Некеден кейін әйел бақыты


Еркекті емес, өзіңізді ойлаңыз!



Pdf көрінісі
бет13/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   135
Некеден кейін

 
Еркекті емес, өзіңізді ойлаңыз! 
Нәзіктікті жоятын амал. 
Аллаһ Тағала әйелді еркектен ерекше етіп жаратты. 
Әйелге ғана тән қасиет еркекте жоқ, ал еркекке ғана тән 
қасиет әйелде жоқ. Тіпті кейбір сөздерді де дауыстап 
айтсақ, біз ойша сол сөздерді еркекпен немесе әйелмен 
ассоцияциялаймыз. Мысалы, «жылы, жұмсақ, икемді, 
жібек, нәзік» деген сөздерді еркекпен байланыстыра 
алмаймыз. Бұл сөздер себебі әйелдің табиғатын 
сипаттайды. «Мықты, қатты, басқарушы, бастық, 
бастаушы», 
«бас» 
сөзінің 
түбірі 
тек 
еркекпен 
байланысады. Неге? Себебі Аллаһ бізді жаратқанда солай 
рөлдерімізді бөлген. 
Әйел бұл өмірге келгеннен бастап «нәзіктік, 
жұмсақтық» сипаттарын бойына табиғатымен алып 
келген, уақыт өте келе әйел тәрбиесі арқылы, күнде көрген, 
естіген картиналар арқылы және өз өзіне айтатын сөздері 
арқылы сол табиғи нәзіктігін жоғалта бастайды. 
Әйелдің нәзіктігін жоятын не нәрсе? Ол еркектің 
сипаттарын бойына алу. Еркектің айтатын сөздерін айту
істерін істеу. Әйел табиғатынан нәзік жаратылыс, бірақ 
түпкі энергетикасы әйелдік болса да, ол ұзақ мерзімді 
еркектің әрекеттерін жасап, сөздерін айту арқылы өзінің 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
34 
санасын, табиғатын өзгерте бастайды. Яғни еркектің 
әрекетін жасау, әйелдің санасына тікелей әсерін беріп, оны 
өзгертеді деген сөз. 
Сіздерге бір қызық дүние айтайын, адамның миы 
ешқашан сұрақты жауапсыз қалдырмайды, ал бұның 
нәзіктікке қатысы қандай дейсіз ғой? Әйелдің ойында 
еркек жайлы сұрақтар көп болса, мысалы, «неге еркек 
көмектеспейді, неге еркек балаға қарамайды, неге еркек өзі 
ойлап таппайды, неге еркек» деген ойлары көп болса, яғни 
әйелдің фокусы өзіне қарағанда ер адамдарға көп болса
онда әйелдің миы бұл сұрақтарға дұрыс жауабын іздей 
бастайды, жауабын табу үшін еркектің сипаттарын өзіне 
ала бастайды екен. Әйелдің миы «Еркекті түсіну үшін 
еркек сияқты болу керек» деген принципті ұстана 
бастайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет