ҚОРЫТЫНДЫ
Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді: 1) білім дәрежесі; 2) озық әдістемені меңгеруі; 3) мақсат-бағыттылығы; 4) ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі[1].
Қай заманның тарихын, кезінде қателескен, бұрмалаған тұстарына әділ баға беретін, сөйтіп оның кемшілік тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен.
1. Жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы керек.
2. Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйренумен қатар шебер қолдана білуі тиіс.
3. Білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыларды баулу.
4. Ұстаздың ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамашылық қабілеттермен қатар болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт[10].
Ұстаздың педагогикалық білімінің мәні – қоғамдық құбылыстың бір бөлігі ретінде тәлім-тәрбие ғылымының маңызынан келіп шығады. Ұстаздың
міндеті – осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін
ғана емес, оның қалыптасу барысында бақылап отыру.
Мұғалім – өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде. Мұғалімдік жоғары деңгейге сәйкес болу үшін өзін педагогтық мамандығына арнаған әрбір адам өмірге және кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке қажетті жаңа мінез бітістерін қалыптастырып, мінез-құлығындағы кемшіліктерден арылып өзін-өзі жетілдіруге тырысу керек.
Өзінің кәсіби потенциалын ауқаттандыруда және әрдайым жаңаруда қоғамның талабына сай жас ұрпақты жаңа деңгейде оқыту қажет. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы зор. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын[11].
Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу – мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі.
Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары бойынша анықталады. Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |