
|
|
тежеу құрылғысы
|
|
|
реверсивті және қайтадан қосу құрылғылары
|
|
|
1.2.2. Электр жабдықтардың жағдайы:
1000 В жоғары кернеулікпен тарату құрылғысы
|
|
|
1000 В дейін жоғары кернеулікпен тарату құрылғысы
|
|
|
электр машиналар
|
|
|
басқару, қорғаныс, бақылау аппараттары
|
|
|
дистанциялық автоматтық басқару аппараты және сұлбасы
|
|
|
1.2.3.
Жауапты бөлшектерді, түйіндерді, механизмдерді ақаукөргіш нәтижесі бойынша металдың жағдайы
|
|
|
1.2.4.
Діріл диагностикасының нәтижесі бойынша желдеткіштің жағдайы
|
|
|
1.2.5.
Желдеткіш жабдығының іргетасының жағдайы
|
|
|
№ 2 агрегат:
1. 3. _____________________________________________________ негізгі желдету
Желдеткішінің типі ___________________________________________
зауытпен _________________________________________ 20 __ ж. жасалған
(зауыт-шығарушы)
зауыт № ________, 20 ___ ж. жөнделген және 20 __ ж. бері пайдаланылған.
1.3.1. Механикалық жабдықтың жағдайы:
рамалар, қаптамалар, диффузорлар, коллекторлар, айналулар, мойынтіректік түйіндер
|
|
|
діңдік желдеткіштің жұмыс дөңгелегі
|
|
|
сыртқа тебуші желдеткіштің жұмыс дөңгелегі
|
|
|
бағыттаушы және түзеуші аппараттардың
|
|
|
айналу мойынтірегі
|
|
|
сырғу мойынтірегі
|
|
|
тіреуіш иіндердің
|
|
|
аралық иіннің
|
|
|
байланыстыратын жалғастырғыш
|
|
|
тежегіш құрылғылар
|
|
|
реверсивті және қайтадан қосу құрылғылары
|
|
|
1.3.2. Электр жабдығының жағдайы:
1000 В жоғары кернеулікпен тарату құрылғылары
|
|
|
1000 В дейін кернеулікпен тарату құрылғылары
|
|
|
электр машиналарын
|
|
|
басқару, қорғаныс, бақылау аппараттары
|
|
|
дистанциялық автоматты басқару аппараттары және сұлбалары
|
|
|
1.3.3.
Ақаукөргіш нәтижесі бойынша түйіндер мен механизмдердің, жауапты элементтердің металл жағдайы
|
|
|
1.3.4.
Діріл диагностикасының нәтижесі бойынша желдеткіштің жағдайы
|
|
|
1.3.5.
Желдеткіш жабдығының іргетасының жағдайы
|
|
|
1.4.
Темір бетонды құрылымдар мен іргетастардың, құрылымдардың, ғимараттардың жағдайы
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |