Негізгі орта білім беру


Кәсіби қызметтегі мұғалім тұлғасы



бет3/9
Дата08.10.2022
өлшемі84.04 Kb.
#462189
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Калыбаева Нұрай курстық жұмыс

1.2 Кәсіби қызметтегі мұғалім тұлғасы
«Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі бір пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары, беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның бойындағы білім мен ақылы, ойының қуаты талай «тентекті» жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді, болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»-деп Бауыржан Момышұлы айтқан екен. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»-десе, Жамбыл Сүйінбайды, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп шексіз құрметтеп өткен. Бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық білім балаға жазу-сызуды, оқуды үйретсе, бүгінгі мұғалім оқушыларына ғылым негізінен мәлімет беріп қана қоймайды, оны дүние жүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейді. Бұл нағыз – ұстаздың ғана қолынан келеді[14].
Шын мәніне келсек еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық
жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» - деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.
Атап өтсек, «Кәсіби шебер мұғалімнің» бойында болатын қасиеттерді былай түсіндіруге болады:

  • сергектік, байқағыштық;

  • сезімталдық;

  • сенім;

  • әділдік;

  • ұстамдылық;

  • ілтипаттылық.

Білім беру жүйесін дамытуда, білікті маман даярлауда жетекші рөлді оқытушы атқаратыны мәлім. Мұғалімнің кәсіби дайындығы, білімі мен біліктері, оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады. Шығармашылық біліктер төмендегідей мүмкіндіктерді қамтиды:

  • мұғалімнің өз бетімен педагогикалық міндеттерді шеше білуі;

  • өзінің кәсіби қабілеттерін дамыта алуы;

  • оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруда оқытудың әдістерін кеңінен пайдалануы.

Мұғалім білім берудегі жаңа құндылықтарға бағдарланады, жаңа мектептің тұжырымдамасын біледі, оқыту мен тәрбие берудің балама жүйелерінен хабардар, білім беру мазмұнын түзуге жаңа қатынастарды баяндап бере алады.

  • Дамыта оқытудың психо-педагогикалық негізін меңгерген;

  • Оқыту дифференциациялау және интеграциялаудың мәні, ұстанымдарын және концептуалды амалдарын біледі;

  • Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы жайлы білімі бар;

  • Ұжымның, оқушылардың түрлі жас ерекшелік кезеңдеріне сай заңдылықтар психологиясын, оларды диагностикалау әдістемесін , педагогикалық өзара іс-қимыл жасаудың әдістері мен формаларын, өзіне-өзі талдау жасаудың принциптерінен хабардар[9].

Педагогикалық іс – өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді.
Мұғалім оқушының білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, пәнге қызығуы қалыптаспайды. Ол үшін мұғалім оқушымен дұрыс қарым-қатынаста болуы керек. Оқушы өзі ізденіп, жаңа тақырыпты оқып, түсініп пәнге байланысты қосымша әдебиеттермен жұмыс жасап, достарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда мұғалім нәтижеге қол жеткізеді. Оқуға шығармашылық қатынасы:
Мұғалім жаңа бағдарлама құрады, оған ғылыми-педагогикалық негіздеме жасап, эксперименттік сынақтан өткізеді;
Берілген бағдарламаның базалық ғылымның қазіргі мазмұнына сәйкестігін, оның актуалдылығын, қолданыстағы бағдарламамен салыстырғанда жаңашылдығын растап бере алуы және басқа педагогтардың практикалық істе қолдана алуын айқындап беруі.
Өз тәжірибесін кәсіби тұрғыда сауатты сипаттап және рәсімдей алады.
Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.
Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін
алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет